Ойыншықтар
Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с. Ленинградское
ГККП Детский ясли-сад «Еркетай»
Воспитатель
Хасенова Айгуль Какимовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас,шығармашылық
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты:
а) Өлең мәтінін түсініп, жатқа айта білуге үйрету;
ә) Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу;
б) Ой-өрісін дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, ойыншықтар, жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық қозғаушылық
Ұйымдастыру-шылық- ізденістік
Мотивация-лық- қозғаушылық |
Жылулық шеңбері
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!
Кіріспе әңгіме Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасырудан басталады. *Шіркіннің өзіне обал-ақ, Жүреді аяқта домалап. *Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. — Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз? Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар? Ендеше ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып, жаттаймыз. Өлеңді мәнерлеп оңу. Ойыншықтар Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды Ақыл айтсақ, бұйырсақ, Қуыршақтар ұйықтайды, Айтқаныңнан шықпайды. Бұзау, қозы құлыншақ «Ұйықта» десең, ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса, Осылары дұрыс па? Тентектігін қоймаса, Тұрғызармын бұрышқа. (Н.Әлімқұлов) Сергіту сәті Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып. Шетімізден шеберміз, Біз тынығып аламыз, Әсем сурет саламыз.
Сұрақ-жауап — Балалар, өлең сендерге ұнады ма? — Өлеңде не туралы айтылған — Ойыншықтармен қалай ойнау керек? — Ойыншықтар неден жасалады? Өлеңді жаттау. Дәптермен, жұмыс: 1. Суретке қарап әңгімеле. 2. Ойыншықтарды түріне қарай берілген белгілер арқылы қорша.
Қорытындылау. Сюжетті — желілі ойын: «Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау. Мақтау, мадақтау, жұлдызшалар беру.
|
Қимыл
арқылы жасайды.
Жұмбақтың шешуін табады. Доп Қуыршақ Ойыншықтар Өлең жолдарын мұқият, зейін қойып тыңдайды. Мағынасын түсінеді. Жаттығу жасайды. Ұнады Ойыншықтар Ұқыпты Әртүрлі заттардан Дәптермен жұмысты аяқтау, берілген тапсырманы орындайды.
Балалар қызықтап ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта біледі.
Игереді: ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрауды.
Меңгереді: ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.