Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарсикий район, с. Журын

Школа им. К. Жубанова
Учитель казахского языка и литературы
Куанжанова Мирамгуль Амановна

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

  БІЛІМДІЛІК:Оқушылардың Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы бойынша

білімдерін кеңейту.Көркем шығарма мазмұнына сүйене отырып,Бақтығұлдың іс-әрекетіне баға беру,кейіпкерлерді жан-жақты талдау,

«Қараш-Қараш оқиғасы»хикаятын қорыту.

ДАМЫТУШЫЛЫҒЫ:Оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып,өзінше ой түюге,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру,көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын арттыру.

 ТӘРБИЕЛІГІ: Бірін-бірі құрметтеуге, пікірлерін тыңдай білуге, адалдыққа,адами қасиеттерге баулу.

 САБАҚТЫҢ ТҮРІ:Аралас

САБАҚТЫҢ ТИПІ:Жинақтау,бекіту

САБАҚТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:Мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап,пікір айту,

сөздікпен жұмыс.

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:Тарих

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ:Интербелсенді тақта,әдеби кітаптар ,сызба кестелер(екі түрлі)

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
  2. ЖАҢА САБАҚ:
  3. Жоспар бойынша хикаяттың мазмұнына шолу жасаймыз.

1.Тектіғұлдың арманы.

2.Бауырдың кегін қуу.

3.Қуғыншылар.

4.Батыр аңғал.

5.Қате жол.

6.Сатқындық.

7.Қуғында.

8.Қайтқан кек.

II.Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсетіледі:

1.Шығарма қандай көңіл күй,қандай психологиялық күйзелістен басталады?

2.Тектіғұл өліміне  не себеп болды?

3.Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

4.Оның алғашқы әректі неліктен сәтсіз аяқталды?

5.Бақтығұл пана іздеген Жарасбай қандай жан?

III.»Тұжырым» кестесі толтырылады.

 

Кейіпкер Не істейді? Мінез ерекшеліктері
Тектіғұл

 

   
Бақтығұл

 

   
Сәлмен

 

   
Жарасбай

 

   

Осы кейіпкерлерді Эйлер шеңбері арқылы топтастырамыз.

Кедей                                                        Бай

Ағайынды                                                 Өзгелердің

Намысқой                                                   қолымен

Бауырмал                                                  от көсейді

Қайратты                                                Әділетсіз

мейірімсіз

  1. Бақтығұл бейнесі.

1.Бақтығұл өзінің қателескенін қалай түсінді?

2.Билер сотында Бақтығұлдың Жарасбай туралы ештеңе айтпауын қалай түсінесіңдер?

3.Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес,Жарасбай болысты өлтірді?

4.Бақтығұлға баға бер.

VI.Жазушының тіл көркемдігін,суреттеу,баяндау шеберлігін мәтіннен мысал ала отырып дәлелдеу.

Табу керек.  Ізденіс әдісі.

1.Жазушының Бақтығұлды суреттеуде қолданған ұқсату,теңеу сөздері мен сөз тіркестерін табу.

2.Жазушы шеберлігін танытатын тұс,автордың табиғат суретін кейіпкердің ішкі дүниесіне сай суреттеуі.

3.Талғар сайының пейзажын мәтіннен тауып оқы.

4.Бақтығұлдың монологтарын мәтіннен тауып оқы.

VII.Сөздікпен жұмыс.

Ұры-затты,нәрсені ұрлаушы адам.

Ұрлық-біреудің затын рұқсатсыз алу.

Кек-біреуге,жауға деген өшпенділік.

Жоқшылық-кедей,жарлы болу.

Зорлық-Қиянат,зәбір көрсету,жала.

Паналау-Сүйеніш ету.

Барымта-жауласқан екі елдің мал-мүлкін бір-бірінен күшпен тартып алуы.

VII.Балалар,біз бүгін қорытындылап отырған М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»төменгі сыныпта өткен қандай шығармаға ұқсас? (Оқушылар жауабынан кейін)

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романына ұқсас.Бұл роман Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлігіне арнал ған.

«Қараш-Қараш оқиғасы»                                   «Қызыл жебе»

Сейіт                                                                        Тұрар

Бақтығұл                                                                  Рысқұл

Жарасбай                                                                 Саймасай

М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» 1927 жылдың желтоқсан айы мен 1928 жылдың қаңтар айларында жазылған.1959 ж.қайта өңделіп басылған.

1961 ж.орыс тіліне аударылған.1968 ж. «Қазақфильм»мен «Қырғызфильм»

киностудиялары бірігіп «Асуда атылған оқ»деп аталатын көркем фильм түсірген.Бұл шығармаға француз жазушысы Андре Стиль жоғары баға берген.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»оқу.

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/rChwItFR3Ep6z2

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *