Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Мұқағали Мақатаев «Жырлайды жүрек»

Казахстан, Костанайсккая область, Аулиекольский район, п. Кушумурн

ГУ «Кушмурунская средняя школа №121»

Учитель казахского языка и литературы

Шолкубаева Райжан Муслипакызы

Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.

Білімділік – поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың  қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру;

Дамытушылық – оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік – оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, интерактивті тақта, кітаптар тақырыптық суреттер, көрініс, сызба – кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар орындарына отырмас бұрын түрлі-түсті стикер алып, бөлініп екі топ болып отырады.

І топ                                                                  ІІ топ

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтің артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Жырлайды жүрек» атты ашық сабағымызды Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арнағым келеді

ІІ. Үй жұмысы: «Жазылар естеліктер мен туралы» деп аталады

Оқушылар екі түсті стикерді таңдап алып дайындалады.

І топ                                                 ІІ топ

Мұғалім сөзі: «Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Келесі топ ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңіне сөз беремін

—        Туған жерің?
—        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
—        Туған жылың?
—        1931. Құрдасымын  Шәмілдің.
—        Жынысың кім?
—        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін…
—        Партияда барсын, ба?
—        Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
—        Шыққан тегің?
—        Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
—        Білімің ше?
—        Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
—        Ана тілің?
—        Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
—        Мекен-жәйің?
—        Мекен-жәйім — жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

 (Презентация)

Ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді.

Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы — бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ. Келесі тапсырма «Поэззия минутасы». Әр топ өлең оқиды.

І топ                                                       ІІ топ

«Шыда»                                         «Несіне асығады?!»

  • Шыда, шыда

Шыдай түс, шыда тағы

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің Кұлан иек қула таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады…

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,

Өмір, өмір!

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге

Түсінемін жаныңның ауырғанын,

Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.

Иогтардың тәсілін қабылдағын,

Басқасына бас ұрып, табынбағын.

Шыда, шыда!

Шыдай түс, тағы шыда!

Тау құлатқан тасқынның ағысына,

Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,

Қарысуға болады, алысуға…

2) Күн қайда асығады?!

Нендей күш күннің нұрын жасырады?!

Қызарып соңғы сәуле шашырады.

Күн түйе алмай барады шашын әлі.

Несіне асығады?!

Көкжиекке ымырт кеп асылады,

Түн келіп, дүниені басынады.

Күн неге асығады, асығады?!

О, жарық дүнием-ай!

Қуатым-ай!

Несіне асығасың, тұра тұрмай.

Өмірді басқа арнаға бұратындай.

Түннен қорқам…

Мәңгілік тұратындай.

Тоқташы!

Тоқтай тұршы, қуатым-ай!

Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!

Белгісіз, не күш мені тербетуде?!

Қара жер қашан өткен күнді айналып?!

Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.

Жетпедім ұшығына күнде ойланып,

Жер қайда асығады, күнді айналып?!

Тірлікте қара түннің керегі не,

Кетпей ме онан-дағы күнге айналып

Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.

Әуенмен 2 топ өлең оқиды.
/«Ғашықпын»,  «Лашынға» өлеңдері оқылады/

Бүгін де, кеше де, өткенде

Іздесең қателік көп менде.

Қауғадай басыма барлығы

Сірә да соқпай бір өткен бе…

Іздесен, қателік көп менде,

Сен бірақ түңілме, жек керме!

Лайсаң, жауындар, дауылдар

Болмай ма күн шуақ көктемде.

Өмірде кең, даңғыл жол қайда…

Дауылдар, жауындар болмай ма,

Бас қорғап жататын ондайда

Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?

Лайсаң жауындар, жауыңдар,

Жауыңдар, жауыңдар, жауыңдар.

Лай су шаймайтын арым бар

Дауылдан қорықпас жаным бар!!!

Іздесең қателік көп менде

Бүгін де, кеше де, өткенде,

Сен бірақ түңілме, жек көрме!!! 

  • Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын.

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,

Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?

Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт, бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бүл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып 

ІІІ. Негізгі бөлім

Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. «Ильич» 1964 жыл, «Мавр» 1970 жыл,  ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды.

Олай болса, келесі кезең оның шығармаларына араналады. Дәлірек айтсақ, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына.

Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.

  • Видеоролик
  • Видео. Ән орындалады С.Майғазиев «Аққулардың арманы»
  • Проблемалық сұрақтар:
  1. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

(Ақынның поэмасында негізгі арқау болған тақырып- ананың балаға деген махаббаты)

  1. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?

(Ана аққуды баласы үшін атты, бұл шешім анаға оңай түспеді, ана көп ойланды)

Келесі тапсырма: Поэма кейіпкерлеріне талдау жасау

  • Ана— баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.
  • Бала— сырқаттанып жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.
  • Тәуіп шал— емші. Есінен ауысқан адам, баланың ата-анасына өтірік айтты.
  • Әке— баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.
  • Жылқышы— жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюды тырысты.
  • Аққу— киелі, махаббат символы, пәк, тазалық бейнесі, көл еркесі, жазықсыз құс.

ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Мұқағали кім? (ақын, жазушы, лирик)
  2. Отбасына арналған өлеңдері қандай? («Қызым Майгүлге» , «Ұлыма», «Лашынға»)
  3. Ақын қайда дүниеге келді? (Ақын 1931 жылы, 9 ақпанда, Алматы облысының Қарасаз ауылында дүниеге келді)
  4. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының негізгі идеясы қандай? (Көл еркесі аққуға жасалған қиянаты туралы)
  5. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының негізгі кейіпкері кім? (поэманың негізгі кейіпкері ол- ана)
  6. Ақынның поэмаларын ата? («Аққулар ұйықтағанда», «Ару ана», «Райымбек», т.б.)
  7. V. Рефлексия. Не үйрендім? Не білдім? Не білшім келеді?

Бүгінгі сабақта қандай жұмыс түрлері ұнады, қандай әсер алдыңдар, соны стикерге жазыңдар.

  1. Сабақты бағалау.

Қорытынды сөз:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты сабағымыз аяқталды.

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *