Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Мектепте. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Казахстан,  Павлодарская область, г. Экибастуз
КГУ «Средняя общеобразовательная школа №10»
Учитель казахского языка и литературы
Омарова Ботакөз Бапышевна

Оқу мақсаты Ж4. Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау;

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтіннен Қожаның іс –әркетін көрсететін ақпаратты жинақтап, постер жасайды. Сұрақтарға жауап береді, шағын диалогке түседі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Постер құруда мәліметтерді және сұрақтарды түсініп, дұрыс қолданады, лайықты жауап береді, өз ойларын білдіре отырып, шағын диалогке түседі.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәліметтерді жинақтап, орынды қолдана отырып, постер жасайды, тақырып бойынша өз ойларын бейнелі сөздермен жеткізу арқылы диалогке түседі.
Бағалау критерийі -Мәліметтерді жинақтайды, постер жасайды.

-Берілген сұрақтарды түсінеді, лайықты жауап береді.

-Шағын диалогке түседі.

— Өз ойларын білдіреді.

Ойлау деңгейі білу, түсіну, қолдану, жинақтау
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
тақырып бойынша постер жасайды, шағын диалогке түседі.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
қоңырау, бақа, сүңгіту, сылқ етіп, құп–қу болып, мән–жайы.
Диалог құруға арналған пайдалы сөздер мен тіркестер:
тысқа шығып кетті, кішкентай бақаның, сөмкесіне сүңгіттім, қарасұр бақа, секемшіл мұғалімнің қолының, шаңқ еткен дауысы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
—          Қожаның Майқанованың сәмкесіне бақаның салу себебі неде?

—          Қожаның орнында осындай оқиға жайында сіз не істейтін едіңіз?

—          Бұзақылық әрекет жасауға бола ма? Мәтін бойынша қандай өздеріңе қорытынды жасадыңыз?

—          Сіздің ойыңызша, Қожаның мұндай қылықтары дұрыс па, бұрыс беріңіз.па; жақтайсыз ба, қарсысыз ба» -өз ойыңызды айтып беріңіз.

Құндылықтарға баулу Қожа бейнесі арқылы  оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс өзін — өзі тану

 

Алдыңғы білім Мәліметтерді жинақтайды, постер жасайды, сұрақтарға жауап береді, диалогке түседі.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы:

(5 минут)

Білу

 

Психологиялық ахуал:

«Жүректен –жүрекке» шеңбері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну

(5 минут)

 

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Топқа бөлу: Оқушылар  таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

1. «Менің атым Қожа» фильмнің үзіндісін көрсету (3 минут)

Сұрақтарға жауап беру:

-Балалар,  фильмнің үзіндісінде кімді көріп тұрсыңдар?

— Бұл фильм туралы не білесіңдер?
-Кейіпкерлер туралы әңгімелеңдер.
-Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіздер?
 БҚ: «Stop –кадр» әдісі арқылы бағалау(кадрды тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогке тарту)

 

2. Мәтінмен жұмыс: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» —үзінді: Мұғалім оқиды. Оқушылар көз жүгіртіп оқып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Ортасы:

 

 

Қолдану

(10 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

(15 минут)

 

 3.«Қарым –қатынас аймағы» тәсілі арқылы мәтіннен Қожаның іс-әрекетін көрсететін негізгі ақпаратты теріп  алады да «Постер» жасайды (жеке, жұппен, топпен жұмыс). Мәтінге ат қояды.

Қожа

 
   

 

                                          

ЕҚО — өздері тасқырыпты өрбітіп жасай алады.

ЕҚБО — алдына тірек сөз тіркестері, мәтін беріледі: тысқа шығып кетті, кішкентай бақаның, сөмкесіне сүңгіттім, қарасұр бақа, секемшіл мұғалімнің қолының, шаңқ еткен дауысы.

Бағалау критерийі Дескриптор
Мәліметтерді анықтайды, постер жасайды.  Қожаның 6  іс-әрекетін теріп, «Постер» әзірлейді.

 

ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек.

 

4. «Автор орындығы» тәсілі: Әр топқа екі сұрақтан беріледі.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап берген соң, өз жауабын жұппен алмасып содан кейін  топта диалогке түседі. Топтан ең үздік жұмыс анықталып «Автор орындығында» оқиды

(І–топ:1,6 сұрақ); (ІІ- топ:2,5 сұрақ); (ІІІ- топ: 3,4 сұрақ)

Сұрақтар:

1.  Класқа кім кірді?

2.  Үзіндінің мазмұның өз сөзіңмен қалай айтып бересіз?

3.      Қожаның орнында осындай оқиға жайында сіз не істейтін едіңіз?

4.      Қожаның Майқанованың сөмкесіне бақаның салу себебі неде?

5.      Бұзақылық әрекет жасауға бола ма? Мәтін бойынша қандай өздеріңе қорытынды жасадыңыз?

6.      «Сіздің ойыңызша, Қожаның мұндай қылықтары дұрыс па, бұрыс па; жақтайсыз ба, қарсысыз ба» -өз ойыңызды айтып беріңіз.

 

ЕҚБО — жауаптың үлгілері, жеке карточкалар, суреттер беріледі.

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Берілген сұрақтарды түсінеді, лайықты жауап береді, шағын диалогке түседі. Өз ойларын білдіреді. 6 сұраққа жауап бере отырып, шағын диалогке түседі.

 

ҚБ: «Ойлан- жұптас –бөліс» әдісі арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы:

 

Рефлексия

(10 минут)

5. Синквейн әдісі:

1. Қожа

2. 2 сын есім

3. 3 етістік

4. сөйлем

5. синоним

ЕҚБО — Синквейн әдісінің үлгісі беріледі.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

 

 

 

 

Саралау (қолдау) Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Ерекше қабілетті оқушылар постер жасауда, және диалогке түсуде өздері тақырыпты өрбітіп жасай алады.

Ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша сөздер мен сөз тіркестерін, жеке карочкалар, суреттер, мәтін  беру арқылы қолдауды ұйымдастырамын.

 

Сабақтың барысында, оқушыларға қолдау мақсатында қалыптастырушы бағалауды «Stop-кадр», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Ойлан –жұптас –бөліс», «Бағдаршам»,   арқылы жүргіземін. Бұл бағалау әдістері кері байланыс жасауға, қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.     Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау технологиялары қолданылады. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп үнемі қозғалыста болады.

Психологиялық оң ахуал тудыруға назар аударылады.

АКТ-мен байланыс
Интербелсенді тақтамен жұмыс
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ тапсырмалары мақсатқа сәйкес құрастырылған. Оны арнайы критерийлер арқылы анықтауға мүмкіндік жасалған. Критерийлерді орындау үшін дескрипторлар көрсетілген.       Сабақта қалыптастырушы бағалау әр тапсырмадан кейін  қойылған.

Бұл сабақ оқушылардың алдыңғы білімдеріне негізделе отырып жоспарланған.

Бүгінгі сабақ оқушылардың жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ол үшін біз сабақта айтылым және жазылым тапсырмалар құрылымына көбірек көңіл бөлдік.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Мәтінмен жұмыс барысында негізгі ақпаратты теріп, постер жасауы;

2.  Сабақтың соңында рефлексия барысында «Синквейн» әдісі бойынша жасалған тапсырма.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Жазылым және айтылым дағдыларына байланысты түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындау;

2. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге арналған шығармашылық жұмыстарды ұсыну.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарды не нәрсеге назар аудару қажет?

Мен осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабақтарда жаңа әдіс –тәсілдерге және оқушылардың тілдерін дамытуға арналған тапсырмалар қажет екенін анықтадым.

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/HxFg8T8u3QVR32

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *