Уақыт қайтарымы
Ибраева Айгуль Шахимовна
учитель казахского языка и литературы
КГУ «Бастомарская средняя школа»
с. Бастомар, Северо-Казахстанская область, Казахстан
9-сынып
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныбы)
Оқу мақсаты: 9.3.4.1 мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
Ақпанның он екісі
Сахиев Жүніс «Уақыт қайтарымы» романы (екінші сабақ)
Әрекеттер тәртібі | Ресурстар (Мұғалім толтыру керек) | Орындалуы 10 балл |
Біл | 1-Тапсырма 45 бет, 3- тапсырма Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар Сахиев Жүніс қай саладағы жазушы? Ол жолдастарына қандай әңгіме айтып беретін? Ол кім болып жұммыс істеген? Ол қай университетті бітірген? Ж.Сахиевтің ең үздік шығармасы қалай аталады? | 2 балл |
Орында | Жазылым. 2-тапсырма Мәтіндерді оқыңыздар және екі мәтінде айтылған негізгі ойға байланысты мәтінге тақырып қойыңыздар 1 мәтін Азамат тарихы дамуының ең өзекті нәрсе, шырағым, жылдамдық. Оны ұмытушы болма! Дүниедегі қай нәрсені де жылдам жасауға, қай нәрсеге де жылдам жетуге адам баласы о бастан талпынып, оны жүзеге асырып келеді. Оянған соң, қарағым, қалаған жеріңе әп-сәтте жеткізіп салатып жүйрік көліктерге, жарық жылдамдығымен бара-бар ұшатын ғарыш кемелеріне мінесің. Қайда сапар шексең де, аман жүргейсің, балам! Жаңа заман ағымына ілесу үшін, Сәметжан, уақыттан ұтылмау керек! Бұл – саналы тіршілік иелері үшін басты нәрсе. Уақытпен санасу – өмірінді ұзартумен тең! Осыны ұмытпа! Ол кездегі ұрпақтар секундтың бөлшегіне де көңіл бөлетін болады. Сен дәлдікке үйренетін бол! Балам, қоштасар сәт таяды білемін. Соңғы өсиетімді айтайын. Жер шарында құс қанатты, балық желбезекті адамдар да өмір сүретін болады. Сен олардың қай-қайсысымен де тіл табыса білетін бол! Ал, қош енді, қарағым. Нығмет жыпылық қаққан қызыл шамға қарады. Осы сәтте тоңазытқыш жәшігінің қақпағы жайымен жабыла берді. Мұны көргенде Нығметтің тұла бойы шымырлап кетті. Бірте-бірте ұйықтап, әп-сәтте бозғылттана берген баласының бет әлпетінен көз тайдырмады. Кең бөлме ішіндегі жарық шамдар сөніп төңіректі алакөлеңке басып, тыныштық орнады. 2-мәтін Ерлан Раманқұлов, ұлттық биотехнология орталығының бас директоры: — Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын, биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз, олар топырақтың сортаңдануына, құрғақшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады. Біз өсімдіктер мен жануарлардың ауруларын айқындау мақсатында медицина үшін диагностикалар әзірлейміз. Біздің адам генетикасы саласында жүргізген зерттеулеріміз өте көп. Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған төртінші өнеркәсіптік революция, ғалымдардың пайымдауынша, биотехнологияның дамуынсыз мүмкін емес. Орталықтың мамандары мақсаты — адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді, осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру. 1-мәтін 2-мәтін | |
Жауап бер | 3-тапсырма Мәтіндердің стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз. ( Провести анализ стилевых особенностей текстов) Стильдік аспектілер 1-мәтін 2-мәтін Стиль түрі Стильдік сипаты (стильге тән тілдік тұлғалар) Мәтін түрі Жанры | 4 балл |