Урок сольфеджио во 2 классе на тему “Интервалдар”
Казахстан,Восточно- Казахстанская область,с.Кокпекты
КГКП” Детская школа искусств”
Зам. директора по воспитательной работе, преподаватель сольфеджио
Таныбаева Шарипа Саруаровна
Пәні: Сольфеджио, 2 сынып ( домбыра сыныбы )
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік:
- Музыкалы мәдениетті, теориялық сауатты болуды игерту
- Музыкалық дыбыстарды ажырату
2.Дамытушылық:
- Өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуіне үйрету
- Музыкалық қабылетін өсіру,іздену мен шығармашылық ойлауға жағдай туғызу
3.Тәрбиелік:
- Оқылған материалдарды қайта жаңғырту әдісімен берік игертіп,оны қолдануды іске асыру
- Өнерге деген талғамын қалыптастыру
Мақсаты:
Әуендік құбылыстар мен түсініктерді тану, жазба әуендерді көзбен оқу арқылы сараптама жасау
- Сольфеджио нәтижесінде шығарманы аспапта сараптап шығару
Сабақтың типі:
Ізденіс сабағы
Сабақтын түрі:
Білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру.
Әдіс- тәсілдер:
Коммуникативті әдіс. Музыканы саралау сұрактарын қою.
Ұжымдық , топтық жұмыс
Дидадактикалық көрнекілік құралдары
- Аудио аппаратуралары( слайд)
- Репродукциялық(көрсетпе) карточкалар, жетондар
- Ноталық материалдар
- Буклет
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Музыкалық сәлем (психологиялық
- Оқушыларды ұжымдық топпен орналастыру, түгендеу.
- Негізгі кезең:
- Сабақ жүесінен хабарлама
II.Үй жұмысын тексеру
- Білім тексеру үшін үлестірмелі карточкалар тарату :
Музыкалық интервал (лат. intervallum – арасы,қашықтық,айырмашылық) – белгілі биіктікте орналасқан екі дыбыстың арасындағы арақатынасы .
Интервалдар әуендік және гармониялық болып екіге бөлінеді
Әуендік бірінен кейін бірінің әуенді, сазды биіктікте орналасуын айтамыз:
Гармониялық интервал деп тігінен жазылған екі дыбыстың бір уақытта үндесуін айтамыз:
Интервалдың астыңғы дыбысын-интервалдың негізі деп, үстіңгі биіктіктегі дыбысын -интервалдың шыңы деп атайды
жоғарлау шыңы төмендеу шыңы
негізі негізі
Жай интервалдар:
Октаваның ішінде құралған интервалдарды жай интервалдар дейміз. Іс жүзінде- сегіз жай интервал бар
Интервалдардың сандық және сапалық қасиеттері:
Барлық музыкалық интервал сандық және сапалық сияқты екі қасиетпен өлшеніп, анықталады
Сандық деп интервалдың қанша дыбыстан құрылғанын көрсететін қасиетін айтады:
Прима – 1, бірінші
Секунда – 2, екінші
Терция – 3, үшінші
Кварта – 4, төртінші
Квинта – 5, бесінші
Секста – 6, алтыншы
Септима – 7, жетінші
Октава – 8, сегізінші
Интервалдар атауы
|
Қысқаша таңбалануы | Дыбыс қатарының аралығы |
Чистая прима-таза прима | Т.1 | 0 тон |
малая секунда-кіші секунда | К.2 | 0.5 тон |
большая секунда-үлкен секунда | Ү.2 | 1 тон |
малая терция-кіші терция | к.3 | 1,5 тон |
большая терция-үлкен терция | .3 | 2 тон |
Чистая кварта- таза кварта | т.4 | 2,5 |
Увеличенная кварта- ұлғайтылғанкварта | Ұ.4 | 3 тон |
Уменьшеная квинта – | Аз.5 | 3 тон |
Чистая квинта – Таза квинта | Т.5 | 3,5 тон |
малая секста-кіші секста | К.6 | 4 тон |
большая секста-үлкен секста | Ү.6 | 4,5 тон |
малая септима-кіші септима | К.7 | 5 тон |
большая септима-үлкен септима | Ү.7 | 5,5 тон |
Чистая октава-таза октава | Ч.8 | 6тон |
- Қорытындылау
Сабақты тиянақтау үшін – сөзжұмбақ арқылы сабақты қорытындылау (№1Сурет -ойынды қолдануға болады; оқушының жауабы бойынша,фишкларды жүргізіп отырады)
1.Екі дыбыстың үндестігі немесе екі дыбыстың аралық қашықтығы?
2.Бір дыбыстың екі рет қайталану аралығы қандай?
- Егер интервал дыбыстарын бөлек алсақ қандай аралық?
4.Қатар тұрған үш дыбыстың аралығы дегеніміз не?
5.Қатар тұрған алты дыбыстың аралығы дегеніміз не?
- Қатар тұрған төрт дыбыстың аралығы дегеніміз не?
- Қатар тұрған бес дыбыстың аралығы дегеніміз не?
- Қатар тұрған екі дыбыстың аралығы дегеніміз не?
- Егер интервал дыбыстарын бір мезгілде алсақ қандай аралық?
V.Бағалау
Үйге тапсырма
+7 776 987 0729
Либо отправьте заявку с сайта