Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Орманға пойызбен саяхат

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с. Ленинградское

ГККП Детский ясли-сад «Еркетай»

Инструктор по физической культуре

Смагулов Руслан Канатович

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 

Білім беру саласы: Денсаулық, таным

Бөлім: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Орманға пойызбен саяхат.

Мақсаты: допты екі қолмен кеуде тұсынан қолдарын екпінді қимылмен жаза лақтыруға үйрету. Қимылды ырғақпен жеңіл,еркін,қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре орындау қабілеттерін қалыптастыру. Жеңіл бытырап жүгіруге жаттықтыру. Дене түзілісін бақылау. Балалардың қимыл тәжірибесін молайту.

Құрал-жабдықтар: көрнекі бағыт үшін заттар,доптар,жіп.

Әрекет кезеңдеріНұсқаушының  іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушыПедагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Орманға пойызбен саяхат». Шағын топпен қатарға тұру. Сап-тізбекте бірінің артынан бірі көрнекі бағыт бойынша жүру.

Бір-бірінен ұстап,балалар орманға жиналды. Алыс сапарға шықты:У-ду-у-уу-у(балалар қайталайды). Паровоз: «Ду-ду». Мен келемін,келемін,келемін.

«Доңғалақтар тарс-тұрс»(тізені сәл бүгіп,бүгулі қолмен алға-артқа,доңғалақтардың жүрісін бейнелеу).

«Доңғалақтар тарс-тұрс,тарс-тұрс!»-қол ұстасып шеңбер бойымен жүгіру.

 Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады.
Ұйымдастырушы-Іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

Шеңбер бойы тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

Еденге тура салынған жіппен жүру;

-Допты екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру.

Қимылды ойын: «Шеңбердегі доп».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Педагогті мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

 

 

 

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексті-түзетуҚорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалысы аз ойын:

«Кім тыныш өтеді?»

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: еденге қойылған тақтаймен алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеуді.

Түсінеді: орында тұрып жеңіл секіру сияқты жаттығуды орындау сәтінде дұрыс тыныс алу керектігін.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық тәрізді сапаларды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Техническая подержка сайта AVTORKODA