Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Тостаған

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с.Ленинградское

ГККП Детский ясли-сад «Еркетай»

Методист

Тауекелова Алтыншаш Кизатовна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Ересектер тобы

Білім берусаласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы:«Тостаған»

Мақсаты:

  • Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
  • Заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру;
  • ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.

Сөздік жұмыс: тостаған, безендіру.

Көрнекілік: акварель бояуы, ақ қағаз, қылқалам, су, сүрткіш және тұғырлар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

-Балалар, менің қолымдағы ыдыс қалай аталады?

-Сендердің үйлеріңде осындай тостағандар бар ма?

-балалар, менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшелігі бар?

Балалар шеңберге тұрып, бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Тостаған.

-Йә.

-Оюмен безендірілген.

 

 

 

 

Ұйымдастыру -Ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сурет салу кезіндегі маңызды дүние- заттың фонына көңіл бөлу, себебі заттағы ою- өрнектің реңкі әртүрлі болуы мүмкін. Бүгін біз тостағанды салып, әшекейлеуді үйренеміз. Қағазға бір түсті акварель бояуымен тостағанның суретін саламыз.

-Алдымен қағаз бетінде дұрыс бағдар алып, тостағанды орналастыратын оырнды белгілеп алайық. Тостаған беттің дәл ортасында орналасады, солай емес пе?!

-Содан соң беттің сәл төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз, қылқаламды жоғары қарай көтеріп, тостағанның жақтауларын саламыз. Енді осы тостағанды әдемілеп әшекейлейміз. Ол үшін тостағанды көлденең сызықтармен төрт бөлікке бөліп, пайда болған бөліктерді әр түрлі түспен ерекшелеп бяймыз. Суретке қарасақ, тостағанның астыңғы табан бөлігі қоңыр түсті, одан жоғарғы бөлігі сары түсті және ең үстіңгі қабаты қоңыр түсті. Мінеки, тостаған әртүрлі  түспен ерекшеленіп боялды, енді осы бөліктердің үстіне ою саламыз. Өздерің оы уақытқа дейін танысып білген оюларды өз таңдауларң бойынша орналастырамыз, мысалы: «ботакөз», «тамшы» т.б.

Салған тостағандарың кепкенше бір серігіп алайық:

Сергіту сәті:

Біз ақылды баламыз,

Әсем сурет саламыз.

Оюлармен заттарды,

Безендіре аламыз.

 

Тостағанның бояуы кепсе, қылқаламды басқа түсті бояуға малп алып, оюлармен безендіреміз. Қараңдар, осылай үйде қолданылып жүрген тостаған санын көбейтейік.

Тәрбиеші балалардың жұмысына басшылық жасай жүріп, жаңа сөздерді қайталайды.

 

 

 

Үлгі арқылы тостағанды салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл- қозғалыс арқылы көрсетеді.

 

 

 

Өздері бояу түсін таңдап, тостағанды безендіреді.

 

Рефлексивтік –түзетушілік

 

 

Тәрбиеші балалардың суреттеріне ауызша баға береді. Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, басқалардыкімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: тостаған жайлы түсініктері қолданылу ерекшелігі туралы білімі кеңейеді.

Қандай түсініктерді игерді: суретті қағаз бетінде дұрыс орналастыра білу, затты безендіру ерекшеліктерін игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:боялған суреттің үстінен қылқаламмен оюларды ептілікпен сала білу дағдысы қалыптасады.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *