Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Көліктің түрлері. Күрделі сан есім. Күрделі сөздер.

Казахстан,Костанайская область,Аулиекольский район,п.Кушмурун

ГУ «Кушмурунская средняя школа №121 отдела образования акимата Аулиекольского района»

Учитель казахского языка и литературы

Куйшибаева Галия Тукеновна

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік. Көліктің түрлеріне байланысты жаңа сөздермен танысу, мәтінмен жұмыс жасау, күрделі сан есімдерді қайталау, күрделі сөздерді еске түсіру арқылы білім алушылардың білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Білім алушылардың қазақша сөздік қорларын байыту, ауызша-жазбаша сөйлеу дағдыларын әрі қарай дамыту, ойлау, өз ойын қазақша жеткізе білу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Білім алушыларды көлік түрлерін жете түсіне білуге баулу арқылы жол жүру ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайларды туғызбауға үгіттеу, тіл алғыш және ұқыптылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрсіз

Сабақ түрі: Жарыс сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер мен тәсілдер: сұрақ-жауап, қайталау, аудару, мәнерлеп оқу, салыстыру, тексеру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, монолог, диалог, суреттеу, мәнерлеп сөйлеу.

Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері: жекелей, жұппен, топппен.

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылармен амандасу, сабаққа деген даярлықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару жұмыстарын жүргізу.

Психологиялық даярлық.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Балаларға шығармашылық тапсырмалар берілген болатын, әр баланың даярлап келген жұмбақтары мен өлеңдерін, мақал-мәтелдері, әңгімелерін тыңдау, мадақтау.         

-Балалар, күнделіктерімізге, жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын жазып алайық.  “Менің сүйікті көлігім” тақырыбына

 эссе жазу.

 Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін сабақты жарыс түрінде екі топқа бөліну арқылы өткіземіз. Топ атауларын сіздер таңдайсыздар.

Балалар өз топ атауларын атайды.

Бірінші топ – «Тұлпар». 

Екінші топ – «Сұңқар».

Тіл дамыту жұмысы.

«Тұлпар» тобына сурет беріледі. Автобус суреті. Келесі сұрақтар беріледі, олар әрбір сұраққа толық жауап берулері керек. Тапсырма дұрыс орындалса – жетон ретінде бір смайлик беріледі.

Сұрақтар:

  • Мынау не?
  • Автобустың көлемі қандай? /үлкен, орташа, кішкентай/
  • Автобустың түсі қандай? /қызыл, жасыл, көк және т.б. түстер/
  • Автобустың жылдамдығы қандай? /жылдам, баяу, ақырын, қатты, тез жүреді және т.б./
  • Автобусты кім басқарады? /жүргізуші/
  • Автобусты кімдер қолданады? /адамдар/

 

«Сұңқар»  тобына сұрақтар:

-Мынау не?

-Пойыз неден жасалған? /темірден/

-Пойыздың көлемі қандай? /үлкен, ұзын,орташа, әр түрлі/

-Пойызда, шамамен, неше вагон болуы мүмкін? /жиырма екі, отыз үш – әр түрлі/

-Пойыз қандай жолмен жүреді? /темір жолмен/

-Пойыздың ішіндегі мамандықтар және жұмысшыларды атаңыздар / машинист, машинист көмекшісі, жолсерік, аспаз, еден жуушы және т.б./

 

Венн  диаграммасын жасату. Салыстыру, өз пікірлерін жеткізу арқылы сөздік қорын және тіл мәдениетін дамыту.

 

Жаңа тақырыппен жұмыс жасау бөлімі.

Жаңа сөздермен жұмыс.

Қазіргі кезде көліктің барлық түрі дамыған. Еліміздің дамығандығы соншалық, әуе жолы арқылы жолаушыларды тасымалдау кеңінен таралған. Ұшақ, тікұшақ және олардың түрлері. Әсіресе жеке компаниялар саны өте көп. Ұшақпен ұшу жылдам. Ұшақтың ішінде ұйықтауға, тамақ ішуге, қағаздар жазуға, компьютермен жұмыс жасауға болады. Баратын жерге тез жетесің. Ұшақтар  кезек-кезек ұшады. Ұшақтың билет бағасы шамамен жиырма бес-отыз бес мың теңге болады.  Ауа райына байланысты ұшақтар анда-санда тоқтатылады.  

Көптеген адамдар темір жол тасымалын таңдайды. Ұшақта отырып ұйықтасаң,  пойызда жатып ұйықтайсың. Қазіргі заманауи пойыздар көптеген жаңашыл өзгерістерге толы. Әрбір вагон ішінде ауа райын, күн мен айды, сағатты уақытылы және дұрыс көрсетеді. Әуе жолы және темір жол арқылы тасымалданатын көлік түрлері өте ерекше. Құсмұрында  автобуспен де, пойызбен де жолаушыларды тасымалдау жұмысы жақсы деңгейде. Жол жүру құны, шамамен, бір мың екі жүз-бір мың бес жүз теңгені құрайды. Пойыздар өте-өте көп өтеді. Құсмұрынды басып өтетін ұшақтар да өте көп. Көлікке отырар алдында барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс.

Мәтінмен жұмыс түрлері:

  • Өзім оқып беремін;
  • Екі топқа теңдей қылып бөліп беру;
  • Әр топтың өздеріне жекеленген тапсырмалар беру.
Тұлпар тобына Сұңқар тобына
Мәтінді мәнерлеп оқу

Суреттеу

Класстер жасау

Күрделі сан есімдер мен күрделі сөздерді табу

Мәтінді мәнерлеп оқу

Суреттеу

Диалог құрастыру

Күрделі сөздер мен күрделі сан есімдерді табу

Грамматикалық тақырыптарды меңгерту тапсырмаларын орындау кезеңі.

Күрделі сан есімдер.

Екі немесе одан көп сандардан құралған сан есімді күрделі сан есім дейміз. Мысалы: 253 – екі жүз елу үш, 16 – он алты, 2016 – екі мың он алты. 152413 – жүз елу екі мың төрт жүз он үш.

«Тұлпар»«Сұңқар»
18   

247

2015

14963

17

245

2017

15874

Тексеру.

«Тұлпар» «Сұңқар»
18 – он сегіз

247 – екі жүз қырық жеті

2015 – екі мың онбес

14963 – он төрт мың тоғыз жүз алпыс үш

17 – он жеті

245 – екі жүз қырық бес

2017 – екі мың он жеті

15874 – он бес мың сегіз жүз жетпіс төрт

Сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.

«Тұлпар» тобына тест тапсырмасы«Сұңқар» тобына тест тапсырмасы
1. Көлік түрін көрсетіңіз.

А) жүргізуші   В) машинист  С) пойыз  Д) орындықтар   Е) жанармай

2. Артық сөзді табыңыз.

А) Ұшақ    В) Машина   С) Тікұшақ  Д) Төртбұрыш   Е) Пойыз

3. Көлікті басқаратын адамды кім деп атайды?

А)Жолаушы В)Жолсерік С)Жүргізуші   Д) Мұғалім  Е) Директор

4. Артығын көрсетіңіз.

А) Карбюратор  В) мотор  С) коленвал  Д) ағаш   Е) доңғалақ

5. «248» — санының сөзбен дұрыс жазылуын көрсетіңіз

А) екі мың қырық сегіз

В) екі жүз қырық

С) екі жүз қырық сегіз

Д) екі жүз алты

Е) екі жүз қырық екі

1. Көлік түрін көрсетіңіз.

А) жүргізуші   В) машинист  С)коньки Д) кітапхана   Е) тікұшақ

2. Артық сөзді табыңыз.

А) Ұшақ    В)Планшет   С) Тікұшақ  Д) Машина Е) Пойыз

3. Пойыздағы билет тексеретін адамды кім деп атайды?

А)Жолаушы В)Жолсерік С)Жүргізуші   Д) Мұғалім  Е) Директор

4. Артығын көрсетіңіз.

А) доңғалақ  В) мотор  С)көрпе

Д) Карбюратор  Е) коленвал

5. «549» — санының сөзбен дұрыс жазылуын көрсетіңіз

А) бес мың қырық сегіз

В) бес  жүз қырық

С) бес  жүз қырық сегіз

Д) бес жүз қырық алты

Е) бес жүз қырық тоғыз

Тест тапсырмасын тексеру

«Тұлпар» тобына тест тапсырмасы«Сұңқар» тобына тест тапсырмасы
1. Көлік түрін көрсетіңіз.

С) пойыз

2. Артық сөзді табыңыз.

Д) Төртбұрыш

3. Көлікті басқаратын адамды кім деп атайды?

С)Жүргізуші

4. Артығын көрсетіңіз.

Д) ағаш

5. «248» — санының сөзбен дұрыс жазылуын көрсетіңіз  

С) екі жүз қырық сегіз

1. Көлік түрін көрсетіңіз.

Е) тікұшақ

2. Артық сөзді табыңыз.

В)Планшет

3. Пойыздағы билет тексеретін адамды кім деп атайды? 

В)Жолсерік

4. Артығын көрсетіңіз.  

С)көрпе

5. «549» — санының сөзбен дұрыс жазылуын көрсетіңіз  

Е) бес жүз қырық тоғыз

Сабақтың қорытынды кезеңі.

-Балалар, үй тапсырмасын біз жаздық. Ол түсінікті.

Бүгінгі сабақ барысын екі топтан бір-бір баладан шығып, қорытынды жасасын.

«Тұлпар» тобы

«Сұңқар» тобы. Әр топ өз ойларын айтады.

Бағалау сәті. Мұғалім топ белсенділерінің көмегімен смайликтерді жинап, екі топқа жалпы баға қояды. Ал жеке оқушыларға сабаққа қатысқандарына байланысты, әділ бағасын береді.

-Балалар, сабақ аяқталды, сіздерге көп рахмет. Сау болыңыздар!

 

                             «Тұлпар»  тобы

 

Қазіргі кезде көліктің барлық түрі дамыған. Еліміздің дамығандығы соншалық, әуе жолы арқылы жолаушыларды тасымалдау кеңінен таралған. Ұшақ, тікұшақ және олардың түрлері. Әсіресе жеке компаниялар саны өте көп. Ұшақпен ұшу жылдам. Ұшақтың ішінде ұйықтауға, тамақ ішуге, қағаздар жазуға, компьютермен жұмыс жасауға болады. Баратын жерге тез жетесің. Ұшақтар  кезек-кезек ұшады. Ұшақтың билет бағасы шамамен жиырма бес-отыз бес мың теңге болады.  Ауа райына байланысты ұшақтар анда-санда тоқтатылады. 

 

                         «Сұңқар»  тобы

 

Көптеген адамдар темір жол тасымалын таңдайды. Ұшақта отырып ұйықтасаң,  пойызда жатып ұйықтайсың. Қазіргі заманауи пойыздар көптеген жаңашыл өзгерістерге толы. Әрбір вагон ішінде ауа райын, күн мен айды, сағатты уақытылы және дұрыс көрсетеді. Әуе жолы және темір жол арқылы тасымалданатын көлік түрлері өте ерекше. Құсмұрында  автобуспен де, пойызбен де жолаушыларды тасымалдау жұмысы жақсы деңгейде. Жол жүру құны, шамамен, бір мың екі жүз-бір мың бес жүз теңгені құрайды. Пойыздар өте-өте көп өтеді. Құсмұрынды басып өтетін ұшақтар да өте көп. Көлікке отырар алдында барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс.

 

                  « Тұлпар» тобына сұрақтар          Сұңқар қояды

  • Мынау не?
  • Автобустың көлемі қандай? /үлкен, орташа, кішкентай/
  • Автобустың түсі қандай? /қызыл, жасыл, көк және т.б. түстер/
  • Автобустың жылдамдығы қандай? /жылдам, баяу, ақырын, қатты, тез жүреді және т.б./
  • Автобусты кім басқарады? /жүргізуші/
  • Автобусты кімдер қолданады? /адамдар/

 

               «Сұңқар»  тобына сұрақтар:              Тұлпар қояды

-Мынау не?

-Пойыз неден жасалған? /темірден/

-Пойыздың көлемі қандай? /үлкен, ұзын,орташа, әр түрлі/

-Пойызда, шамамен, неше вагон болуы мүмкін? /жиырма екі, отыз үш – әр түрлі/

-Пойыз қандай жолмен жүреді? /темір жолмен/

-Пойыздың ішіндегі мамандықтар және жұмысшыларды атаңыздар / машинист, машинист көмекшісі, жолсерік, аспаз, еден жуушы және

                       Сұңқар  жауаптары

1.Пойыз

2.Темірден

3.Үлкен,ұзын,орташа

4.Жиырма екі,отыз үш

5.Темір жолмен

6.Машинист,машинист көмекшісі,жолсерік,аспаз

 

                      Тұлпар жауаптары

1.Автобус

2.Үлкен,ұзын,орташа

3.Ақ,қызыл,жасыл,көк

4.Жылдам,баяу,ақырын,қатты,тез

5.Жүргізуші

6.Адамдар

                              Диалог «Сұңқар »тобына

-Сәлем.

-Сәлем.

1.Сен қандай көлік түрлерін білісің?

-Мен ұшақ,тікұшақ,кеме,пойыз,трамвай,автобус,троллейбус,көлік түрлерін білемін.

2.Сен қандай көлік түрін ұнатасың?

— Мен пойыз көлігін ұнатамын.

3.Пойызда қалай ұйықтауға болады?

— Пойызда жатып ұйықтауға болады.

4.Пойызбен жол жүру құны қанша?

— Пойызбен жол жүру құны бір мың екі жүз, немесе үш мың бес жүз теңге тұрады.

-Рақмет

Сау бол.       

                               Класстер   «Тұлпар»  тобына  

                                                    /(Ұшақ)

Ауа көлігі                Жылдам                 Үлкен              Әдемі

 

                                              Сұрақ-жауап «Тұлпар»тобына

1.Үшақ қандай көлік?

— Үшақ ауа көлігі.

  1. Ұшақ қалай ұшады?

— Ұшақ жылдам,тез ұшады.

3.Ұшақтың жүру құны қанша тұрады?

— Ұшақтың жүру құны жиырма бес мыңнан жоғары.

 

                                Психологиялық дайындық:

      Бір, екі үш,

     Жинап алып күш.

     Жалқаулықты тастайық.

    Ашық сабақты бастайық.

 

                       Психологиялық дайындық:

      Бір, екі үш,

     Жинап алып күш.

     Жалқаулықты тастайық.

    Ашық сабақты бастайық.

Скачать


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *