Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Жазғы демалысымды кімдермен өткіздім?

Казахстан,Атбасарский район
КГУ»Полтавская средняя школа отдела образования Атбасарского района»
Учитель казахского языка и литературы
Сыздыкова Акжан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты толық түсіндіру. Жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру. Оқушылардың ой — өрісін дамыту үшін түрлі тапсырмалар орындау.Диалог арқылы өзара сөйлесе білуге үйрету. өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.

 

Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру қабілетін, ойлау қабілетін дамыту

 

Тәрбиелік: Жаз мезгілі туралы тәрбиелі әңгімелер айту; Ағаштарды сындырмауға, өзендерді түрлі тапсырмалар орындау; ластамауға үйрену; Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың формасы:Сыныппен,топпен

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойландыру, сұрақ – жауап, аударма,іздендіру

Көрнекілігі: жаздың суреттері, тірек сызбалар,интерактивті тақта,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

 

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

а. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә. Сынып тазалығын тексеру.

б. Оқушылардың назарын өзіме аудару.

в. Жаңа сабақ

II.Үй тапсырмасын тексеру

Жазғы демалысыңды қалай жоспарлар едің? (эссе)

III.Жаңа сабақ

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Жаз-жылдың төрт мезгілінің бірі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі.

 

Жазғы демалыс туралы ой қозғау. (2 топ өз ойларын айтады)

ата-анаммен Бауырларыммен

ата-әжеммен Достарыммен

 

Сұрақ:Жазғы демаласымды кімдермен өткіздім?

Оқушылар осы сұраққа жауаптарын сурет бойынша айтады.

екі топ бір-бірін бағалайды

. IV.Жаңа сабақты бекіту.

1- тапсырма. Берілген сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

І топ

Мен жазғы демалысымда…..………….

Соның ішінде ұнағаны…………………..

Лагерьге де…………..……………..

Мен бассейнге…….…………….…………….…..

ІІ топ

Жазғы демалыс…………………….…………..

Достарым шетелге…………………….……..

Мен ата-әжеме…….…………….……………

Жазғы демалыста…….…………….……..

2 – тапсырма.Жақшаны ашып,сөйлем құраңдар.

1. (болады екен), (концерттік шара),(бүгін),(лагерьде)

2. (Оқушылар), (жылы), (барады),(арнайы бағдарламамен), (келесі),(шетелге)

3- тапсырма. Берілген тіркестердегі сын есімдердің жұрнақтарын

анықтаңдар..Сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Үлгі:Қақпаның сыртында қабаған ит жатыр.

Қабаған ит,бақытты бала,бұлтты аспан,ақылды адам,тапқыр бала,шыдамды жігіт,ашық есік,өнерпаз оқушы,аспалы шам.

4-тапсырма. Берілген диалогті оқып,өздерің жазғы демалысты кіммен өткізгендеріңді айтып беріңдер.Қарамен жазылған сөздің қандай сөз табы екендігін анықтаңдар.

Аса,өте,ең,тым

V. Қорытындлау

Мақал-мәтелдерді аяқтап жаз,мағынасын түсіндір.

І-топ

1)Қыс азығын …………….……..

2)Не ексең,……….……..

ІІ-топ

1)Арпа, бидай —

Ас екен,

…………….…..

…………….…..

2)Жаздың бір күні,………..……..

VI.Үйге тапсырма

5-тапсырма.

Жазғы демалысыңды кіммен өткізер едің?(эссе жаз

VII.Бағалау.Оқушылардың еңбегін бағалау

 

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *