Ертегілер әлеміне саяхат. «Үш дос» ертегісін сахналау
Медерова Асима Маратқызы
Ясли сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан
Ұйымдасқан оқу технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық»
Бөлім: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат. «Үш дос» ертегісін сахналау».
Мақсаты:Балаларды ана тілімізді құрметтеуге, сөздік қорларын молайтып, тіл
мәдениетін жетілдіре отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру,
адамгершілікке, достыққа және эстетикалық танымын тәрбиелеу.
Зал әсем безендірілген, көңілді әуен ойналады.
Мотивациялық-қозғаушылық
Ерте, ерте, ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөрте екен…
Ертегіні бастайық,
Қиялдап бір тастайық.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жүргізуші:Балалар, сендер ертегіні, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегі білесіңдер? (Балалардың жауабы )
Қазір « Үш дос » ертегісінің қойылымын тамашалайық.
« Үш дос » ертегісі
Баяғы өткен заманда қозы, лақ, бұзау өмір сүріпті. Үшеуі дос болыпты. Бір күні
лақ достарына былай депті:
-Достарым, білесіңдер ме, күн кеш батқанда анау таудың артына тығылады.
Көрдіңдер ме?
Қозы: Иә, мен көрдім. Мә-мә-ә-ә
Бұзау: Менде көрдім. Мө-ө-ө-мөө
Сонда лақ тұрып былай дейді: Күннің қайда тығылатынын өз көзімізбен көрейік,
келісесіңдер ме достарым…
Қозы: Мә-мә-ә-ә, мен қуана-қуана барар едім, бірақ аналарымыз жібермейді ғой…
Бұзау: Мө-ө-ө-мө-ө иә, жібермейді,-деп мұңаяды.
Лақ: Онда қашып кетейік.
Үш дос күннің қайда тығылатынын көруге отарынан қашып кетеді. Күн ерекше
жарқырап, шуағын шашып, гүлдерін хош иісі аңқып, табиғат өз сұлулығын сыйлап
тұрғандай.. Үш дос келе жатып, өзенге тап болады. Сонда аңқау, қорқақ бұзау: Енді
не істейміз?-мө-ө-ө-мөө
Шапшаң лақ: м-ә-м-ә-ә-ә, секіріп өтеміз.
Бұзау: мө-ө-ө-мө-ө, мен қорқамын, -деп жыламсырайды.
Қозы: Мә-мә-ә-ә, менде қорқамын.
Батыр лақ тұрып өзеннің арғы бетіне секіріп кетеді, лақтың артынан қозы мен
қорқақ бұзау секіреді.
Жер-Ана, ұлан-ғайыр кең дала! Үш дос кең алқапта өскен көп ағаш, қалың тоғай,
орманнан өтеді. Кенеттен олар дорба тауып алады. Дорбаны ашып қараса, іші
аңдардың терілеріне тола екен. Сонда лақ тұрып:
-Бұл дорба бізге керек болады, өзімізбен бірге ала кетейік,-дейді.
Үш дос дорбаны өздерімен ала кетеді.Өз сапарларын ары қарай жалғастырады.
Үшеуі келе жатып, киіз үйді көреді. Киіз үйді жан-жағынан қарап, бақылап есігін
ашып қалса, ішінде аю ет жеп, қасқыр бауырсақ жеп, түлкі ән салып отыр екен.
Сонда түлкі: Достарым, келіңдер, отырыңдар, төрлетіңдер-дейді.
Аю: Қайда бара жатырсыңдар достар?
Бұзау: Базарға тауар алып бара жатырмыз. Мө-ө-ө-мө-ө
Қозы: Мә-мә-ә-ә мына терілерді сатуға бара жатырмыз-деп тауып алған дорбадағы
терілерді ала бастайды. Сасқан аңдар бір-бірлеріне қарайды.
Қасқыр: Ойбай, біздің де терілерімізді алмай тұрғанда қашайық-дейді.
Сонда қу түлкі: Қашқанда не бар одан да барлығымыз дос болайық-деп үй төлдері мен
аңдарды достыққа шақырады.
Түлкінің бұл ұсыныс-тілегін қасқыр аю және үш дос қоштай келеді. Осылай қасқыр, аю,
түлк, бұзау, лақ, қозы дос болады.
Үш дос күннің қалай кеш болып қалғанын байқамай күннің қайда тығылатынын іздеуді
ұмытып қосқа қайтып оралады. Әбден іздеген бақташылар қайтып оралған төлдерді көріп
қуанады.
Рефлексиялық түзетушілік
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
– Ертегі не туралы?
– Ертегі қалай аяқталды?
Жақсылыққа, бақытққа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Әдемі ел- тірегі,
Бізді өзіне елтеді
Тезге салып бұзықты,
Тербетеді еркені.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Жануарлар туралы қазақ халық ертегілерін білу.«Үш дос » ертегісінің мазмұнын
білу.
Игеру:«Жануарлар туралы ертегі» жайында түсінік болу.Жаңа сөздердің мағынасы
Меңгеру:Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алу.Ертегі желісінде болған
жағдайлардың адамгершілік мәнін түсіну, кейіпкерлердің қылықтарына өз көзқарасын
білдіру.Ертегі кейіпкер бейнесін білдіре білу, қимылы ,дауысы т.б