Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдасы
Казахстан,Восточно-Казахстанская область,г.Семей
КГУ «СОШ №27»
Учитель химии и биологии
Конакбаева Б.К.
Сабақтың типі | Жаңа тақырып. | |
Жалпы мақсаты | Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің
көп түрлілігімен таныстыру. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілерін, табиғаттағы, адам өміріндегі рөлін көрсету. |
|
Сабақтың міндеттері | 1 Оқушыларды раушангүлділер тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру.
2. Оқушылардың интеллектуалдық , сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру. 3. Оқушыларға раушангүлділер тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп, оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстауда, жақсы қоғамдық ортаны қалыптастыру |
|
Негізгі түсініктер | Раушангүлділ тұқымдасы, алма, итмұрын, шие, раушан, жемістердің түрлері | |
Көрнекі құралдар | кеппешөп, сабаққа таратпа материал, компьютер, презентация | |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеттері |
Ұйымдастыру кезеңі — 1-2 мин | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа психологиялық дайындық. | Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды атайды.
Барлығы айтады Менің көнілім жақсы. Мен сабақты жылдам орындаймын. Мен сабақты жақсы оқимын. Менің жазуым жақсы. Менің тәртібім жақсы. |
Үй тапсырмасын тексеру— 10 мин |
« Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес»
Білім минуты / 4 топқа сұрақтар қойылады
Қосжарнақтылар класының ерекшеліктері? Қосжарнақтылар класына жататын тұқымдастарды ата Даражарнақтылар класының ерекшеліктері? Даражарнақтылар класына жататын тұқымдастарды ата Орамжапырақгүлділерге жататын өсімдіктерді ата Жабықтұқымды өсімдіктер деп аталу себебі? Ашықтұқымды өсімдіктер деп аталу себебі? ТЕЛЕГРАММА Шаршыгүлділер тұқымдасы- …, кейде … қосжарнақты өсімдіктер. Қосжынысты гүлі …болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер … тұқымдастары деп аталған. Гүлі … гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы …, күлтесі -…, аталығы …, оның … ұзын, …- қысқа, аналығы … жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемісі – … немесе …. |
Сұрақтарға жауап береді және бағалайды.
Мағынасына қарай сөздерді жазады, бағалайды |
Сабақтың мақсатың белгілеу—2мин | Жұмбақтар
Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп боп оралады / Алма/ Бұтаға ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл, Тіл үйірген дәмі бар, Сүйегінің дәні бар, Алқа етіп тізіп ал. Бүгінгі сабақта қандай өсімдіктерді туралы айтамыз? Олар қандай тұқымдасқа жатады? Қазір сабақтың мақсатын айқындауға тырысыңыздар. |
Жұмбақтарды шешеді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, сабақтың мақсаттарың белгілейді. |
Жаңа тақырыпты оқыту -15 мин | Сабақтың тақырыбы: Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдасы.
Раушангүлділер тұқымдасының 1-кезең. Тапсырма беру — 7 мин 1 топ — раушангүлділердің сан алуандығы,түрлері, маңызы 2 топ – итмұрын гүлінің формуласы, раушангүлділердің жемістері 3 топ – раушангүлділердің тіршілік формалары, жапырақтары 4 топ – раушангүлділер тұқымдасы туралы қосымша материалмен жұмыс 2- кезең. Түсіндіру 3- кезең. Дәптерлерге жазу n Гүлдері: қос гүлсерік, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақша, аталығы шексіз,кейде 4-8-9, аналық саны 1, өте көп n Жемісі – көп сүйекті , жидек, сүйекті-шырынды, жаңғақты, көп жаңғақшалы құрғақ жеміс. n Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж∞ Алма. Бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың 96,7 % алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді. Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамын-да органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар. Итмұрын . Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады Көк раушан. Табиғатта раушанның көк түсіне жауап беретін ген, көк түсті пигмент дельфинидин болмаған.Бірақ көп жылдық австралиялық және жапондық компаниялардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде 2004 жылы «көк» раушан гендік инженерия әдістері арқылы шығарылды Қорытындылау |
Дәптерлерге жазады
Топпен жұмыс – оқулықтан тақырыпты оқып, А3 қағаздарға жазады.
Оқулық бойынша дайындаған материалды басқа топтарға түсіндіру.- 4 мин
Жалпы сипаттамаларды дәптерге жазады.
Сұрақтарға жауап береді |
Бекіту -12 мин | Сәйкестендіру тесті: Раушангүлділер мен шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік белгілерін бөліп жаз:
1.Жемісі-жидек. 2.Гүлшоғыры-шашақ. 3.Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1. 4.Тостағанша жапырақшасы- 4. 5.Жемісі-бұршаққын. 6.Гүлі бірікпеген – 5 күлтежапыраша. 7.Гүлінде аталығы көп, кейде 4-8-9. 8.Гүлінде аталығы- 2+4, аналығы -2. 9.Тамыры – жемтамыр /шалғам,шомыр/. 10.Тұқымында эндоспермі болмайды. Тексереміз: Жауабы: Р- 1,3,6,7,10. Жауабы: Ш- 2, 4, 5, 8, 9. Зертханалық жұмыс №23 Мақсаты: Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысымен танысу Құрал-жабдықтар:кеппешөптер, суреттер, алма жемісі Жұмыстың барысы: 1.Берілген өсімдіктердің гүл құрылысын анықтап, суретін салып, бөліктерін атаңдар 2.Гүл формуласын жазындар 3.Жемісін анықтап, суретін салындар 4.Қорытынды жасандар |
Тест жазады
Бір-біріне бағаларды қояды
|
Бағалау- 2 мин |
Қорытынды баға қояды | Бағалар қояды, түсіндіреді |
Рефлексия -1мин | Мақсаттарымызды орындадық па? Пікірлерін стикерлерге жазу | Стикерлерге жазады. |
Үй тапсырмасы — 1мин | § 27 , кесте, 112 бет | Күнделікке жазу |