Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Денсаулық-басты байлық

Кулжанова Бахит Алтынбековна
ГККП Ясли-сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан

Денсаулық-басты байлық ( Отбасылық  спорттық  мереке )

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Жүргізуші:
Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.
Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер.
Бүгінгі сайысқа “Еркетай” тобы ата-аналары қатысқалы отыр.
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1-ші Ата-аналары:
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,  Бәріміз  біріміз  үшін,

2-ші Ата-аналары:
Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.

3-ші тобы Ата-аналары :

Ұраны:Шынықсан шымыр боларсын.

Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
1-“ Секірмек ” кезек берелік.
Ойын шарты:

Уақыт санағы басталды деген белгіден бастап, скакалкамен секіріп жалауды айналу.

Жүргізуші:
Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
2-“Тез адымда” сайысы.
Ойын шарты:
Уақыт санағы басталды деген белгіден бастап қапшық киіп, секіріп себеттен — себеттке доптар тасу.

 

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
3-“Кім епті” сайысы .
Ойын шарты:
кедергілерден өту, арқылы кім епті екенін тану.

Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
4-«Кім жылдам»сайысы.
Ойын шарты:

Улкен допты апарып кедергіден кіші допты акелу арқылы жылдамдықты анықтау.

Жүргізуші:

Ата – анадай қамқор болмас өмірде,
Саналық бар өсіп – өнген білімде.
Шарапат ал жаныңа күлім күніге
Елім өсер қарап – ақ білімдіге,- демекші

5- «Мақал – мәтелдер» сайысы.
Ойын шарты:

Аяқталмаған мақал – мәтелдерді жалғастыру

1.Бала жас шыбық қалай исең, солай иеді.
2.Бала жақсы болса қуаныш, жаман болса күйініш.
3.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
4.Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

5.Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

6.Ананың ізін қыз басар,Атаның ізін ұл басар.

7.Ана алдында – құрмет, Ата алдында – қызмет.

8.Баланың бас ұстазы – ата-анасы

9.Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

  1.  Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
  2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
  3. Бала — адамның бауыр еті.
  4. Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.
  5. Ұл – қоныс, қыз — өріс.
  6. Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе?
  7. Ұяты жоқ — ұл жаман, Қылығы жоқ — қыз жаман.
  8.  Балам – балым, баламның баласы – жаным.
  9. Атадан ұл қалса — өзі қалғаны, Қыз қалса – ізі қалғаны.
  10. Талапты бала – талпынған құстай.
  11. Жеті атасын білмеген — жетімдіктің белгісі.

Жұмбақтар:

Үш тілі бар,Тықылдаған үні бар(сағат)

Ұзын мойны,Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.(домбыра)

Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.(жаңбыр)

Керек санды тересің,Елге сәлем бересің.(телефон)

Жүргізуші:
Жарқын,шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.
(  Қортындылау, мадақтау ).

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *