Біздің үй
Казахстан, Павлодарская область, Актогайский район, с. Актогай
КГУ «Областной кабинет психолого-педагогической коррекции»
Учитель-логопед
Садвакасова Жанна Болатовна
Мақсаты: Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құралдарын дамыту және сөйлеу белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
-Тақырып бойынша заттың атын, сипатын білдіретін сөздермен молайту, бекіту;
-Зат есімнің кішірейтіп айтылатын жалғауларын қолдануға жаттықтыру;
-Әңгіме құрастыруда қарапайым фразаларды қолдану дағдысын қалыптастыру;
-Кеңістікті бағдарлауын дамыту;
-Ойлау қабілетін дамыт;
Көрнекілік құралдар:
— Әр түрлі көлемдегі (биік, аласа, кішкене, үлкен) үйлердің суреттері,
— «Дымбілместің» немесе ертегі кейіпкерінің суреті,
— Бірнеше бөлшекке бөлінген үйдің суреті.
Сабақ барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі.
Логопед:
- Балалар, серуенге шыққанда, көшеде не көрдіңдер? (машиналарды, адамдарды, үйлерді).
- Дұрыс, көшеде үйлер көп.
- Балалар, бізде «Дымбілмес» келіп көмек сұрап отыр. Ол үйін таба алмай адасып қалыпты.
- Көмектесеміз бе?
- Иә.
- Негізгі бөлім.
Логопед:
- «Дымбілместің» үйі үлкен, биік, шатыры қызыл екен. Ауласында күшіктің үйшігі бар екен.
- Ол үйді кім көрсетеді екен?
- «Дымбілместің» үйі қандай екен?
«Үлкен-кіші» ойыны.
Үлкен үйдің астына үлкен заттарды, кішкентай үйдің астына кішкентай заттарды қойып атау керек.
Заттар: көрпе, кілем, кітап, көрпеше, кіпатша, кілемше.
Сергіту сәті. «Үй» ойынын қимылмен ойнату.
Логопед: -Өздерің үй салғыларың келе ме?Онда менімен бірге жаттығуларды жасаңдар.
Үйдің қабырғасы (екі қолымен кезекпен жоғары-төмен қимыл жасау).
-төмен (сол қолымен оңнан солға қарай қимыл жасау);
-еден (оң қолымен солдан оңға қарай қимыл жасау);
-есік (қолдарын бүгіп қатарынан ұстау);
-шатыр (екі қолды жоғары көтеріп үшбұрыш жасау);
-пештің мойыны (қолды жоғары көтеру);
-терезе (сол қолды жоғары көтеріп, оң қолды тамақтың астына ұстау).
-Міне, үй салдық. Жара йсыңдар!
- Суретші нен ұмытты?
Үйдің кейбір бөліктері жоқ (шатыры, терезесі). Бірнеше үйдің суреті көрсетіледі. Балалар не жоқ екенін айту керек.
- «Үй құрастырайық» ойыны. Кесілген үйдің суретінен үй құрастыру.
Логопед әр балаға сұрақ қояды.
- Сенің үйің қандай?
- Үйде кімдер тұрады?
Бала: Менің үйім биік, үлкен. Шатыры жасыл. Үйде атам, әжем тұрады.
- Менің үйім кең, биік. Үйдің шатыры, терезесі бар. Үй жарық, жылы, әдемі.
- Логопед:
— Балалар «Дымбілмеске» сендердің үйлерің ұнады ма екен? Сұрақ қойып сұраңдар («Дымбілмес» біздің үй ұнады ма?).
— Иә, жарайсыңдар. Үйлерің әдемі екен.
- Сабақ қорытындысы.