Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы
Ахметова Умут Куандыковна
воспитатель
КГКП «Центр полиязычного развития ясли/сад № 20 «Мерей»
г. Экибастуз, Павлодарская область, Казахстан
Балалар- біздің болашағымыз,егеменді еліміздің ертеңі.Осы келешек
ұрпақтың ойы озық , білімі терең ,тәлім- тәрбиесі жоғары болу үшін
мемлекетіміз ерекше көңіл бөлуде .Оның айқын көрінісі Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ,өз сөзінде «Қазіргі заман талабына сай,жан-жақты жетелеген
, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,имандылық әдебі
,парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу» деп атап көрсетті .Балабақшадағы тәрбиелеу-
оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын дамыту,ауызша
сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану
әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Біз балалармен сөздік жұмысын
жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып,атын айта
білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсі және пішінін ажырата білуге
өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін
дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі.Ойын-бала әрекетінің негізгі
түрі.Ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастырады.Мәселен,кез келген бала еш уақытта жалғыз
ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен
өзара қарым-қатынас жасайды.Өз тәжірибемде заттарды қарау,сурет
қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат,ойын сабақтарын ұйымдастыру
барысында балалар сөздік қорларын дамытады.Сөйтіп бала топтағы жасына
сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Топта өзім жетекшілік ете отырып
балаларды ойын ережесін сақтауға әрі ойната отырып ойлануға
бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол
ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін,қиялын дамытады. Заттармен
ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы
өтіледі.Мысалы: «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай
ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап»т.б.Соныммен бірге балалар
саусағын ойната отырып тілін дамыту.Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе
өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы
баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және
шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақтардың қозғалыс-қимылына
қарап бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады.Сонымен бірге халық
арасында кеңінен тарап жүрген»Қуырмаш»ойыны да саусақтардың нәзік
қимылын жетілдіруге бағытталған.
Мысалы: «Моншақ».
Қызыл сары ,көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре
отырып моншақ тәрізді бейнелейді .Ол өте балалар үшін қызықты әрекет,қол
бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен қатар өзімен-өзі
қызмет ету дағдысын қалыптастыру:тиегін өзі салу,өзі ағыту,бауын байлау
т.б.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер
бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады.Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал
ететін тәрбие құралы.Балалар ойын арқылы тез тіл табысып,жақсы
ұғысады,бірінен-бірі ептілікті үйренеді.Халқымыз ойындарға тек балаларды
алдандыру,ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез -құлқының қалыптасу
құралы деп ерекше бағалаған.Ойын арқылы бала өзін қоршаған
ортамен,табиғатпен,адамдар еңбегімен,қарым-қатынастарымен танысады.
Атақты педогог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-
ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес».
Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады.Күнделікті топта баланы ойынға
қызықтыра отырып оқу-іс әрекеті кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана
білуге жаттықтыру.Баланы өжеттілікке,шапшаңдылыққа, ептілікке,
батылдыққа, байсалдыққа,тапқырлыққа үйрететін де ойын.