Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ормандағы ағаштар

Бугумбаева Н.М.
Ясли/сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Денсаулық»
«Шығармашылық»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ормандағы ағаштар
Мақсаты: Балаларды ормандағы ағаштармен таныстыру.Қаратал,ақ
қайың,шырша,еменге сипаттама беру.Ағаштың құрылысын дұрыс құрауды
үйрету.Ағаш жапырақтарын бір-бірінен ажырата білу.Ойлау,қабылдау,есте
сақтау қабілеттерін арттыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:жапырақтар,ағаштардың
суреті,карточка,интерактивті тақта,хат.
Сөздік-жұмыс:қайың, емен,қаратал,шырша,ағаштар,орман
Билингвалды сыңары: Ормандағы ағаштар-деревья в лесу
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрсету,талдау,түсіндіру,логикалық
тапсырма,сәйкестендіру
Оқу қызметі Тәрбиешінің қызметі Балалардың
қызметі

Дәлелді түрткі
болатын

Шаттық шеңбері:
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шаттық толған жанымыз,жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына
бізден.
-Балалар,қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар
,атайықшы?
-Күзде табиғатта қандай
құбылыстар болады?
-Жапырақтар қандай түске
боялады?
Иә,дұрыс айтасыңдар.
Балалар ,қараңдаршы, бізге кірпі
хат әкеліпті.Кімнен екені
белгісіз.Ішінде жұмбақ
жасырылған екен

Балалар шаттық
шеңберін жасады.

-Күз мезгілі
Қыркүйек,қазан,қар
аша.
Жаңбыр
жауады,жел тұрады
Қызыл,сары,қызғыл
т
Хатқа назар
аударды.

Ұйымдастырылғ
ан оқу қызметі

Егер жұмбақтың шешімін тапсақ
кімнен екені белгілі болады.
Ағаштары көп екен,
Құстар сайрап жүр екен.
Табыңдаршы, кәнекей!
Бұл қандай жер екен?
Сол жер менің мекенім.

Жұмбақты мұқият
тыңдады.
-Орман

Олай болса балалар бұл жұмбақ
орманшы ағайдан келіпті.Орманшы
бізді қонаққа шақырып жатыр екен.
-Сендердің орманға барғыларың
келе ме?
Бәріміз бірге көзімізді
жұмып,сиқырлы сөзді айтып ,
орманға саяхатқа аттанайық.
Бір,екі,үш
Орманға келдік біз!
Айнала қандай керемет!Жан-
жағымыз толған ұзынды-қысқалы,
жуан-жіңішкелі ағаштар.Балалар ,
қараңдаршы мына ағаштың түбіне
орманшы бізге тапсырма тастап
кетіпті. Балалар ,мұнда осы
ағаштың атын атаумыз керектігі
жазылып тұр екен.
-Сендерге бұл ағаш таныс па?
Иә, дәл таптыңдар.Бұл өзіміздің
ауладағы қаратал.Кәне, қараталға
сипаттама берейікші.
-Қараталдың діңгегі қандай?
-Жапырақтары ше?
Иә,дұрыс.Бұл өте мықты әрі жуан
тал.Мына ағашта да тапсырма тұр
екен.
-Бұл қандай ағаш?
Иә ,аққайың бізге таныс,себебі
біздің ауламызда бар.
-Аққайыңның діңгегі қандай екен?
-Түсінде қандай өзгешілік бар?
-Басқа ағаштардан қандай
айырмашылық көріп тұрсыңдар?
Иә,дұрыс.Ал жапырақтары
сопақша келеді екен.
-Ал мына тал сендерге таныс па ?
Жапырақтары үлкен екен.
Дұрыс айтасыңдар, бұл біздің
жапырағы мен жаңғағы бар емен
ағашымыз.
-Балалар,еменнің жапырағы мен
діңгегі қандай екен?
Иә,дұрыс. Келесі мына ағашта тағы
да тапсырма берілген сияқты.

-Иә,барғымыз
келеді.

Сиқырлы сөзді
қайталайды.
Айналаға көз
салады.
Тапсырмаға көңіл
аударды.

-Иә,бұл біздің
ауламыздағы
қаратал.
-Жуан
-Жалпақ

-Аққайың.

-Ақ,қара дақтары
бар.
-Діңгегінің түсі
өзгеше.
-Иә,бұл біздің емен
ағашымыз.

-Жапырағы
үлкен,діңгегі жуан.

Мұнда қысы жазы бір түсте
тұратын ағашты тап дейді.
-Ол қандай ағаш,білеміз бе?
Иә, бұл бізді шыршамыз.
-Шыршаның жапырағы қандай?
Балалар, қараңдаршы мұнда тағы
бір хат жатыр екен,бұл қандай
тапсырма болды екен ашып
оқиық.Енді бізден ағаштың
құрылысын сұрап отыр екен.
Ағашты құрамас бұрын
кұрылысымен таныс болайық.Ағаш
төрт бөліктен тұрады.Оның
тамыры, діңгегі,бұтағы,жапырағы
болады екен.Тамыры топырақтың
астында болғандықтан бірінші
діңгекті қоямыз.Екінші бұталарын
орналастырамыз.Ал үшінші
жапырақтарын апарып қоямыз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдыменен жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар, біз орманшының барлық
тапсырмасын орындадық.Енді
сиқырлы сөзімізді айтып,
тобымызға қайтайық.
Бір,екі,үш
Топқа келдік біз.
Орнымызға отырайық. Балалар, біз
орманда көптеген ағаштарды көріп
, бақыладық,оларға сипаттама
бердік,құрылысымен таныстық.Ал
енді алдарында сол талдардың
суреті берілген.Сендердің
жұмыстарың ағаштардың
жапырақтарын тауып,қасына
орналастыру.
Жарайсыңдар, жапырақтарды
ағаштарына дұрыс
орналастырдыңдар. Балалар бұл
жұмысымызды кірпіден орманшы
ағайға беріп жіберейік.

-Шырша.
-Жапырағы
тікенекті болады.
Тапсырмаға назар
аударады.

Мұқият
тыңдап,ағаштың
құрылысымен
таныс болады.
Ағаштың
бөліктерін құрайды.

Сергіту сәтін
орындады.

Сиқырлы сөзді
қайталады.

Тапсырманы
орындайды.

Рефлексті түзету -Балалар бүгінгі оқу-қызметінде біз

қайда саяхат жасадық?
-Кімнің сұрақтарына жауап бердік?
-Қай ағаштардың жапырақтарын
желімдедік?
Дұрыс айтасыңдар.Балалар кірпінің
бізге сыйлығы бар екен.Ол бізге
ормандағы ағаштардың түбіндегі
саңырауқұлақтарды
әкеліпті.Кірпіге рақмет
айтайық.Бүгінгі оқу қызметіміз
аяқталды.Жарайсыңдар.
Барлығыңды бағалаймын.

-Орманға
-Орманшының
-Қаратал,ақ
қайың,емен,шырша.

-Рақмет!

Білуі: Ағашты сипаттап, құрылсын құрай білді.
Ие болуы: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, мұқияттылыққа.
Істей алу: Ағаштарды өз жапырақтарымен сәйкестендіре алды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *