Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Урок казахского языка на тему: “Көктем”

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,Бородулихинский район,с.Успенка 
КГУ “Успенская ОСШ” 
Учитель казахского языка и литературы
Хасенова Лаура Есенкелдіқызы
 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оушыларды көктем тақырыбымен таныстыру. Әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.

2.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, теориялық материал бойынша, белгілерді айқындау.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ – жауап, жұптық жұмыс,топтық жұмыс, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайдтар, видио – ролик.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:1) А)Келген қонақтармен сәлемдесу.

Ә)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Психологиялық дайындық.

Қане балалар бүгінгі ашық сабағымыз сәтті өту үшін, шеңбер құрып бір-бірімізге сәттілік тілеп мына өлеңді оқиық. (Слайд)

Құтты болсын бәріне

Бүгінгі ашық сабақ – мереке!

Қазақстан жерінде

Болсын бірлік береке!

3) Енді балалар топқа бөлінеміз.

Мына қазақ үйдің ішінде қызғалдақ, раушан гүлдері бар. Соларды бір-бірден аласыңдар.Қызғалдақ алғандарың бірінші топ  мына жерге отырасыңдар, раушан гүлін алғандарың екінші топ  мына жерге отырасыңдар. Ал мынау балалар бағалау парағы, осы парақ бойынша өздеріңді бағалайсыңдар. Әр тапсырма сайын баға қойып отырасыңдар. Бағалау үшін топ басшыларын сайлайық:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Слайд)

1.Ал қазір балалар үй тапсырмасын тексереміз. Үйге«Біздің мектеп» тақырыбына шағын  әңгіме жазу керек болғансыңдар.

Әр топтан бір оқушы келіп оқиды.

2.Ал енді балалар тақтаға назар аударамыз. Үй тапсырмасына берілетін қосымша  сұрақтарға жауап береміз:  (Слайд)

1.Мынау не?  Мектеп неше қабатты?

2.Мынау қай жер? Спортзал кай қабатта орналасқан?

3.Мынау не?  Асхана қай қабатта орналасқан?

4.Мынау қай жер? Мұражай қай қабатта орналасқан?

5.Мынау не? Сынып қай қабатта орналасқан?

(Топбасшылары бағалауды ұмытпаңдар).

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Ал қазір балалар жаңа сабақты бастамас бұрын, мына бір видио-роликті тамашалайық:  (видио көреді).

Балалар біз жаңа нені тамашаладық? Қазір қай жыл мезгілі?

Яғни бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

Дұрыс балалар « Көктем» деп аталады.

1.Олай болса балалар көктем айларын кім атайды? (Слайд)

2.Көктемде қандай құбылыстарды байқаймыз?

3.Көктемде қандай мерекелер бар?

(Топ басшылары бағалауды ұмытпайық.)

2.Ал енді балалар оқулығымызды ашып:  Жаңа сөздермен танысайық. (Слайд).

А) Жаңа сөздерді  мұғалім оқиды.

Ә) Әр топтан бір-бір оқушы оқиды.

Мезгіл- время

Ериді – тает

Ағады – течет

Таңертең- утром

Былтыр- в прошлом году

Биыл- в этом году

Кешке- вечером

Күндіз- днем

Шөп- трава

Жазғытұрым – весной

Самал жел- ветерок

Б) Балалар енді мына сөздерді  жаңа сөздермен тіркестірейік.( Мұғалім кеспе қағазды, әр топқа таратып береді. Әр топтан бір оқушы келіп оқиды).

1топ.

Мезгіл           қар                        түскі мезгіл

Ериді             түскі                      қар ериді

Таңертең       келдім                   таңертең ояндым

Биыл              өсті                       биыл келдім

Қаулап            ояндым               қаулап өсті

2топ.

Шөп          өзен                                   шөп  өсті

Ағады        өсті                                   өзен  ағады

Кешке        қарап тұр                         кешке  суиды

Жоғарыдан   суиды                            жоғарыдан  қарап тұр

Тез            кел                                     тез    кел

(Бағалауды ұмытпайық).

3.Ал енді балалар келесі кезекті грамматикаға берейік: біз өткен сабақта үстеулерді өткенбіз, үстеу негізінде тоғыз түрге бөлінеді, бірақ біз үш түрін өттік: үстеудің қандай түрін өттік кім айтады? (Слайд).

Мезгіл үстеу қандай сұраққа жауап береді?           (Қашан?)

Мекен үстеу қандай сұрақтарға  жауап береді?    (Қайда? Қайдан? )

Сын – қимыл (бейнелік) қандай сұраққа жауап береді?  (Қалай?)

4.Келесі тапсырмамыз балалар жазбаша түрде болмақ:  Әр топқа мынадай кеспе қағаз беремін бұндағы сөйлемдердің ішінен үстеулерді тауып дәптерге жазып аласыңдар. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.

(Бағалауды ұмытпайық).

5. Келесі тапсырма «Көктем» тақырыбы бойынша, постер қорғау арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем айлары қалай аталады?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Көктемде қандай құбылыстарды байқаймыз?

Көктемде қандай мерекелер бар?

Әр топ шығып  постерлерін қорғайды.

(Бағалаймыз).

Балалар биыл Қазақстанда атаулы мерекелер өтіп жатыр. Соған байланысты біз қазір сендермен ойын ойнаймыз: мына қазақ үйдің ішінен, бір-бірден асық аласыңдар, ондағы сандарға байланысты мерекелерді атайсыңдар.

Ұлы жеңіске 70 жыл.

Қазақ хандығына 550 жыл толып отыр.

Қазақстан ассамблеясына 20 жыл.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа 170 жыл .

 

Ал енді балалар сабағымызды бағалайық, топ басшыларына сөз берейік. Бағалау парағы бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасы: « Көктем » тақырыбына шағын әңгіме жазып келіңдер.

« Көктем »тақырыбына сурет салып келіңдер.

Скачать

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *