Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру жолдары

Қазақстан,Астана қаласы

№63 мектеп-гимназия

Математика мұғалімі

Ибраева Эльмира Мейрамовна

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [3]. Оқу үрдісі оқушылардың оқу – танымдық әрекеті негізінде жүзеге асса, ал оқу – танымдық әрекеті негізінде  оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғарғы  көрінісі оқушылардың  алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталығын және математика тарихының элементтерін енгізе отырып, есептің текстік мазмұнының тартымдылығын арттыру керек. Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты, тартымды есептер, математикалық софизмдер мен ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта – ықыласын арттырып, есептерді өздігінен шешуге итермелейді, логикалық ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер, математикалық ойындар, әсіресе, үшінші, төртінші сынып оқушылары үшін сарынды есеп шығарудан шаршамас үшін әр түрлі математикалық жарыстар, ойындар ұйымдастырылғаны жөн. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойынды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету. Ол үшін оқшылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады. Сабақ барысында оқушыларды біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың қисынды ойлауын, есте сақтау қабіліттерін, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе алатындай тіл шеберлігінің болуына да көңіл аударуы қажет. Оқушылардың математикалық білімін байыту олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі.

Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады [1].

Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.

Мысалы:

  • Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: Үшінші үйрек өтірік айтқан

  • Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?

Жауабы: Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған

Қарапайым логикалық, яғни әртүрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор. Бұндай есептер оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізері сөзсіз.

Мысалы:

  • Шопанның барлық қойларының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар екенін анықтаңыз.

Шешуі: 320+320:4=320+80=400

  • 42 қызыл шар, 54 көк шар және 78 сары шарды әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады?

Шешуі: ЕҮОБ (42, 54, 78) =6

Зеректілікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар екендігін түсіндіру керек. Бұл қиынға түссе де, ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді.

Мысалы:

  • Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқатары 66. Аулада неше қаз және неше қоян бар?

Шешуі: Бас –x, аяқ – y. Енді теңдеулер жүйесін құрамыз:

Жауабы:( 15, 9)

  • Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 15 жас болды. 9 жылдан соң олардың жастарының қосындысы қанша жыл болатынын анықтаңыз?

Шешуі: ағасы –x, қарындасы – y. Осы белгілеудің негізінде теңдеу құру әдісімен шығарамыз:

Жауабы:39

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн. Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс [2].

Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын, таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Жалпы қорытындылай келе,    математика сабағында  қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді, соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады, оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

Қазіргі  мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағымыздың өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен  оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың   міндеті  болып  табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.       Жаңа  әлем жасаушыларын білімді, қабілетті, дербес, адамзатқа тән асыл өнер  мен  имандылықты бойына жиған жеке тұлға  етіп  қалыптастыру – білім беру жүйесінің  негізгі   мақсаты.

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *