Әдептілік әлемі
Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с. Ленинградское
ГККП Ясли-сад «Еркетай»
Воспитатель
Кайсина Зура Манаповна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» (өлең оқу)
Мақсаты: «Әдептілік әлемі» өлеңін мәнерлеп оқу, сөз мағыналарын түсіндіру; өлең арқылы балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; әдептілік туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; әдепті, кішіпейіл, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: әдептілік туралы суреттер, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: аяқ-табақты, асықпай.
Билингвальді компонент: әдептілік — воспитанность; әлем — мир.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық —
қозғаушылық |
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық — ізденістік | Кіріспе әңгіме
— Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? — Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, киын кезде көмектесуді айтамыз. — Бүгін біз ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз. Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жина аяқ-табақты. Сөздік жұмыс: Аяқ-табақ — тамақ ішетін ыдыстар. Билингвальді компонент: әдептілік — воспитанность; әлем — мир. Сұрақ-жауап — Асты асықпай, сөйлемей отырып ішу керек. Асықпай ішкен ас сіңімді болады. Ас ішкен соң ыдыстарды жуып-тазалауға көмектесу керек. — Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз? — Әдепті атану үшін қандай болу керек? Сергіту сәті Көшелерден біз өткен, Ата көрсем, жақын кеп Сәлем берем ізетпен: «Есенсіз бе, ата?» — деп. Алдан әже жолықса, Бөгелем де әдейілеп, Сәлемдесем сол тұста: «Есенсіз бе, әжей?» — деп. Дидактикалық ойын: «Қайсысы дұрыс?» Ойынның шарты: тақтаға бірнеше сурет ілінеді, балалар сол суреттердің ішінен әдептілік туралы не көрсетілгенін әңгімелеп береді. Мақал жаттау «Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені». |
Балалардың жауаптары.
— Әдепті болу — үлкенді сыйлау, ұқыпты киініп жүру, тәртіпті болу, кішіге қамқор болу, жаман сөз айтпау, достарын ренжітпеу.
Балалар өлеңді жаттайды.
Сөздің мағынасын түсінеді. Қайталайды: Әдептілік — воспитанность; Әлем — мир.
Аяқ-табақты, асықпай сөздерінің мағынасын қайталайды.
Балалардың жауаптары.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалар қимылмен орындайды.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Балалар мақалды жаттайды. |
Рефлексиялық — түзетушілік | — Әдепті бала қандай болады?
— Сен әдепті болу үшін не істер едің? |
Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әдептілік туралы өлең сөздерінің мағынасын түсініп, мәнерлеп айтып береді;
Игереді: әдепті болу үшін мейірімді, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білу, таза жүріп, достарына адал болу керектігін түсінеді;
Меңгереді: берілген ойын тапсырмадағы суретті тауып бере алады.