Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі

                                                                                                               Казақстан, Южно-Казахстанская область, г. Кентау

 Школа – лицей №4 им. Ататюрка

 учитель информатики

 Сарбасова Калдыкул Камбаровна

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларды программалау тілі, Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру. Оқушылардың программа және оның құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: программалау тілімен танысады

Оқушылардың басым бөлігі: Программамен жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар: Алгоритм түзеді

Ойлау дағдылары:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Формативті және өзін-өзі бағалау

Тілдік мақсаттар

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Олbegin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң endтүйінді сөзімен аяқталады.

Құнылықтарды дарыту

Математикалық есептер мен ауызша іс-әрекеттерді құрастыру. Мысалы, Бір күндік жоспар, 2х+4=10, т.б.

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер, интерактивті тақта

Бастапқы білім

Үй тапсырмасы

1. Алгоритм деген не?

2. Алгоритм қасиеттері қандай?

3. Алгоритмнің жазылу тәсілдері қандай?

4. Алгоритм атқарушысы деген не?

5. Атқарушылар командаларын ата?

6. Блок-схема денеміз не?

7. Қандай блок-схема түрлерін білесіндер?

8. Блок-схема құру үшін қандай ережелерді білесің?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

 Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесі, оқушыларды түгелдеу.

 Жаңа сабақ.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады:тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

— атаулар (идентификатор);

— цифрлар;

— айыру белгілері;

— арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу; (-) –азайту;

(*) – көбейту; (/) – бөлу.

DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;

MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND – және (логикалық көбейту) операциясы;

OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық немесе амалы;

SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі — өрнек деп аталады.

Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.

1. Арифметикалық функциялар

1. Типтерді өзгерту функциялары.

Арифметикалық функциялар

Математикада жазылуы

Паскаль тілінде жазылуы

Атқаратын қызметі

Функция типі

|x|

arctg x

cos x

sin x

e x

[x]

Inx

П

х 2

х

Abs (x)

Arctan (x)

Cos (x)

Sin (x)

Exp (x)

Frac (x)

Int (x)

Ln (x)

Pi

Sqr (x)

Sqrt (x)

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

е-нің х дәрежесі

х-санының бөлшек бөлігі

х-санының бүтін бөлігі

х-санының натурал логарифмі

п-дің мәні

х-тің квадраты

х-тің квадрат түбірі

х-тің типіндей

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты (бүтін)

нақты

х-тің типіндей

нақты

Стандартты типтердің сипатталуы

Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.

Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:

атау1, атау2, …., атауn: тип;

мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte

Арифметикалық амалдар.

Белгілер

Операциялар

Операндтар типі

Нәтиже типі

+

қосу

Екеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

азайту

Екеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақт

*

көбейту

Екеуі бүтін немесе екеуінің

біреуі нақты

Бүтін, нақты

/

бөлу

Бүтін немесе нақты

Нақты

Div

Бүтін бөлу

Бүтін

Бүтін

Mod

Бүтін қалдық

бүтін

бүтін

Компьютер, Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Тапсырмалар №1. Мына –өрнектерді паскаль тілінде жазыңыз:

A= B= A=

A= B= B=

Тапсырма №2. Үш натурал сан берілген. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және арифметикалық ортасын табу алгоритмін құрыңдар (сызықты алгоритм). Блок-схема және жазбаша түрде.

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма. Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Өзіңе таныс бірнеше (3) алгоритмді мысалға келтір.

2.У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:

а) y=(5x2 – 4)(x2 + 7);

b) y=(4x + 2)2 + x3;

Формативті және өзін-өзі бағалау бойынша келісіммен бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанға берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Рефлексия.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/fY10F3WmzhqZ8

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *