Туған жерімнің табиғаты. Нәтиже сабақ
Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Зыряновский район, г. Зыряновск
КГУ «Средняя школа №11»
Учитель казахского языка и литературы
Шарыпова Гульнара Женискановна
Жалпы мақсаты: | Тақырып бойынша білімдерін жинақтап толықтырады, бекітеді.есімдіктің түрлерін пысықтайды, ажыратады, практикалық жолдармен қолдануын нығайтады.Сөйлеу,ойлау,оқу,тыңдау,аудару,ұғу қабілеттерін дамытады. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, табиғат,Отан сүйгіштікке тәрбиеленеді. | ||
Оқу нәтижелері: | Туған жерінің табиғаты туралы біледі, әңгімелейді. Есімдікті біліп қолданады. | ||
Түйінді идеялар: | Білім алу мақсатында оқушылар бірлесіп жұмыс істеу керек.Сабақта бірлесіп жұмыс істеу, белсене қатысу мен талқылау нәтижені жақсартуға көмектеседі. | ||
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер | Таныстырылымдар,мәтіндер,тарату материалдар түрлі түсті қағаздар, бағалау парағы, флипчарт, қарындаштар. | ||
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер: | |||
Психологиялық ахуал: 1 мин | «Көтеріңкі көңіл-күй»
Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Нұсқаулық: оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап, тілек айтады. |
Оқушылар шенберге тұрып бір – біріне тілек айтады | |
Топқа бөлу: 1 мин |
Топқа бөлу: «атауларды реттеу» әдісі арқылы бөлу.
Мақсаты: топта өзара әрекеттестікте жұмыс істеу арқылы кедергілерді жою. Нәтижесі: бірін – бірі сыйлау, құрметтеуге дағдыланады |
Таратылған карточка бойынша «ағаш» атаулары (қайың,шырша,терек,қарағай) бір топқа жиналады, ал «өзен» атаулары ( Ертіс,Бұқтырма,Хамир,Үлбі) екінші топқа жиналады. | |
«Ой қозғау»
Тіл жаттықтыру 3мин |
1. Тапсырма: «Табиғат қорғау» тақырыбына диалог арқылы сөйлеседі
Мақсаты: Диалогпен таныса отырып,сабақтың тақырыбы мен мазмұны туралы мәлімет алады, жеке, жұп, топ болып жұмыс істеуді үйренеді. |
· Эпиграф:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
· Қанатты сөздер:Жер – қазына, · Су- алтын, Мал-байлық. · Туған жер табиғаты- халқымыздың ұлттық мақтанышы. · Табиғат- тіршілік көзі. |
|
Сабақтың тақырыбын, мақсатын жариалау. Топ жұмысының ережесін еске түсіру, бағалау тәсілдерін білу
2 мин |
|||
Негізгі бөлім | |||
«Синквейн» әдісі
2 мин |
І топ «ағаш» сөзімен
ІІ топ «өзен» сөзімен синквейн құрастырады |
Тақырыпқа грамматикалық білімдерін қолдана отырып, терең енеді. | |
Мәтінмен жұмыс
Тыңдалым 1мин |
Оқылған мәтінді мұхият тыңдап ұғады. Ұсынылған тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. | Сөйлемдерді толықтыр:
1.Менің туған жерім қандай …, …! 2.Айнала биік …, жасыл …, әдемі аққан … … . 3.Мен үшін сенің әрбір …, әрбір …, әрбір … ыстық әрі қымбат. 4.Мен сенің гүлдеген …, жасыл …, сары алтын …, ақ мамық … сүйемін. 5.Мен туған жердің … көркейтуге көмектесемін. |
|
Сергіту сәті: 2 мин. С.Мауленов монолог «Туған жерімді сүйемін» жатқа оқу | |||
Мәтінмен жұмыс
Оқылым 5 мин |
І топ «Арал теңізі» мәтінін оқып аударады, 5 сұрақ құрастырады.
ІІ топ «Туған жерімнің табиғаты» мәтінін оқып аударады, 5 сұрақ құрастырады. Әр топ сұрақтарды бір-біріне қояды,жауап береді. |
Бірлесе жұмыс істеуге, дұрыс ұғуға дағдыланады. | |
Сергіту сәті:3 мин | «Мақал-мәтелдер қоржыны» Әр топ қоржыннан конверт алып ұсынылған мақал-мәтелдерді құрастырады.
1.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 2.Ағаштың тамыры – өскен жерінде, Адамның жаны- туған елінде. 3.Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті. 4.Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. |
||
Есімдіктермен жұмыс Жазылым 5 мин |
Берілген сөйлемдерден Есімдіктерді тауып, түрін анықтайды.
1.Біз өзіміз әрқашан табиғатты қорғауымыз керек. 2.Барлық адам қажеттінің бәрін осы жерден алады. 3.Біз қайда болсақ та, туған жерімізді ешқашан ұмытпаймыз. |
Есімдіктерді қайталап, түрлерін пысықтайды. Қолдануға дағдыланады. | |
Есімдікті бекіту
Постер жасау 5 мин |
І топ Жалпылау есімдігі
ІІ топ Өздік есімдігі |
2. Постер қорғау арқылы топтар алған білімін ортаға салып бөліседі. | |
Қосымша толықтыру мәліметі
3мин |
3 оқушы алдын-ала берілген тапсырма бойынша туған жердің табиғи байлығы туралы әңгімелейді
1. «Зырян ауданының табиғаты» 2. «Марқакөл қорығы» 3. «Катонқарағай ұлттық табиғи саябағы» |
||
Сөзжұмбақ шешу 2мин | Баға жетпес байлығымыз не?
Сұрағына жауап табу үшін сөзжұмбақты шешу қажет. |
||
Бағалау
2 мин |
Ұпайлары және бағалау парағы арқылы қалыптастыру, сумативті бағалау өткізу | ||
Кері байланыс
2мин |
«Бағалау ағашы» арқылы түсті стикермен әр оқушы сабаққа өз бағасын береді. Жазыл жапырақ – ұнады, ұғынықты
Сары – жақсы, ұғынықсыз жерлер болды Қызыл – ұнаған жоқ, ұғынықсыз |
||
Үй жұмысы
1мин |
1.«Туған жерімнің табиғаты» эссе жазу
2. «Табиғат» сөзін септе, 5 сөйлем құрастыр |
||
Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/-7TzMzhs3K8f85