Абай «Жаз»
Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район
КГУ Ащигольская средняя школа
Мини-центр «Айналайын»
Воспитатель
Садвакасова Бибигуль Темиржановна
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Абай «Жаз» өлеңі
Мақсаты: балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілінің суреттері, үнтаспа, хрестоматия.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі.
«Ақылшы дос балдырған» әні орындалады. Көктем, көктем, көктемде Біз бау-бақша еккенде. Қарсы шығар алдыңнан Ақылшы дос балдырған. 2 рет Жайдары жаз келгенде, Жеміс-жидек тергенде. Шөп сарғайып қалғанда, Біз мектепке барғанда. Көңілді қыс келгенде Біз сырғанақ тепкенде. |
Үнтаспаға педагогпен қосылып орындайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | Кіріспе әңгіме.
Сурет бойынша әңгіме (жыл мезгілдері) — Қазір жылдың қай мезгілі? — Олай болса, бүгінгі іс-әрекетімізде Абай атамыздың «Жаз» өлеңімен танысамыз. «Жаз» өлеңін оқып беру. Әрбір оқылған шумақтарына толық түсінік беру. Сұрақ-жауап. — Оқылған өлең шумағында не туралы айтылған? — «Ұзарып», «күркіреп» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
|
Балалардың жауабы. |
Рефлексиялық — түзетушілік | «Аққу-қаздар» ойыны.
Қорытындылау.
|
Ойынды ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлең мазмұнын түсінеді.
Игереді: өлеңге сүйене отырып, жаз мезгілінің ерекшелігін.
Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы суреттерге әңгіме құрастыра білуді.