Тексеру түрлері
Казахстан, Восточно-Казахстанская область, г. Семей
Педагогический колледж им. М.О. Ауэзова
Преподаватель педагогики
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Сабақтың мақсаты: Тексеру түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Тексеру түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тексеру түрлері жайлы дүниетанымын қалыптастыру, ақыл-ойын, жүйелі бірізді баяндауын дамыту.
Тәрбиелік: Тексеру түрлері орындауға дағдыландыруға, өмірге, еңбекке, әлеуметтік іс-әрекетке, көп ізденіп ақпарат жинауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Дәріс сабағы
Пәнаралық байланыс: Психология. Философия.
Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы, АКТ
Сабақ көрнекілігі және оқытудың техникалық құралдары: Интерактивті тақта. Презентация материалдары. Педагогикалық жағдаяттар.
Әдіс-тәсілдері: хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кластер.
Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
- Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова. «Педагогика» Оқулық. Астана. 2007ж. 469-б.
- С.А.Мұсаева, Т.Б.Бегалиев. «Жас ерекшелік педагогикасы». Оқулық. Астана, 2006ж. 430-б.
- Ж.Әбиев., С.Бабаев., А.Құдиярова «Педагогика» Алматы, 2004ж. 213-б.
Қосымша әдебиеттер:
- Аванесов В.С. Формы тестовых заданий. Учебное пособие. –М., 1991. – 52с.
- Талызина Н.Ф. Контроль и его функции в учебном процессе.// Советская педагогика.-М., 1989. -№3. –С.11-18.
- Шәкілікова С., Қағазбаева А. Стандарттың орындалуы– мамандар дайындаудың сапасына қойылатын басты талап.// Қазақстан жоғары мектебі. -№1 1999.172-175б
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқу іс-әрекеті мотивациясы
ІІІ. Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа материалмен таныстыру.
Ү. Өзіндік жұмыс
ҮІ. Бекіту кезеңі
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
ІХ. Бағалау
Х. Рефлексия
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу!
- Кабинет тазалығын бақылау, білім алушылардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауын қадағалау, бақылау.
- Білім алушыларды түгендеу, оқу журналымен, баянатпен жұмыс.
- Оқу іс-әрекеті мотивациясы
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, С.Ф.Сухарский, Е.И.Перовский, Н.В.Чертинский, П.Горбунов, В.О.Онищуктің, А.К.Исақов, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
- Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
- Жаңа материалмен таныстыру. /гипермәтін/
- Топтық тапсырманы орындау
І-топ:
ІІ-топ:
ІІІ-топ:
ІҮ-топ:
Ү-топ:
ҮІ-топ:
ҮІІ-топ:
- Бірінші бекіту кезеңі
Тексеру түрлеріне талдау жасау
Тексеру түрлері | Талдау |
Рейтинг — тестік жүйе | |
Тест — оқытудың бөлігі | |
Күнделікті бақылау | |
Тақырыптық бақылау | |
Аралық бақылау | |
Қорытынды бақылау | |
Ауызша сұрау |
- Үйге тапсырма беру:
Тексеру түрлеріне талдау жасау
- Сабақты қорытындылау
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
Тақырыптық бақылау — оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушы-лардың есіне салады.
Қорытынды бақылау — барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі.
- Бағалау
Сабаққа қатысуларына қарай бағалау
- Рефлексия
Білім алушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Маған қызықты болған кезең | Ұтымды жауап берген білім алушылар | Білдім | Білгім келеді |
|
Тексеру түрлері
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың »5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг — тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Рейтинг — ағылшын тілінде Іогаі — »бағалау» немесе »жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүйесінің мақсаты:
— оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
— оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
— оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;
— оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру; тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест — оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.
Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерек-шелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.
Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық (текущий),
ә) аралық (рубежный),
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі, тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді; уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады; бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді; тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.
Қорытынды бақылау: зачет, емтихан. Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі. Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі. Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет. Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі. Оқушылардың білімін бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар.
Арнайы жүргізген психологиялық зерттеулер көрсетуінше, жауап берген жоғары сынып оқушыларының 50% жуығы »Мұғалімдер біздің білімімізді дұрыс бағала-майды, көбінесе шын дәрежесінен төмен бағалайды», — деген, ал 10% »Артық бағалайды», — деген. Оқушылардың көпшілігі: »Біздің шамамыз бен біліміміздің сапасына және оқудағы табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы дұрыстау, дәлірек баға беретін мұғалім де, тіпті бірге оқитын сынып-тастар емес өзіміз», — деп жауап берген. Бірақ оқушылардың мұғалім мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі түзетуі бір-бірімен тығыз байланысты процестер. Сондықтан оқушылардың дербестігін, белсенділігін арттыруда мұндай өзіндік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.
Ауызша сұрау — сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты, бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен тұрады.
Бірінші — мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады. Мұғалімнің беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек.
Екінші — оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.
Үшінші — оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың төртібі. Ең бастысы — бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні — сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекет. Оқу-шылардың білімін тексеру тек бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады.
Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау оқушыларга қызықты болу үшін теориялық білімдерді тәжірибеде қолдандырған жақсы, сонда ғана оқушы өз білімінің дұрыстығына көзі жетіп, оны түзетеді, толықтырады, білімнің пайдасын түсіне бастайды. Өте маңызды тәсіл — өз жолдастарының жауабына оқушылардың әділ баға беруін мұғалімнің ұйымдастыруы. Бұл тәсілді қолданып, мұғалім оқушыларға жауаптарды талдаудың бір үлгісін береді. Онда жауапқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Олар: дәлелділік, дұрыстық, жүйелілік, сөйлеу мәдениеті, білімді тәжірибеде қолдана білу. Нәтижесінде баға жауап берген оқушыға да, жауапты бағалаған оқушыға да қойылады.
Білімді ауызша тексеру түрлері: жаппай сұрау, білімді компьютер арқылы тексеру, жеке оқушылардың білімін тексеру. Өкінішке орай көптеген мектептерде Бұл кезеңнің мәні бұрмаданады. Біріншіден, кейбір мұғалімдер оқушыдан оқу материалын қатесіз айтып беруді талап етеді. Бірақ баланың есте сақтау қабілетінен гөрі, ақыл-ойын бақылау керек, себебі оқыту баланың ойлау қабілетін дамытады.
Баланың есіне көп мағлұматтарды сала бергеннен пайда жоқ. Білімнің тереңдігіне, түсініктілігіне, іске басшы бола білетіндігіме назар аудару керек.
Екіншіден, осы кезеңде мұғалім тақтанық алдында жауап айтып тұрған оқушымен жұмыс істеп жатқанда, қалған оқушылар бос отырады. Мұндай тексеру баланың оқуы мен тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді. Орташа есеппен сабақ сұрауға 15 минут кетеді, осы уақыт ішінде көп оқушылар бос отырса, онда олар үшін уақыттың босқа кеткені. Сыныптың төртібі, зейіні нашарлайды, оқушы мұғалімді алдауға, іссіз жүруге үйренеді. Егер ауызша сұрау кезінде бір оқушы жауап беріп, қалғандары бос отырса, онда 11 жыл ішінде әр оқушының 1,5-2 жыл уақыты босқа өтеді екен.
Оқушының тақтаға шығарған есебін немесе жазған қиын сөзін басқалары дәптерлеріне көшіріп алуы да ақыл-ой жұмысын туғызбайды.
Білімді тексеру дұрыс ұйымдастырылғанда ғана, ал оқушылардың білімі мен дамуына жақсы ықпал етеді.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
— білімді тсксерудің жаппай, жеке түрлерін қолдану;
— білімнің беріктігін, тереңдігін тексеру үшін қосымша сұрақтар беру;
— білімді қолдандыру үшін балаға таныс емес жағдаяттарды айту;
— жолдастарының жауабын тыңдап, дәлірек жауап беруге әзірлену үшін сыныптың оқушыларына тапсырмалар беру;
— жұмыстың маңыздылығына оқушылардың көзін жеткізу.
Кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысының алдында тұрған міндеттердің орындалғанын дәлелдейтін көрсеткіштер:
- білімнің көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибеде жұмыс істей алатындығын мұғалімнің тексеруі;
- оқушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін, өздік жұмыс тәсілдерін жетілдіру үшін берілген нұсқаулар;
- жекелеген оқушылардың білімдерін тексеріп жатқанда сыныптың белсенді түрде жұмыс істеуі.
Білімді тексеру — оқушылардың жұмысына педагогикалық бақылау, оқушылардың білімдерін бекітетін, нақтыландыратын, түсінікті ететін, жүйелейтін, оқушылардың өз білімдері мен іскерліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретін, оқушыны өзіне бақылаттыратын маңызды және әділ тәсіл.