Семей полигонының қасіреті
Сабақтың мақсаты: Семей ядролық полигонының қасіреті мен орны толмас зиянын кейінгі
ұрпаққа жеткізу.Жеке тұлғаның бейбітшілікті сақтаудағы өз үлесінің
болуы ұғымын қалыптастыру;
Сабақтың міндеттері:
- білімділік міндеті-Семей полигоны қасіреті тарихының мағанасын ашып.туған жердің
ащы шындығы туралы жан-жақты білім беру:
- дамытушылық міндеті-тұлғаның көпшілік ортада ашық, жүйелі сөйлей білу,ой-пікірін
білдіре отырып, қосымша деректер мен құжаттарды пайдаоқлана
отырып,ізденушілікке, шығармашылық жұмысқа баулу;
- тәрбиелік міндеті— тұлғаның өз Отанына , жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
экологиялық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: пресс-конференция
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы;
Семей ядролық полигоны аумағы картасы;
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев портреті;
О.Сүлейменовтің суреті; куреттересте-сызбалар мен
иллюстрациялық суреттер,т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі-( жұмыс бағытының мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, оқушыларды топқа бөлу, сабаққа бейімдеу.)
- Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі🙁 ғалым оқушылар:т арихшы, атқарады.)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері ғасырларға тең жолдардан
өтті. Солардың бірі -ұзақ жылдар сынақ орталығы болған Семей ядролық полигонының жабылуы.Семей ядролық полигоны еліміздің басына қасірет болып жабысқан отаршылдық саясаттың тағы бір қылмысы.Ақырзаман аждаһасы атанған ядролық қаруды сынау тек бір халықтың басындағы қасірет емес, ол күллі тіршіліктің жауы.
Тарихшы: Семей ядролық полигонын ашу туралы КСРО Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды.1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында
алғашқы жарылыс жасалды. Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл қасірет 40 жылдан астам
уақытқа созылды.
Географ : Семей ядролық полигоны аумағы 8.372 шаршы шақырым. Орналасқан жері –
бұрынғыСемей және Павлодар,Қарағанды облыстарының түйіскен жері.Осы облыстардың кілең қазақтар тұратын шұрайлы жері атом тажалханасына айналып, жергілікті халық атамекенінен басқа аймақтарға күштеп көшірілді. Сынақ алдында Абай, Абыралы аудандары тұрғындары 200-250 шақырым аулаққа көшірілді.Шығын құны деп әркімге 50 сомнан
(ол кезде 500 сом) ақша берді.
Физик:1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ Долон, Белтерек, Саржал, Қарауыл және Қайнар елді мекендерінің аумағында 150 рентген-сағатқа дейін білінді.1949 жылы Қайнар мен Белтеректегі радиоактивті фон 130-140 р-сағ.. нақты деректер бойынша 248 р-сағ. болды. 1951 жылы сәулелік зардап шегу дозасы Қайнарда 248 рад., Саржалда 220 рад., Қарауылда 260 рад. көлемінде болды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.
Радияциялық бөліктерге бөлінген шектер мына кестеде көрсетілген:
Ауру түрлері | Ауырғандардың
көрсеткіштері |
Өлгендердің
көрсеткіштері |
1990, 1989, 1988 | 1990, 1989, 1988 | |
Қатерлі ісікпен ауырғандардың
Саны,оның ішінде әртүрлі рак Ауыруымен ауырғандар және өлгендер |
203,9 196,4 191,4 | 112,8 149,8 109,8 |
Тыныс жүйесінің рагі | 34,9 34,8 31,8 | 24,1 39,7 20,4 |
Асқазан рагі | 28,8 24,1 25,6 | 18,0 20,7 20,0 |
Қылтамақ рагі | 20,6 20,4 21,4 | 14,6 20,9 15,9 |
Химик: полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын жару
ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңдерде қауіпсіздік шаралары қолданылмады.
1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін 18 жарылыс жасалды. 1989 жылы 12 ақпанда қуаты 90 килотонна жарылыс болды. Бұл жолғы радиоактивті газдар ағыны полигонға тікелей жақын жатұан аудандарды айтпағанның өзінде , Семей қаласында радиация мөлшері 450 микрорентгенге жетті.
Демограф: Семей поигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мың
адам тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының халық саны да өте көп мөлшерде азайған.
Дәрігер: Полигон зардабы адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр әсерін тигізіп отыр.Полигонға жақын тұрғындар арасында жүрек-тамыр, онкология аурырулары ,лейкоз, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы оқиғалары жиі кездеседі.Өлім көбейді. Біздергі ионданушы радияцияға байланысты туындаған ауыруларға диагноз қоюға тиым салынды.1975-1985 жылдары онкологиялық аурудан қайтыс болған Семей облысының тұрғындары саны 7 есеге дейін өсті Сәуле ауруына ұшыраған аймақтар: Абай ,Абыралы (бұрынғы Семей облысы) және Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандары (Қарағанды облысы).
Бүгінгі күні полигон жабылып, ядролық сыныақтар жасау тоқталғанымен жергілікті
Халықтың азап шегуі одан әрі жалғасуда.Психологиялық аурудың саны үдей өскені
байқалуда. Қатерлі ісіктің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны белгілі, осының салдарынан қан азаюы ауруы, әсіресе, балаларда 65-70 % кездеседі.Семей өңіріндегі тұрғындардың қатерлі ісікпен ауырғандары мен өлгендерінің 100 мың адамаға шаққандағы көрсеткіші төмендегідей:
Ауру түрлері | Ауырғандардың
көрсеткіштері |
Өлгендердің
көрсеткіштері |
1990 1989 1988 | 1990 1989 1988 | |
Қатерлі ісікпен ауырғандар-
дың саны, соның ішінда әртүрлі рак ауырымен ауырғандар және өлгендер |
203,9 196,4 191,4 |
112,8 149,8 109,8 |
Тыныс жүйесінің рагі | 34,9 34,8 31,8 | 24,1 39,7 20,4 |
Асқазан рагі | 28,8 24,1 25,6 | 18,0 20,7 20,0 |
Қылтамақ рагі | 20,6 20,4 20,4 | 14,6 20,9 15,9 |
Тарихшы: 1989 жылы ақпанда « Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Осы қозғалыстың
нақты жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі —
О.Сүлейменов. 1989 жылы 6 тамызда – Қарауыл ауылы жанында «Невада-Семей»
Қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Қаралған мәселе: КСРО мен АҚШ
Сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.
ІІ. Сұрақ-жауап кезеңі: ( журналист тобындағы оқушылар оқушы-ғалымдарға сұрақтар қоюы)
1.Физикке: -полигон аумағында түрлі зерттеу,эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз.
Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?
Жауап: Ең бастысы «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, «Дегелең» тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Үшіншісі, «Балапан» алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.
2.географқа: -жалпы полигон орнын білдік, оның атауы туралы білсек?
Жауап: полигонды «Семей-21» деп те атаған.Оған қоса қаланың Курчатов деген екінші аты да бар болатын.Бұл ат 1974 жылы қалаға ғылымға орасан зор үлес қосқан аса дарынды ғалым-
физик Курачтовтың аты беріледі.
3.Дәрігерге: Семей қаласында «Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер» деп аталған больницада
кімдер емделді?
Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл «диспансер» жұмыс істей берді, бірақ, «Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты» деп аталады.
4.тарихшыға: Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?
Жауап: 40 жылда 470 атом жарылысы жасалған, орта есеппен жылына 11,5 рет бомба жарылған. Онымен қоса 1963 жылға дейін жер үстінде және әуеде 118 ядролық бомба
жарылды. Мұндағы жер үстіндегі және жер астындағы жарылыстың жалпы қуаты
Хиросимаға тасталған бомбадан 1000(!) есе асып түседі екен.
5. Дәрігерге:- адам бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде қауіпті жағыдай туады?
Жауап: Медициналық өлшем бойынша әр адам жылына 0,5 бэрден артық радиация алуына болмайды. Бүл рак, ақ қан, жүрек-қан тамырлары сияқты ауруларды қоздырады. Жоғарыда аталған үш облыстың полигон аумағындағы халықтың,яғни, 1,5 миллион халық 1 бэр және одан да көп мөлшерде радиация алған.
Мұғалім : 1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.Оның тарихи маңызы :-алғаш рет ең ірі полигон жабылды;- жалпыға бірдей ядролық қарусыздандыру процессіне үлес қосылды;- Ресей, АҚШ, Франция полигондарына мораторий жарияланды.Қазақстан дүниежүзі елдері алдында өзінің бейбітсүйгіш ел екенін дәлелдеді.
Сабаққа қортынды: бүгінгі сабақта КСРО мемлекеті тұсында жүргізілген өктемдік саясаттың зардабы болып еліміздің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырған Семей ядролық полигонының Тәуелсіздікке апарар жолдар кезінде жабылуы, оның Тәуелсіз еліміздің дамуындағы орыны айта отырып келешек еліміздің тірегі болып саналатын сендердің болашақта еліміздің нық қадаммен алға басуына өз үлестеріңді қосатындарыңа сенемін.
Ән: « Заманай»
Үй тапсырмасы: эссе жазу, тақырыбы «Әлемдегі бейбітшілік- менің тыныштығым»