Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Магжан Жумабаев « Сүйемін»

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район

КГУ Ащигольская средняя школа

Учитель казахского языка  и литературы

Мупти Салтанат

Сабақтың мақсаты:

       1)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.

      2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын, сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.

      3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрметтeй білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен жұмыс, топтастыру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сынып оқушыларын түгендеу.

Үй жұмысын тексеру:

    І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келуге және «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін жаттауға берілген болатын. Мағжан Жұмабаев жайлы біліп келуге берілген.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ.

А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.

І.Жансүгіровтің білім алуы жайлы не білесіңдер?

І.Жансүгіровтің еңбектерін ата»

І.Жансүгіровтің туған жылы мен туған жері

І.Жансүгіровтің өлеңдерін ата!

Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.

М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.

Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.

С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.

Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.

Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.

Поэмалары: «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»

Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»

Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»

Педагогикалық еңбектері: «Педагогика»кітабы, «Сауатты бол» оқулығы

1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)

А) Топтастыру

Б)Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту

Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.

(Анасының, жарының, туған жерін (Сарыарқаны) слайд арқылы көрсету)

 Сөздік жұмысы

Тасбиық:Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері

Алаш:Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы

Кебін:Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім

Жұмақ:О дүниедегі жайлы жер

Өлең құрылысына талдау

Күлдей күңгірт // шашы бар,

Тоқсан бесте // жасы бар,

Көз дегенің – //сұп-сұр көр.

Тасбиық санап // бүгіліп,

Жерге қарап // үңіліп,

Көрше ауыр // күрсінер.

7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас

Дәптермен жұмыс:

Теңеу деген не?

-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.

Метафора деген не?

-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.

Метафора: қыс – ақ кебін, жаз – сары.

Эпитет деген не?

-Эпитет (айқындау) –заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету

Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы

«Сүйемін» атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:

Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен

Бірге жусап, бірге өрген,

Алаш деген елім бар.

Неге екенін білмеймін,

Сол елімді сүйемін.

деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.

Аудармасы: Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап  M. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.

  1. М.Жұмабаевтың өлеңі.
  2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
  3. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
  4. Ақын білім алған қала.
  5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
  6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
  7. Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?

8.Ақынның өлі сахара дегені қай жер?

  1. Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
  2. Ақынның қандай сезімін байқауға болады?
  3. Ақын туған жер қай жер?
  4. Табиғаты қандай?

13.Ақынның өмірі жайлы не білесіңдер?

Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.

Мағжан  Жұмабаев өзінін «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық. Шығармашылықпен жұмыс.

« Мағжан атаға» хат жазады

 «Тәуелсіз ел» өлең шығару.

Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,

—————————жүрегімді,

—————————————,

————————— берерімді.

Ана жайлы, туған жер ,ел жайлы жазған ұлы тұлғалардың өлеңдерін оқу

  1. Сабақты қорытындылау.

Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.

Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.

Ғылым қажет даласына қазақтың,

Елім үшін білім алып гүлдейік.

Мұғалім сөзі:

Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.

 Бағалау.Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма. . «Сүйемін» атты өлеңін жаттап келу

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/UI-V_9LV3JmhWN

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *