Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Баланың ойын, белсенділігін және шығармашылық қабілетін дамытудағы ойын ролі

Қарағанды облысы,Осакаров ауданы,Есіл селосының
№2 орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі 
Едилхаан Гулара
 

« Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген

қызықты ойындар оларды сабаққа қызықтырады,

тәртіпке шақырады, дұрыс қортындылауға

үйретеді және олардың бойында достық ,

ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады »

Профессор В.М. Чистяков

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүктеліп отырған жаңа талап, міндеттер мұғалімдерге қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің іс әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазіргі уақыт талабы- әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептің педагогикалық ұжымның белгілеген әдістемелік тақырыбы « Мектеп  жұмысын ұжымды жүйе бойынша жүргізіп, оқу-тәрбие жұмысын тиімді оңтайлы өткізу мәселесі бойынша, білім беру және тәрбиелеуде жеке тұрғыдан қарап бейімдеу» деп алынып, оқу үрдісінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйәлі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруға, оларды іріктеп, еңбекке және қоғамдық істерге араластыруға, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істеуге бағытталған. Бұндағы педагогикалық ұжымның көздеген мақсаты мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіріп, өз пәні бойынша білім-білік деңгейін, әдіс-тәсілін үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік туғызу. Білім беру мен тәрбиелеу ісіне жаңа технологиялар енгізу.

Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгерумен  ғана  шектелмей, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетін арттыру, ақпаратты өзі тауып, өзі іздеп тәжірбиесіне қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр.Аталған қажеттіліктердің оқыту үрдісіне кей жағдайда іске асырылмауын қалыптасқан  дәстүрлі оқыту жүйесі мүмкіндігінің шектеулі екендігімен түсіндіруге болады. Бұл мәселе тек оқыту үрдісінде оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру арқалы шешімін таппақ. Осындай тиімді оқыту тәсілдерінің бірі- ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалана отырып оқыту. Ойын- оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан мен балаларды оқыту үрдісіндегі әдістемелік тақырыпты  « Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін танымдық ойын түрлетін қолдану арқылы дамыту» деп алдым. Мұнда алдыма қойған мақсат- тақырыпқа сай алынған тәрбиелік  мәні бар ойын элементтерін оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін тиімді пайдалану арқылы олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есе сақтау танымдық қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту, достық қарым-қатынас пен ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ үрдісінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.

Заман талабына сай сабақты жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізе отырып, білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Қазіргі уақытта білім беру құрлымында жаңа технологиялардың түрлері жетерлік. Сондықтан бастауыш мектеп балаларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, қабілет- қарымынесепке ала отырып, солардың ішінен ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалана бастадым.

Оқу үрдістерінде ойын элементтерін түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, тұлға ретінде жан-жақты дамиды.

Ойын оқушы білімін берік меңгерту құралы. әр сабақта ойын түрлері орнымен қолданылып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласы, пәнге деген сүйіспеншілігі артады. Ойын оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі.

« Ойын» ұғымына түсініктеме берсек-бұл адамның мінез –құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

-Ойын-сауық

— Қарым-қатынастық

— Диагностикалық /ойын барысында өзін-өзі тану/

— Коррекциялық / өзін-өзі түзету/

— Әлеуметтендіру.

Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ойынның  ережелері ойнаушылардың қисыңды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өзінің қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімді арттырады.

Ойынның өзіне тән себептері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.  Ол ойындар баланың тапқырлығы, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. Оқытудың ойын формасын пайдалануда екі жақты байланыс байқалады, біріншіден ойнау үшін білу,үйрену қажет, екіншіден ойнай отырып өзіндік білім алуы, шығармашылық қабілетін арттыруы болып шығады.

Сабақ барысында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі:

  • Жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
  • Сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
  • Шығармашылық ізденушілік қабілеттерін арттырады;
  • Өзіне деген сенімділік пайда болады;
  • Логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Міндеттері:

  • Оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
  • Ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
  • Оқушылардың өздеріне деген сенімділігін сезіндіру.

Мектеп қабырғасында оқушы білім бағдарламасына сәйкес білім алу мен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастау тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды  іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау- кезек күттірмейтін іс.

Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп, қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан оқушыларды шығармашылық өнерге баулуды жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Психологтардың зерттеу бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Бастауыш оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғарғы сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:

  • біреуі – « сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі;
  • екіншісі, өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі ( не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді);
  • үшіншісі-жалқаулық

Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу қажет.

Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды.

Мысалы; бастауыш сыныпта шығармашылықты тәрбиелеудің бір түрі оқушыны суырыпсалмалыққа үйретуде, « Жаңбыр» ойыны, « Музыкалық әңгіме», т.б. іс-әрекет жасатудың маңызы ерекше. 4- сыныпта дүниетану пәні бойынша « Ауа райы»тақырыбын бекіту барысында « Жаңбыр» ойыны қолданылады. Мұғалімнің «найзағай ойнады», « жаңбыр тамшылады», «жел күшейді» « нөсерлеп құйып жауды», «жел бәсеңдеді» т.б. айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте әрқайсысы өз беттерінше дыбыстап немесе қимылмен көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылығын туғызып алған соң, « Жаңбар» өлеңіне сай суырыпсалмақтылық ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек сөздерді қолданылады: жаңбыр, дала, қала, тау, бау т.б

Інұсқа                                                                        ІІ нұсқа

Мұғалім               Оқушылар                             Мұғалім                Оқушылар

Жаңбыр жауды        далаға                               жаңбыр жауды      қалаға

Жаңбыр жауды        қалаға                               жаңбыр жауды      ауылға

Жаңбыр жауды        ауылға                              Жаңбыр жауды     бауға да

Жаңбыр жауды бауға да                                   Жаңбыр жауды     далаға

Қандай мезгіл тамаша?- сұрақ –жауап арқылы оқушы өзіне ұнайтын жыл мезгілін таңдайды. Сыныпта осылайша өзінен-өзі төрт топ іріктеледі. Тірек сөздерін пайдалана отырып, әр мезгілді бейнелейтін өлең тармақтары шығады. Тірек сөздер: әдемі, керемет, көрікті, сұлу, жаңаша, тамаша т.б. Бұл жерде « Қазақ тілі-дүниетану» сабақтарының  пәнаралық байланысын көруге болады.

Оқушының шығармашылық қабілеттеріне сай талғамына және ойынның ұшқырлығына байланысты өлең қатары әр түрлі болып шығады.

« Қандай мезгіл тамаша?» деген сұрақты әр өлең шумағының алдында пайдалануға болады.

І нұсқа                                                                           ІІ нұсқа

Мұғалім                    Оқушылар                           Мұғалім                  Оқушылар

Көктемгі кез              көрікті,                                Көктемгі кез            жаңаша

Жазғы мезгіл            жаңаша.                               Жазғы мезгіл           әдемі

Күзде бәрі                әдемі,                                    Күзде бәрі                көрікті,

Қыста бәрі               тамаша.                                 Қыста бәрі               тамаша

Оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең шумағын сыныпта оқып беру арқылы оның осындай істерге деген ынтасын арттыруға болады. Бұл ойын түрінің қызметі- ойын – сауық- баланың өзін-өзі көрсете алуына, яғни жасырын мүмкіндіктері мен қабілеттерін көрсете  білуіне жағдай туғызады.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеру керек деп ойлаймын:

-шығармашылық тапсырманың мазмұнын — түрін ойлап табу;

— шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

— көркемдік шешімді табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;

-шығармашылық, педагогикалық әдістемелік тұрғыдан бағалап, қортынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

4-сыныпта ана тілі сабағында « Туған жерім-тұғырым, өскен елім -өзегім» бөлімін қайталауда « Жалғасын тап»  ойны орынды. Мақсаты- мақал-мәтелдері, еске сақтау қабілеттерін арттыру, балалардың  бір-біріне деген сенімін күшейту, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ойын шарты: мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарға басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылап жазылады. « Орамал тастау» ұлттық ойынына сәйкес оқушының міндеті мақалдың басын айтып, қолындағы орамалды келесі баланың алдына тастайды. Ал бұл оқушы өз кезегінде мақалды жалғастырады. Содан соң келесі мақалды бастайды, үшінші аяқтайды. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

А) Ердің сыншысы,                                                бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                                   жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                            ашу – дұшпан

В) Жері байдың,                                                     ел

Г) Ақыл  дос,                                                          ардақты ат

Ғ) Кім еңбек етсе,                                                  жақын көп

Д) мал баққанға,                                                    сол тоқ

Е) Адам деген-                                                       елі бай

Ойынның коммуникативтік қызмет атқарып тұрғанын байқаймыз.

2-сыныпта қазақ тілі сабағында « Сөз және сөз мағынасы» тақырыбын өткенде « Кім көп біледі?» ойынымен бекітуге болады. Мақсаты: сөздердің мағынасын ажырату, сауатты жазуға және алғырлыққа дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Мысалы:

Ара                                                              Сабақ

Сайман                      жәндік                            өсімдік мүшесі         оқу бірлігі

1-сыныпта « Он көлемді сандар» тақырыбын бекіту барысында « Сандар әлемі» ойынын ойнату орынды Ойын шарты бойынша тақтаға бір қатар сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздердің ішінен жасырын сандарды  тауып, оларды тақтаға жазып көрсетулері керек. Сонымен қатар аталған сөздердің мағынасын түсіндіреді.Мысалы: алтын, күшік, бесік , Екібастұз, жетістік, бірлік т.б Бұл ойынды ойнату барысында оқушылардың көру, есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып. Сөздік қорында молайту мақсатқа алынады.. «Математика-қазақ тілі –ана тілі» пәнаралық байланысы жүзеге асырылады.

Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол- дамытушы ойындар. Дамытушы ойындарың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын талап-оқушының танымдық әрекетін , қызығушылығын дамыту.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш. Сондықтан Мүғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса,оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен іздемпаздық дағдылары жетіле түседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу, мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам дәл орындауға тырысады.Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүкіндік туғызады.

Ана тілінен әрбір тараудан кейін оқушының білім тереңдетіп шығармашылық белсенділік арттыру мақсатында қызық ойындар ұйымдастыруға болады. Мысал: « Мені түсін», «Сиқырлы қалам»т.б                « Достық әліл жұмбақтар»  құрастыруда оқушының шығармашылығына тоқталсам.

Көзді жұмып тақпақты,                    «Сен тимесең мен тиме»,

Беріліп тұрып айтады.                       Деп ол отырған.

Киіп алып қалпақты,                         Айтыңдаршы, балалар,

Түсте үйге қайтады.                          Ол кім?

/ Махамбет /                                                /Ноян/

Жоғарыда келтірілген осындай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын технологиясын тағы да бір жағымды жағы-үнемі пәнаралық байланыс сақталып келеді

Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту құралы болса, мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлетін пайдалана отырып өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу

Ойын технологиясын пайдалану арқасында, оқушы жан-жақты болып қалыптасып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізеді.

 

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалан, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Ойын әрбір оқушыны жеке және барлығын бірге белсенді танымдық қызыметке тартады. Ойынға қатысушылар үшін таңдау, өзін-өзі көрсету, өзіөзі айқындау, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін беретін еркін қызметті атқарады. Белгілі бір нәтиже береді, оқушының мақсатқа жетуге және сол мақсатқа қол жеткізу жолдарын табуға жағдай жасайды.

Әрбір оқушыға сапалы да терең білім бере отырып, олардың үнемі жарық жұлдыз болып жанып, өз ана тілінде таза сөйлеп, оның жанашыры болатынына, сөздік қоры мол, өз елінің бәсекеге қабілетті азаматы бола алатындарына сенімім мол. Осы оқушыларымның жұлдыз болып жануы үшін ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздық қағидам:

« Үйренуден қашпа,

Үйретуден жалықпа!»

Скачать


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *