Урок по познанию мира «Егіншілік»
Сабақтың мақсаты:
1.Халық шаруашылығы – егіншілік саласын білу.Сала атаулары мен адамдардың жұмыс орындарынның ара қатынасын белгілеуге үйрету.
2.Егіншілік шаруашылығының мағынасы туралы тұжырымдаманы қалыптастыру.
3.Ізденімпаздыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Шығармашылық ой-өрісін арттыра отырып экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: кестелер,суреттер,шарлар,парақ қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмбақтарды топтарға тарату.Шешулерінің алғашқы әріптерінен сөз құрастыру.
1. Көктемде
Ақ гүлге оранады.
Күзде
Қолға доп боп оранады. (Алма)
2 Балда бар
Бақта жоқ (л)
3. Біреуін бердім.
Онын тердім. (тұқым)
4. Уықта бар,
Уақта жоқ. (ы)
5. Н ан бар
Тоқашта жоқ (н) алтын
-Алтын туралы не білеміз?
қара |
тірі |
|
Алтын |
||
ақ |
? |
1-топ. «Қара алтын»
2-топ. «Тірі алтын»
3-топ. «Ақ алтын» туралы әңгімелеу.
3.Жаңа сабаққа дайындық.
Біз бүгін «Сары алтын»-мен танысамыз.Алдымен мына мәтіндермен танысайық.
Үш топқа берілетін мәтін үзіндісі
Еріншек егінші мен еңбекқор құмырсқа Бір егінші ойға егін егіп тастапты да, қырда қыдырып жүре беріпті.Қыр қызығы басылған соң,қыс қамы ойына түседі.»Бидайым пісіп тұрған шығар,жинап ала қояйын»-деп ,салып ұрып ойдағы егініе келеді. Келсе …. |
-Оқиғаны әр қарай жалғастыру.әр топтың жауаптарын тыңдау.
Мәтіннің жалғасын мұғалім оқып береді.
Келсе ,алақандай аз мөлдектің әр басында бір торғай қонақтап отыр.Торғайдың шоқып ,желдің шайқап төккен дәндерін еңбекқор құмырсқалар да жинап үлгерген екен.Бидайының басында бос қуыс қалған қауыздан бас қа түк те жоқ.
Еңбекқор құмырсқалар қыс қамын ойлап,өзінің илеуіне ең соңғы тапқан дәндерін асыға тартып бара жатыр. Сонда жалқау егінші әлгі құмырсқаларға қарап: -Жарайды,азаматтар,жинап алған екенсіңдер,жылы қамбаға салған екенсіңдер.Ендігі жылы тұқым керек болса,келіп алармын.,-деп,атына мініпті де ,шу деп,жүріп кетіпті. |
4.Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты.
Сары алтын дегеніміз егіншілік немесе өсімдік шаруашылығы.егін даласында еңбек ететін адамды – Диқан дейді.Диқанның еңбегі — ауыр еңбек.
5.Жаңа материал бойынша жұмыс.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқи отырып,керек және қызық мәліметтердің астын қарындашпен сызып отыру.
БИДАЙ,КҮНБАҒЫС,КҮРІШ – өсімдіктерін топтарға бөліп беріп ,олардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Бидайдың екі түрі бар екенін айта кету. (Жаздық бидай,күздік бидай)
Күнбағысты бұрын арамшөп деп ойлап,егістіктен өртеп аластаған.
-Бұрын егінді қалай сепкен?Ал қазір ше?
Сергіту сәті :
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты –Еңбек.
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты-Еңбек
Қырға шықсаң ,өрлеп
Мұның аты-Еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең –Еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Суреттер бойынша жұмыс.
Кестемен жұмыс.
Егіншілік | |||||
Адамдар үшін | Жануарлар үшін | Өнеркәсіп | |||
1-топ. Егіншілік адамдарға қандай пайда әкелетінін жазады.
2-топ. Жануарлар адамдардың егіншілік еңбегінен қандай пайда табатынын жазады.
3-топ. Өнеркәсіп үшін қандай өсімдіктер өсірілетіндігі жайлы жазады.
6.Қортындылау.
Әр топқа «5 жолды өлең »жазғызу.
1-топ «Егін»
2-топ «Диқан»
3-топ «Өсімдік»туралы жазу.
Өлеңдерді тыңдау.
7.Бағалау.
Ортада тұрған шарларды жарып ,ішіндегі бағаларды алып өз-өздерін бағалау.
8.Үйге тапсырма.
127-129 бб. Оқу және мазмұнын айту.