Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ертегілер еліне саяхат

Умбетова О.К.
Ясли/сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан

Білім беру саласы: «Қатынас», таным, денсаулық
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасату арқылы ертегіде кездесетін кейіпкер туралы
білімдерін толықтыру. Ойлау, қайта жаңғырып еске түсіру. Қиялдау, шығармашылық
қабілетін дамытып, мәнерлеп сөйлеуге баулу. Ертегілер арқылы балаларды
адамгершілікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, қалашық
Билингвалды сыңары: ғажайып – удивительный, сиқырлы – волшебный, қалашық –
городок
Көрнекіліктер: қуыршақ тетатры, сиқырлы кітап, құм толтырылған жәшіктер, үнтаспа
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың
қызметі

Мотивациялық –
қозғаушылық

Ұйымдастырушылық

  • Балалар бүгін бізге қонақтар
    келіпті. Қашанда қонағын
    сыйлайтын халықпыз.
    Сондықтан бірінші
    қонақатарымызбен жақсылап
    амандасып алайық.
  • Үлкенге де сіз,
  • Кішіге де сіз.
  • Баршамызға құрметпен
  • Бас иеміз біз.
  • Сәлеметсіздер ме қонақтар
  • Балалар, бүгін көңіл – күйлерің
    қандай?
  • Жақсы болса, бүгін мен сендерді
    ертегілер еліне саяхатқа
    шақырығым келіп отыр.
  • Саяхатқа дайынсыңдар ма?
    Таңертең топқа келсем,
    үстеліміздің үстінен мына
    үнтаспаны тауып алдым. Бұл
    үнтаспаны бізге ертегілер елінің
    ханшайымы жіберіпті.
    (Үнтаспаны тыңдайды. Сиқырлы
    кітапты тауып алады.)
  • Балалар, енді осы сиқырлы
    кітамбымызбен ертегілер еліне
    саяхатқа аттанайық.
  • Ертегілер елі сондай әдемі екен.
    Иә, балалар, енді сиқырлы кітапты
    ашып көрейік. Тәрбиеші кітапты
    ашайын дейді, аша алмайды.
  • Сиқырлы кітап сен ашылу үшін біз
    не істеуіміз керек?
    (Үнтаспадан әуен естіледі. Кітап
    балаларға түсініксіз етіп бірдеңе

Балалар шеңберге
тұрып шаттық
шеңберін жасайды.

Жақсы

Иә

Балалар орындыққа
отырады.

Балалар қазақ тілі,

Ізденушілік

айтады. Тәрбиеші ғана оның тілін
түсінеді)

  • Балалар, сиқырлы кітап маған
    балалар 1 – ден 10 – ға дейін 3
    тілде санап берсін, сосын
    ашыламын дейді.
    (Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
  • Қане, көрейікші сиқырлы
    кітаптың ішінде не бар екен?
  • Қараңдаршы балалар, мына
    суреттерде ертегі
    кейіпкерлерінің орны ауысып
    кетіпті. Олардың орындарын
    табуға көмектесеміз бе?
  • Жарайсыңдар, балалар. Ал
    сиқырлы кітап, балаларға тағы
    қандай тапсырмаларыңыз бар?
    (Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
  • Балалар ертегілерден үзінді
    айтады.
  • Кітаптың екінші бетін ашуға
    дайынсызқдар ма ?Онда ашайық.
  • Балалар, мына суретте ертегі
    кейіпкерлері сендерден тығылып
    тұр екен, сол кейіпкерлерді іздеп
    тауып беру керек. Бұл қай ертегі
    екенін табу керек.
  • Сиқырлы кітап ертегілер елінде
    бізді тағы не күтіп тұр?
    Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін
    тілмен ертегі көруге шақырады)
    Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың
    құйрығы неге айыр?» ертегісі
    көрсетіледі.
  • Ертегі сендерге ұнады ма?
  • Қай кейіпкер ұнады?
  • Қарлығаштың құйрығы неге
    айыр екен?
  • Маса қандай жамандық жасайын
    деді?
  • Бұл ертегіде қарлығаш қандай
    екен?

орыс тілі және
ағылшын тілінде 10
–ға дейін санайды.

Ертегі
кейіпкерлерінің
бейнеленген суреті
бойынша
орналастырады.

Балалар қай ерегіден
үзінді екенін айту
керек

Суреттегі тығылып
тұрған кейіпкерелерді
табады

Иә ұнады
Қарлығаш, айдаһар,
маса
Себебеі зұлым масаға
жамандық істеуге
кедергі жасап, ал
айдаһар болсаоның
құйрығын жұлып
алды.
Маса кішкентай
баланың қанын
ауырып жатқан
айдаһарға беріп, оның
ауруын жазып алғысы
келді.
Бұл ертегідегі
қарлығаш мейірімді,

  • Сендер де сол қарлығаш сияқты
    ержүрек болғыларың кееді ме?
  • Бұл ертегі бізді неге үйретеді?
  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, кіп –
    кішкентай қарлығаш өзінен
    қанша үлкен айдаһардан
    қорықпай оған қарсы шығып,
    зұлымдықты болдырмай жеңіп
    шықты. Мен де сендерді
    болашақта адал, мейірімді,
    батыр, ержүрек азамат болып
    өседі деп ойлаймын.
    Жарайсыңдар балалар, ертегілер
    еліне саяхат сендерге ұнады ма?
    Ертегілер елі ғажайып екен.
    Балалар ертегілер елі одан да
    әдемі болу үшін, құм
    қалашығында өзіміздің ертегі
    әлемімізді жасайықшы.

батыр, ештеңеден
қорықпайтын
ержүрек екен.
Иә менде қарлығаш
сияқты батыр,
ержүрек болғым
келеді. Жақсылық
жасағым келеді.
Бұл ертегі бізді
мейірімді болуға, қай
уақытта болса да тек
жақсылық жасауға
үйретеді.

Балалар құм
қалашығында
ертегілер елін
жасайды.

Рефлексивті — түзетушілік Ертегі еліне ханшайым келеді.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар
  • Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
    Мен де сендердің сырттарыңнан
    қарап, риза болып тұрдым. Қандай
    білімді, алғыр, мейірімді, жақсы
    балалар екенсіңдер. Менің
    тапсырмаларымды да дұрыс
    орындадыңдар. Өз қиялдарыңдағы
    жасаған ертегілерің ғажайып екен.
    Сендерге көп – көп рахмет. Өзімнің
    ризашылығымды білдіріп, сендерге
    бір – бір ертегі кітабын сыйлағым
    келіп тұр. Балалар ертегілерді көп
    оқыңдар. Ертегілер бізді тек
    жақсылыққа үйретеді.

Ханшайым келеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегілер мазмұндарын біледі.
Игереді: Ертегі кейіпкерлердің дауыс ырғағын сала білуді меңгереді
Меңгереді: Өз қиялдарындағы ертегілер елін құм қалашығында жасай алады

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *