Таудың пайда болуы
Казахстан, Костанайская область, Тарановский район
КГУ «Тобольская средняя школа №116 отдела образования акимата Тарановского района»
Учитель казахского языка и литературы
Аханова К.К.
Сынып: 8
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік: «Табиғат» тақырып төңірегінде сөйлей білу. Туынды зат есім, зат есім жасайтын жұрнақтары ережелерін қолдана білу.
2.Дамытушылық: Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу. Сауатты сөйлеуге, жазуға үйрену.
3.Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: интерактивті құралдарды пайдалану әдісі, ой қорыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: мультимедиялық кешен, бейнематериал, А2 парақтары, бағалау парағы.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлеметсіздер ме, балалар!
Әнұранды орындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а/ Тауға қатысты сөздердің мағынасын білу. (2- тапсырма).
- Шың – таудың ұшар басы, биік жері.
- 2. Төбе – топырақ, құм немесе тастан үйіліп қалған биік дөң, шоқы.
- 3. Қойнау – жан-жағы биік тау немесе қырат, жоталармен қоршалған жазық.
- 4. Бөктер – таудың биік қапталының , жотаның жоғарылау баурай жағы.
ә/ «Шың» сөзінің шыққан тегін білу (3- тапсырма)
Шың – таудың ең биік, ұшар басы. Ертеректе «шың» сөзінің мағынасы басқаша болғанын кейбір түркі тілдері арқылы білеміз. Мысалы, якут тілінде «чааңы» тұлғасындағы сөз біздің түсінігіміздегі «жалаңаш жартас» дегенді ұғындырған. Ал тунгус тілдерінде «йаң» сөзі тек қана «жартас» ұғымын берген. Міне, осыдан барып «шың» сөзі пайда болған.
б/ туынды зат есімнің жасалуын, зат есім тудырушы жұрнақтары, оларға мысал келтіру.
ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, барысын хабарлау. Бағалау парағын толтыру шартымен таныстыру.
Кіріспе әңгіме:
а/ бейнематериалды «Қазақстанның таулы аймақтары» тамашалау.
ә/ «Ой шақыру» стратегиясы. Оқушылар Қазақстан таулары жайлы мәліметерді жеке-жеке атайды.
«Қазақстан таулары туралы біз не білеміз?» — деген сұраққа жауап береді.
Мәтінмен жұмыс:
а/ жаңа сөздермен жұмыс: дауыстап оқу, сөз тіркес, сөйлем құрастыру.
ә/ 1 оқушының комментарийі арқылы оқушылар сөздік дәптерлеріне сөздерді көшіреді.
Сөздік
Көтеріңкі – возвышенный
Өркештеу – горбиться
Заңғар – высочайший
Құзды – скалистый, с утесами
Түзілу – образоваться
Жаншу – придавить
Тау қатпары – горные складки
Қозғалыс — перемещение
ә/ мәтінді түсініп оқу /іштей 2 мин оқиды/.
1-тапсырма.Таулар қалай пайда болды?
Тау – жер бетінен жоғары да көтеріңкі өркештене тізбектеліп, созылып жатқан заңғар құзды биіктік (1 сұраққа жауап).Таулардың түзілуіне мыңдаған жылдар керек. Көптеген таулар жердің бір платформасы басқасын жаншып жатқанда пайда болған (2 сұраққа жауап ). Платформаның шетіндегі жартастардың бірін-бірі жаншуынан орасан зор қатпарлар пайда болады. Таудың биік басына қарай климат суыта бастайды(3 сұраққа жауап). Кейбір таулардың басында суық болғаны соншалық, олардың ұшар басындағы қар жыл бойы ерімейді. Тау қатпары түрлі тау жыныстарынан тұратын бірнеше қабаттан тұрады. Олар оңай жіктеледі және жер тақталарының қозғалысынан бүгіледі.
б/ бейнематериал тамашалау /география пәнінің мұғалімі қосымша қызықты ақпаратпен бөліседі/
в/ мәтінге байланысты берілген сұрақтарға жауап беру /фронтальды/
Сұрақтар /оқулықтан/: /оқушылар ауызша жауап береді/
- Тау деген не?
- Таулар қалай пайда болған?
- Таудың биік басына қарай климат қандай болады?
- 4. Қазақстандағы қандай тауларды білесіңдер?
(4 сұраққа жауап :Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Талас Алатауы, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, Тарбағатай, Мұғалжар)
г/ Жоба жасау /топтық жұмыс/:
Оқушылар бейнематериал және мәтін материалы негізінде А2 парағына «Таулар» атты жоба жасайды /7-10 мин/.
Екі-екіден әр топ оқушылары тақтаға шығып өз жобасымен танытырады.
4.4-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша диалог құрап, өзара сөйлестіру.
Қазақстан жеріндегі таулар
Қазақстан жерінде Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Талас Алатауы, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, Тарбағатай, Мұғалжар тағы басқа таулар созылып жатыр.
Тау өсімдіктері өте суық климатқа төзімді келеді.
Гималайдың орташа биіктігі 7620 метр. Гималай – жердегі ең биік тау тізбегі. Оның 26 шыңы бар. 1953 жылы ағылшын альпинистері әлемдегі ең биік шың Эвересті бағындырды.
Алатау – Жетісу мен Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпы атауы. Алатаудың басынан етегіне дейін көпжылдық мұздақтар мен қар басып жатыр. Алыстан қарағанда осылар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты шыққан.
Алматы қаласы Іле Алатауының баурайында орналасқан.
а/ Оқушы мәтінді түсініп оқиды.
ә/ оқушыларға мәтін бойынша сұхбат құрастыру тапсырмасы беріледі.
1-топ: «Медеу» мұз алаңында
2-топ:»Шымбұлақ» тау шаңғы курорты
3-топ: Көкшетау өңірінде
ІІІ. Бекіту:
Жазбаша тапсырмалар:
5-тапсырма. Тау атауларын теріп жазып, есте сақтау.
Тест орындау (оқушыларға орындауға уақыт беріледі, бағалау нормасы айтылады, бағалары ьағалау парағына енгізіледі)
1. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) Еңбекті. В) Еңбекші. С) Еңбекпен. Д) Еңбегің. Е)Еңбектен.
2. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.
А) Сөйлем. В) Қолға. С) Мектеп. Д) Әке. Е) Кеңесші.
3. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.
А)Септік жалғау В)Көптік жалғау. С)Жіктік жалғау. Д)Тәуелдік жалғау. Е)Жұрнақ.
4. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Дүкен. В) Жерде. С) Айна. Д) Жазушы. Е) Ән.
5. Туынды сөзді табыңыз.
А) Аң, шатқал В) Жұмыскер, оқушы. С) Жол, шың Д) Оқ, қырат Е) Ас, таулар
6. Жер-су аттарына қатысты жалқы есімді табыңыз.
А) Төле би. В) Асанқайғы. С) «Ботагөз» Д) Ақтөбе. Е) «Астана хабары»
7. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз.
А) Күйшы. В) Қобызші. С) Домбырагер. Д) Биші. Е) Сауынші.
8. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Үйдің. В) Көшеге. С) Даңғылдан. Д) Кітапхана. Е) Салтанатпен.
9. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Елім. В) Елдік. С) Елмен. Д) Елде. Е) Еліміздің.
10. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте. В) Мемлекеті. С) Мемлекеттік. Д) Мемлекеттің. Е) Мемлекетім.
ІV.Сабақты қорытындылау.
Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» техникасы. Оқушылар «Табиғат …» деп өз ойларын айтады. Мысалы:
- Табиғат дегеніміз – Жер-Ана!
- Табиғат дегеніміз – салауатты ұрпақ!
- Табиғат дегеніміз – біздің жарқын болашағымыз!
- Табиғат дегеніміз – қоршаған әлемнің әсемдігі!
- Табиғат дегеніміз – біздің ортақ үйіміз!
- Табиғат дегеніміз – ел байлығы, мақтанышы!
- Табиғат дегеніміз – тамаша демалыс орындары!
- Менің тілегім – адамдардың табиғатқа қамқор болуы!
- Менің тілегім – ауа, жер, судың ластанбауы!
- Менің тілегім – Жасыл әлемімізді көркейту!
- Менің тілегім – экологияны сақтау!
- Менің тілегім – табиғи ресурстарын үнемдеп пайлалауы!
- Менің тілегім – Қызыл Кітапқа тіркелген жануарлар жойылмасын!
- Менің тілегім – еліміздің табиғаты әрқашан гүлдене берсің!
V.Үйге тапсырма беру: 6-тапсырма. «Қазақстан жеріндегі таулар» деген тақырыпта шығарма жазу.
VI.Бағалау: бағалау парағы арқылы.3 топ
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушының аты-жөні |
1.Ереже
|
2.Сұрақтарға жауап беру
|
3.Жоба бойынша жұмыс
|
4.Сұхбат құрастыру |
5.«Дұрыс-бұрыс» парағы |
6 .Тест |
Қорытынды баға |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|