Су. Судың күйі
СОСШПА №7
Учитель начальных классов Абдрашева Индира
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Су туралы жалпы түсінік беру.
2.Табиғаттағы сулың үш күйімен танытыру;судың маңыздылығын ұғындыру.
3.Табиғатты аялауға,жер байлығын үнемдеп пайдалануға тәпбиелеу.
Жұмыс түрі: әңгіме,талдау-жинақтау,талқылау,оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Қажетті құралдар: оқулық,үлестірмелі парақшалар,сызба,глобус,Жер шарының жартышар картасы.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,математика,қазақ тілі.
Проблемалық сұрақ: су деген не? Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
Сабақтың барысы:
І.Психолгиялық дайындық.
Мұғалім оқушыларға жұмбақты шештіру арқылы бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Жылт- жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Мониторинг кестесі арқылы оқушылардың су туралы бастапқы білімдерін анықтау. І-ІІ бағанды ғана толтыру.
+
Білемін |
—
Білмеймін |
?
Білгім келеді |
2.Окулықпен жұмыс.
«ЖИГСО» стратегиясы бойынша мәтін толығымен талқыланады. «Су» тақырыбын мұғалім алдын-ала 4-5 бөлікке бөліп қояды.Сол бөліктер 4 адамнан құралған. Топ мүшелері оқиды және талқылайды.Топ мүшелері өз тобының мүшелерін басқа топта сарапшы парағы бойынша талқылау қорытындыларымен таныстырады. Топта талқыланып болғаннан кейін, екі-үш топтың қорытындылары айтылып,оқушылардың «судың қасиеті»атты жаңа тақырып туралы түсініктері қалыптаса бастайды.
3.Оқудан кейінгі әңгімелесу.
-Өздеріңе керекті жаңа мәләмет таба алдыңдар ма? (Жаңалықтарымен/табыстарымен топта бөлісу).Мәтіннің соңында берілген сұрақтарға жауап беру.Мәтінде берілген мағлұматпен өздерінің алған білімдерін салыстыру,талдау.
«Мониторинг» кестесінің III бөлімін толтыру.
4.Шығармашылық жұмыс.Жұппен жұмыс
Глобус арқылы жердің ¾ бөлігін су алып жатқандығын дәлелдеу.
5.Дәптермен жұмыс.Тапсырмаларды жұппен талқылап,кестені толтыру.2-тапсырма бойынша судың әртүрлі күйін анықтау.
III.Сабақты қорытындылау.Рефлексия.
1.Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
2.Қандай температурада су қатты түрінен газға айналады?
3.Бұл білім сендердің өмірлеріне қажет пе?
4.Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
5.Су қандай жағдайда сұйық күйден қатты және газ күйіне өзгереді?
IV.Үйге тапсырма беру.Мәтінді оқу.Суға байланысты жұмбақтар жаып келу.