Тракторлардың түрленуі
Казахстан, Северо-Казахстанская область, Тимирязевский район, с. Тимирязево
КГУ «Тимирязевский агротехнический колледж»
Преподаватель казахского языка и литературы
Негмеджанова Салтанат Дулатовна
Cабақтың грамматикалық тақырыбы:Пысықтауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Бұрынғы алған білімдерін еске түсіре отырып, «Тракторлар модификациясы» туралы білім беру.
Дамытушылық. Сөздік қорын, тілдік жүйесін, дүниетанымын кеңейту, дамыту.
Тәрбиелік. Жауапкершілікке, адамгершілікке, ізгілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Мазмұнға байланысты: Тракторлардың түрленуімен танысады, техникаға байланысты сауаты ашылады. СТО ойлауды дамытуға байланысты: Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді. Алған білімдерін өмірде қолдана алатын болады. Ұжыммен, топпен, жұппен жұмысқа байланысты: Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке үйренеді, өз білімдерінен қорытынды жасай алады, толлеранттыққа бейімделеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері:АКТ қолдану, СТО стратегиялары; Блум таксаномиясы, «Ирек» стратегиясы, бес жолды өлең, топтастыру, жұптастыру, тест
Көрнекіліктері: слайдтар, түсті маркерлерлер, бағалау парағы, А4 форматтар, карточкалар, тракторлардың суреттері, тест парағы
Сабақтың барысы: 1.Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
• Алдымен бүкіл сынып, содан кейін әр топ қол ұстасып, бір – біріне іштей жақсы тілек тілейді.
• Сабақтың мақсаты, міндеті баяндау.
• Әр топтың бағалаушысын сайлау.
2.Қызығушылығын ояту кезеңі:
• Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар
1. Атқаратын жұмыс түріне қарай тракторлар үшке бөліне ме?
- Толықтауыш сөйлем мүшесі ме?
- Жүргізгіш мүшелерінің түріне қарай дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар бола ма?
- Жалпы жұмысқа арналған тракторлар ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыс атқара ма?
5.Универсалды – қатараралық трактордың қызметі жайлы айтып беріңіз.
- 6. Арнаулы тракторлар қандай жұмыс атқарады?
- Толықтауыш дегеніміз не?
8. Толықтауыштар құрамына қарай нешеге бөлінеді?
9. Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
10.Толықтауышқа мысал келтіріңдер.
3.Мағынаны тану кезеңі:
• Сабақтың тақырыбын бір оқушыға оқыту.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. – Тракторлардың түрленуі дегеніміз не? – Ендеше тракторлардың бастапқы кездегі маркасы өзгертіліп, жаңадан қосымша қызметтері қосылып жатса, бұл оның түрленуі болып саналады.Ол туралы сендер мына мәтіннен білесіңдер. Яғни, қазір сендер мәтінді оқуда «Ирек» стратегиясын қолданамыз.
(Студенттердің танып білу қызметін арттыру үшін қолданамын.Алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастаймын. Бүкіл студенттерді топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін беремін. Әр топ аудиториядағы студенттерге, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Әр топтың бағалаушысы түсіндірілген мәтін мазмұнына баға береді. Мұндағы басты мақсат – әр студент осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
Тракторлардың түрленуі
Класы 6 кН тракторларының негізгі базалық маркасының бәрі Т- 25 А Владимировск трактор заводыннан 1973 жылдан бері шығарылады. Бұл универсалды- қатараралық трактор және жеміс өсіруге, шөп жинауға , мал фермалары мен транспорт жұмыстарын атқаруға арналған (двигателі ауамен салқындатылады). Металдан жасалған кабинамен гидрофикацияланған тірегіш ілгекпен, дифференциалды біріктіретін механизммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын өзгерткіш) механизм қойылған. Жұмыс түріне қарай трактордың екі доңғалағы арасындағы ара қашықтығын, жолдық саңылауын және базасын өзгертетін қондырғы бар.
Осы кластағы трактордың мынадай түрленгендері шығарылады. Маркасы Т- 16 М өздігінен жүретін шассилі. Т- 16 ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған. Т- 25 МГ – тауда жүретін шассилі. Класы 3 кН тракторларының негізгі базалық моделі Т- 40 М, Липецк трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өсіру мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және транспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т- 25 А тракторының двгатетеліндей.Трактордың руліне гидравликалық күшейткіш қойылған және гидрофикацияланған тіркеу ілгегімен жабдықталған.
Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әр түрлі тиегіштермен жұмыс істей алады. 14 кН класты тракторлардың екі түрлі базалық моделі бар. Біріншісі- МТЗ- 80, 1974 жылдан бері Минск трактор заводынан шығады. Бұл трактор бұрын шығарылған МТЗ – 50 тракторының өте жақсартылған моделі. Көптеген эксплутациялық көрсеткіштері жөнінен МТЗ – 80 тракторы шетелдердің ең таңдаулы тракторларымен сәйкес келеді. Оның бір өзі 20 түрлі машинамен жұмыс істей алатындығының өзі – ақ трактордың артықшылығын дәлелдейді.
- Дәптермен жұмыс. Сөздік.
Ілгек – петля, зацепка
Шұнқыр – яма
Тиегіш машина – загрузочная, погрузочная машина
Үйкеліс – трение
Күріш өсіру – выращивать рис
Салқындату- охлождать
Өтімділік – ликвидность, окупаемость
Өтімді – влиятельный, ходовой
Жеміс өсіру – выращивать фрукт
Бүгінгі сабақтың грамматикалық тақырыбы пысықтауыш.
• «Миға шабуыл» стратегиясын қолданамын.Ұжымдық талқылау арқылы пысықтауыш туралы бұған дейін жинақталған білімдерін ортаға саламыз.
Интерактивті тақтада түсті маркермен пысықтауыш туралы білімдерін толықтырып жазады.
- Жұппен жұмыс.
Берілген тапсырманы жұп болып орындайды.Қай жұп бірінші аяқтаса, сол жұп өз жұмыстарын қорғайды.
Мақал-мәтелдерден пысықтауыштарды табыңыз, мәнін түсіндіріңіз, орыс тіліне аударыңыз.
1.Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес. 2. Еңбек етсең – емерсің, ерінбесең – жеңерсің. 3. Еңбек қылмай ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас. 4. Жылай – жылай арық қазсаң, күле – күле су ішерсің.
- Ұжымдық жұмыс.
Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, мағынасын есте сақтаңыздар.
Ауысым сайын техникалық қызмет көресету.
Моторды пайдалану жөніндегі нұсқау бойынша ауа тазартқыштарға техникалық қызмет көрсетіледі. Аккумулятор батареясын тексеріп, қажет болса аккумулятордың үстін, клемманы, сымдардың ұшын, тығындағы желедеткіш саңылауларын тазартып, тазартылған сумен толықтырады. Отын сүзгісіндегі ірі қалдықтарды, артқы белдік тежеуіштерінің қуыстарындағы және бұраушы моментінің үлкейткішіндегі жиналған майды, ауа баллонындағы конденсатты төгеді. Аккумулятор батареялары сымдарының ұшы мен клеммаларды майлайды. Майлау кестесі мен картасына сәйкес автомобильдің кұрама бөлшектеріндегі май деңгейін тексеріп қажет болса, белгіленген дәрежеге дейін толықтырады. Автомобильдің құрама бөлшектерін майлау кестесі мен картасына сәйкес майлайды.
4.Ой толғаныс – Рефлексия.
«Бес жолды өлең» немесе «Синквейн» стратегиясы
1.Трактор
2.Күшті, алып
3.Жыртады, өңдейді, қазады
4. Трактордың ауыл шаруашылыққа тигізер пайдасы зор.
5. Көлік
– Студенттер, бақылау тестке жауап беріңіздер.
1.Трактордың руліне гидравликалық не қойылған?
А. күшейткіш
В. қозғалтқыш
С. бөлшек
Д. ілгек
Е. өзгерткіш
- « Трение» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
А. үлесім
В. үйлесім
С. үйкеліс
Д. үрдіс
Е. үлестіргіш
- Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « Аккумулятор деп энергияны … құралды айтады»
А. сақтайтын
В. жинақтайтын
С. қозғайтын
Д. қозғамайтын
Е. сақтайтын
- Мақалды жалғастырыңыз. «Еңбек қылмай ер оңбас, …………»
А. бірлік қылмай ел оңбас
В. бірлік қылмай жер оңбас
С. бірлік қылмай жел оңбас
Д. бірлік қылмай адам оңбас
Е. бірлік қылмай кісі оңбас
- Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының…. құйылады »
А. суы
В. уы
С. қоспасы
Д. қосындысы
Е. ерітіндісі
- Пысықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер.
А. кімнің? ненің?
В. кімде? неде?
С. қандай?
Д. қалай? қайтіп?
Е. кімнен? неден?
- Мезгіл пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А. Әдейі келді
В. Қалаға келді
С Ауылға келді
Д. Даладан келді
Е. Бүгін келді
- Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А. Әдейі айтып отыр
В. Әңгіме айтып отыр
С Ертегі айтып отыр
Д. Әкесі айтып отыр
Е. Әжесі айтып отыр
- Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Бұл бұрын шығарылған МТЗ -50 тракторының өте …. түрі. »
А. нашар
В. әлсіз
С жақсартылған
Д. күшейтілген
Е. үлкейтілген
- 14 кН тракторлары қай қаладағы трактор зауытынан шығады?
А. Владимир қаласындағы
В. Минск қаласындағы
С Липецк қаласындағы
Д. Орынбор қаласындағы
Е. Тула қаласындағы
Тест жұмысының жауаптары тексеріледі, бағаланады.
Үй жұмысы
«Трактордың ауылшаруашылыққа тигізер пайдасы туралы» эссе жазу.