Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Мектеп ауласы

Казахстан, Костанайская область, Карабалыкский район, с. Научное

Новостройская средняя школа

Учитель казахского языка и литературы

Аманова Бакыткуль Бакыткереевна

Сабақтың мақсаты:

  1. Тәрбиелік: Оқушылар мұғалімнің айтқан сөзін мұқият дұрыс түсіне тыңдай алып, тәжірибе барысында сауатты жауап беруіне баулу.
  2. Білімділік: Оқушы тазалық пен саулық тек білімнің арқасында келетініне көз жеткізе отырып үйрету.
  3. Дамытушылық: Оқушыларымның санасына ойын арқылы сабақтың қызықты өтуі сөз бен тілге байланысты екенін, сонымен қатар оқушыларымның сөздік қоры мен тіл байлығы мол, ой өрісі кең, ұшқыр , белсенділігін аттыра отырып дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, интербелсенді тақта, карточка, мақал-мәтелдер

Сабақтың әдіс- тәсілі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, тұжырымдамалық карта арқылы суреттеу, әңгімелеу, мәтінді жан-жақты амал-тәсілдермен түрлендіру, карточкамен жұмыс, өзін-өзі бағалау парағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)

А) Амандасу

— Сәлеметсіздер ме?

— отырыңыздар.

— бүгін сабақта кім кезекші?

— бүгін нешесі?

— бүгін наурыздың он екісі

— бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай?

— тамаша!

— әдемі!

— жақсы!

— өте жақсы балалар!

В) Түгендеу

— бүгін сабақта кім жоқ?

— бүгін сабақта ….

— немесе бүгін сабақта бәрі түгел.

ІІ. Жаңа сабақ: ( 2 минут.)

  • Балалар, біз таңертең тұралысымен қайда келеміз?
  • Әрине, дұрыс айтасың, мектептке келеміз.
  • Біздің мектеп қандай?
  • Үлкен, әдемі, көрікті, қызықты.
  • Өте жақсы жауап бердіңдер балалар!
  • Ал осы біздің мектеп сіздерге не береді?
  • Әрине, білім береді?
  • Ал, балалар интербелсенді тақтаға көңіл бөлейік.
  • Сендер не көріп тұрсыңдар?
  • Бұл көрініс мектептің іші ме, әлде сырты ма?
  • Бұл мектептің сырты.
  • Мектептің сыртынан нені көріп тұрсыздар?
  • Әрине, ағаштарды көріп тұрсыңдар.
  • Мектептің сырты қандай?
  • Үлкен.
  • Балалар бүгінгі сіздердің тақырыптарыңыз «Мектеп ауласы»
  • Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып алыңыздар.
  • Ал, «білім» мен «мектеп» жайында сендер қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
  • Дұрыс, жарайсыңдар!!!
  • Балалар бүгін мен сіздерге «мектеп» пен «білім» жайында жасырын мақал-мәтел көрінісін дайындап келіп отырмын.
  • Бәріміз мұқият интербелсенді тақтадан презентацияға көңіл бөлейік. (1 минут)

(Топ ішінен кімде –кім жасырын жұмбақты шешсе, сол командаға «кеме» және «мектеп» аттары беріледі)

  • ал, енді бірінші топ «Кеме» тобы болады.
  • ал, екінші топ «Мектеп» тобы болды.
  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жарыс түрінде өтпек сонықтан екі командаға сәттілік тілеймін!!!

Топ ережесін бұзбауын ескертіп отыру: «Топ ережесі сақтап отыру»

С) Фонетикалық жаттығу ( Сын есім шырайларынан) (1 минут)

— ал балалар, сабағымызды бастамас бұрын бәріміз дауыстап тілімізді жаттықтыру үшін күнделікті фонетикалық жаттығуымызды жүргізейік.

Үлкен, ұзын, сұлу, әдемі

Үлкендеу , ұзындау, сұлулау

Сұп-сұлу, ұп-ұзын, әп-әдемі

Өте сұлу, ең ұзын, тым әдемі.

  • Ал, енді сабағымызды бастамас бұрын жаңа сөздермен танысып, дауыстап қайталайық.
  1. жаңа сөздермен танысу; (3 минут)

Айналасы- вокруг

Жағалай-вдоль

Ауласы-двор

Қарағай- сосна

Шырша-ель

Қайың-берёза

Бау-сад

Бақша-огород

Көкөніс-овощи

Дән-семена

Терек- тополь

  1. есте сақтау;
  2. сөз тіркесін құрау;
  3. сөйлем құрау. ( 1 минут)

ІІ.І. Мәтінмен жұмыс (4 минут.)

Мектеп ауласы.

Новостройка орта мектебі үлкен және биік. Жағалай қоршалған. Айналасында шырша, қарағай, қайың, терек ағаштары бар. Мектептің айналасы ұқыпты, таза. Тазалықты мектеп оқушылары сақтайды. Жазда мектептің айналасы түрлі гүлдермен толы. Және де, үлкен бау-бақша бар. Көктемде оқушылар бау-бақшаға көкөніс дәндерін егеді. Жаз бойы суарып, күтеді. Оқушылар күз мезгіліндемол көкөністерді жинап алады.

1) Мәнерлеп оқу;

  • аудару;
  • екі топ бір-біріне сұрақ қою. (1 минут)

ІІІ. Өткенді қайталау: Сын есім 2 топқа эксперемент жүргізу. (қант, қалың кітап, түрлі түсті қағаздар, мөлшерлі ыдыс-аяққа су құю) (2 минут)

1) Сын есімнің шырайлары неше түрге бөлінеді? (2 минут)

Жай шырайға мысалы келтірші: Әдемі, үлкен, сұлу

  1. Салыстырмалы шырайға: әдемілеу, үлкендеу, сұлулау
  2. Күшейтпелі шырай: әп-әдемі, үп-үлкен, сұп-сұлу
  3. Асырмалы шырай: нағыз сұлу, өте үлкен, тым әдемі

2) Мәтіннен сын есімді тауып алып, сын есім шырайына түрлендіру. ( 5 минут)

IV. Сергіту сәті : ( интербелсенді тақтадан) (1минут)

  1. Тұжырымдамалық картамен жұмыс (15 минут)

(Суреттеу, әңгімелеу)

(Деңгейі төмен оқушыларға қарточкамен жұмыс)

Мектеп ауласы Дұрыс + Бұрыс —
1 Біздің мектеп үлкен және биік
2 Жағалай қоршалмаған
3 Айналасында жағалай ағаштар өсіп тұр.
4 Жазда біздің мектеп гүлдермен толы
5 Бізде үлкен бау-бақша бар
6 Мектептің айналасы таза, ұқыпты
7 Тазалықты мектеп оқушылдары сақтайды

  1. Бекіту.

(Оқушылардан мәтінді жинап аламын) (1 минут)

  1. Біздің мектеп қандай?
  2. Қалай қоршалған?
  3. Айналасында нелер бар?
  4. Мектептің айналасы қандай?
  5. Тазалықты кімдер сақтайды?
  6. Қандай бау-бақша не бар?
  7. Қай мезгілде не жинаймыз?

VI.1 Қорытынды (1 минут)

ағаштар

Күз мезгілінде Бау-бақша

ұқыпты, таза Үлкен және биік

Тазалықты

Мектеп ауласы қоршалған

  1. Үйге: 1) Мектеп ауласы әңгімелеп келу; (1 минут)

2) Жаңа сөздерді жаттау.

  1. Бағалау. ( 1 минут)

Поделиться ссылкой:


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *