Киелі сандар
Казахстан, Костанайская область, Сарыкольский район
Краснодонская средняя школа
учитель казахского языка и литературы
Сайдалина Алия Сагандыковна
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
Тәрбиелік: Оқушыларға киелі сандарын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық:
-Балалар, бүгінгі күн бәрімізге жақсылық әкеліп, көңіл-күйіміз жақсы болсын деп тілеімін. Сондықтан сендер осы күлімсіреп тұрған күннің шуағын алып, көршілес балаларға мына сөздерді айтыңдар:
-Мен саған жақсылық тілеймін. Егер саған қиын болса, мен саған көмектесемін.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
-Сан есім дегеніміз не?
-Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер?
Негізгі бөлім:
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшаман белгіленген. Кейін оларды атап үйренді. Өмір оларды санауға, өлшеуге үйретті. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген . 3,4,5,7, 9, 12,40 сандарын қазақ халқында қасиетті, киелі сандар деп есептеген. Себебі: үш санының қасиетін барша халық бағалаған. «Үш ақиқат: қымбат – шындық, арзан-өтірік, дауасыз-кәрілік» (Жанқұтты шешен)«Үш көз: су арнасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ, сөз арнасы-құлақ» (Сырым Датұлы)«Үш бақыт: халық, тіл, Отан (М.Мақатаев)
«Үш байлық: бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық- он саулық». Атақты Майқы би «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей, төрт саны толу, бірігу, толысу дегенді білдірсе керек. Бес санына қатысты ұлы Абай «бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» дейді. Орта ғасырда ғалымдарының 7 күнге 7 жұлдыздың атын беруі, 7 металдың пайда күні деп, бір аптаны 7 күнге бөлуі осыдан болса крек. Барлық халықтар үшін он екі саны – қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел және де «Он үште отау иесі» деп ұлды үйлендірген.
Түрік халықтарында, соның ішінде қазақ халқында да қырық саны жиі айтылады. Ертегілерде «Қырық кісі-бір жақ, қыңыр кісі – бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.
«Үш» -три, three
«Төрт» -четыре, four
«Жеті» -семь, seven
«тоғыз» — девять, nine
«қырық» -сорок, forty
Өзін-өзі бағалау парағы (оқушыларға тарату)
1 тапсырма: кестені толтыр
№ | Мысалдар | Есептік сан есім | Реттік сан есім | Топтау сан есім | Жинақтық сан есім | Болжалдық сан есім | Бөлшектік сан есім |
1 | Тоғыздан үш | + | |||||
2 | Бесінші | + | |||||
3 | Алтау | + | |||||
4 | Мың | + | |||||
5 | Жетпістей | + | |||||
6 | Төрт-төртен | + | |||||
7 | Үш бүтін оннан бір | + | |||||
8 | Үштен | + | |||||
9 | Сегіз | + | |||||
10 | екінші | + |
2 тапсырма: Сөйлемді мағынасына қарай толтыр:
№ | ||
1 | Күні-түні ……. демалмайды. | 5.Қасиетті |
2 | Әлемнің ….. құраушысы бар. | 4.Он екі ай |
3 | Жылды ….. бөлеміз. | 1.Ай мен Күн |
4 | Бір жылда … бар. | 2.Төрт |
5 | Төрт саны … жұп сан. | 3.Төрт маусымға |
3 тапсырма: берілген мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, түрлерін ажырат:
1.Білекті бірді жығар, (есептік)
Білімді мыңды жығар.
2.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, (жинақтық)
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
3.Біреу тонып секірер, (жинақтық)
Біреу тойып секірер.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Ағайын – алтау, ана – біреу.
4 тапсырма: киелі жұп сандарды топтау сан есімдерге айналдырыңдар:
Төрт-төрттен
Алты – алтыдан
Жеті – жетіден
Тоғыз – тоғыздан
Он екі – он екіден
Қырық – қырықтан
5 тапсырма: тест
Тест тапсырмасы «Сан есім»
ІІ нұсқа
- – ншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
А) екі В) он сегіз С) мың Д) жиырма алты - Бөлшектік сан есімді табыңыз.
А) алтау В) елу жеті С) төртінші Д) екі жарым
- Есептік сан есімдер тобын көрсет:
а) он бес, елу екі в) он бесінші, елу екінші
с) алтау, жетеу д) он бестен,елу екіден
- Реттік сан есімдер тобын көрсет:
а) мыңдаған, жүздеген б) отыз бірінші,тоғызыншы
с) он-оннан, бес-бестен д) бес бүтін оннан төрт
- Жинақтық сан есімдер тобын көрсет:
а) он алты, он бес б) он бес-он алты с) бесеу, алтау д) он бес бүтін оннан алты
- Топтау сан есімдер тобын көрсет:
а) жиырма бестен, жүз елуден б) жиырма бес, жүз елу
с) жиырма бесінші, жүз елуінші д) екі жарым,үш жарым
- Болжалдық сан есімдер тобын көрсет:
а) отыздай, қырықтай б) отыз бүтін оннан алты
с) алтау, жетеу д) алтыншы, жетінші
Тест тапсырмасы «Сан есім»
ІІ нұсқа
- – ншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
А) екі В) он сегіз С) мың Д) жиырма алты - Бөлшектік сан есімді табыңыз.
А) алтау В) елу жеті С) төртінші Д) екі жарым
- Есептік сан есімдер тобын көрсет:
а) он бес, елу екі в) он бесінші, елу екінші
с) алтау, жетеу д) он бестен,елу екіден
- Реттік сан есімдер тобын көрсет:
а) мыңдаған, жүздеген б) отыз бірінші,тоғызыншы
с) он-оннан, бес-бестен д) бес бүтін оннан төрт
- Жинақтық сан есімдер тобын көрсет:
а) он алты, он бес б) он бес-он алты
с) бесеу, алтау д) он бес бүтін оннан алты
- Топтау сан есімдер тобын көрсет:
а) жиырма бестен, жүз елуден б) жиырма бес, жүз елу
с) жиырма бесінші, жүз елуінші д) екі жарым,үш жарым
- Болжалдық сан есімдер тобын көрсет:
а) отыздай, қырықтай б) отыз бүтін оннан алты с) алтау, жетеу д) алтыншы, екінші
ІІІ. Сабақты қорытындылау:
Тапсырма:сұраққа жауап беру
1.Үш жүзді атаңдар. (Ұлы жүз, Орта жүз, жүз)
2.Жігіттің неше жұрты бар? (үш: ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
3.Аптада неше күн бар? (7)
4.Қазақтың үш биін атаңдар. (үйсін Төле би, арғын Қазыбек би, алшын Әйтеке би)
5.Жеті қазынаға не жатады?
ІY. Рефлексия
— Ал, бүгінгі сабақта сендер көп мәлімет алдыңдар.Алған мәліметтерінің қаншалықты керек екенін өздерің шешесіңдер.
«Көңіл-күй гүлшоғыры».
Қызыл – проблема бар, көмек керек; сары – түсіндім шамалап; жасыл – бәрі дүрыс
- Бағалау
YІ. Үйге тапсырма:157 бет, 7 тапсырма диалогтерді толықтыру.