Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Жергілікті жердің сұлбасы

Казахстан, Карагандинская обл.,г. Сатпаев
КГУ»Школа -лицей №4 им. Абая»
Учитель начальных классов
Досанова Гулмаржан Темирбековна

Мақсаты: Картаның шартты белгілерін оқып үйрену.

Күтілетін нәтиже:
 Білім• Сурет пен сұлба ұғымын біледі. Жер сұлбасының сызбасын қағазға түсірілуін сипаттайды.
 Түсінік• Сұлба жергілікті жерді бағдарлауға қажет екенін түсінеді.
 Қолданыс• Жергілікті жер сұлбасының шартты белгілерін қолданады.
 Анализ• Сурет пен жер сұлбасын айырып таниды.
 Синтез• Жергілікті жер сұлбасын оқып бағдарлай білудің маңызын түйіндейді.
 Баға• Сурет пен жер сұлбасы сызбасы шаруашылық саласына қажет деп есептейді.
Сабақ құрылымы:
І.   Ақпарат блогы. (5 мин)

ІІ.  Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (3 мин)

ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы (6мин)

V.  Күтілетін нәтиже блогы (5 мин)

Оқыту әдісі: Танымдық, ішінара — зерттеушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
 • Бастапқы ақпарат береді, оқушыларға қажет болғанда көмектеседі, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын ұйымдастырады, қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: Белсенді танымдық.

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: психолгиялық икем (музыка ырғағымен)- 3 мин.

а)«Су асты патшалығына ойша саяхат»

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан кейін теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатырмыз деп елестетіңіздер. Толқындырдың жеңіл шалпылы, шағаланың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Алыстан бір қара нүкте көрінді. Ол жақындаған кезде сіздер бұның дельфин екенін түсіндіңіздер. Ол сіздерді теңіз түбіне саяхат жасауға алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сіздерді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ секілді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз. Бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. ( бірнеше секунд үнсіз қалу)

Ал енді жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтамыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қарап, тыныштыққа құлақ түріңіз.Осындай тыныштық сізге самал береді. Енді дельфин кері қайтты. Сіз жағалауға шықтыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіп.оны сипалаңыз. Және осындай саяхат үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашып, осы тыныштықты бойыңызда ұстауға тырысыңыз.

Ә)мақсат қою: тақырыпты хабарлау.

II.Өткенді қайталау: Білу сатысы: 5 мин.

-Суреттен не көріп тұрсыздар?

-Сурет дегеніміз не?

-Сұлба дегеніміз не?

-Сурет пен сұлбаның айырмашылығы неде?

-Текше мен стаканның сұлбасын қалай салуға болады? (практикалық жұмыс)

-Масштаб дегеніміз не?

Масштаб (немістің Ма-өлшеуіш,мөлшер және stab-таяқ) деген сөзінен шыққан.

III. Жаңа сабақ: а) Кіріспе: 7 мин.

 -Сонымен заттың  сұлбасын түсіру үшін қандай әрекеттер жасауымыз керек?

-Мына жерден не көріп тұрсыздар?

-Бұл сұлба ненің сұлбасы болуы мүмкін?

Ә)мәтінмен жұмыс:

Олай болса ойларыңыз қаншалықты дұрыс екенін білу үшін, оқулықтағы мәтінмен танысайық.

Мәтінді оқи отырып, «INSERT» әдісімен мәтіннің шетіндегі бос орынға белгі қойып отырасыз. Белгілер төмендегідей:

v-бұл маған таныс

+- бұл мен үшін жаңалық

?-бұл мені таңқалдырды немесе түсінбедім( мәтінді мұғалім оқып шығады)

-Мәтінді оқыдық. Олай болса талдайық. (Топпен талдап, кестені толтыру-3 мин)

v+?

 

-Сіздер қандай ақпартқа тап болдыңыздар?

-Қандай сұрақтарыңыз бар?

-Нені білесіз?

-Нені білмейсіз?

Б) Сергіту сәті. 2мин.

«Тыныс алу» жаттығуы (музыка әуенімен)

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. 7-8 рет қайталаймыз. Қолды тізеге қоямыз.

В) Түсіну сатысы. Ақпарат блогы – 5 мин.

(слайд арқылы түсіндіру)

-Шартты белгілер туралы түсінік беру;

-Әр  мамандық үшін сұлбаның маңызы

-Жаңа сөздермен  таныстыру:

(шалғын, шабындық, бұлақ, аэрофото,геодезия)

Г)  Қолдану.Логикалық тапсырмалар блогы-5 мин.

Шартты белгілер арқылы мәтін құрастыру.

1-топ: Ауыл шетінде аралас орман бар. Онда бұлақ ағып жатыр. Бұлақтан су алып тастақ жолмен жүрсеңіз ауыл көрініп тұр.

2-топ:Мен де сен секілді оқушымын. Мен таңертең мектепке бару үшін тастақ жолмен жүремін. Одан әрі көпірден өтіп, қайта тастақ жолмен жүремін. Біздің мектеп жанында жемісті бақ бар.

3-топ: Мен қалада тұрамын. Атам мен әжем ауылда тұрады. Ауылға бару үшін, көлікпен тастақ жолмен жүру керек. Жолда үлкен көл көрінеді. Біз көлікті тоқтатып аралас орман ішінде ағып жатқан бұлақтан су іштік.

4-топ:Астана қаласы әдемі қала. Онда Есіл өзені ағып жатыр. Есілдің екі жағалауынкөпір жалғап жатыр.

5-топ: Біз отбасымызбен саяхатқа шықтық.алдымен көпірден өттік. Біраз жүргеннен кейін шабындық көрдік. Солай біз аралас орманға да жеттік.

6-топ:Ауыл шетінде көл бар. Біз күнде көпірден өтіп, мектепке барамыз.

Сондай–ақ, үлкен шабындық та бар.

Д) Анализ . Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы(ауызша)-3 мин

-Сурет дегеніміз не?

-Сұлба дегеніміз не?

-Сұлба кімдерге қажет

Пайдалы қазбаларды зерттейтін мамандар   Құрылысшылар    Саяхатшылар
Жер астындағы пайдалы қазбаларды зерттейтін мамандар жер сұлбасына қарап,  қай жерде не барын біледі.Егер орман болса, жер сұлбасы сызбасына қарап құрылысшылар құрылысты  басқа жерге салулары мүмкінЖердің сұлбасына қарап, жүруге қолайлы жолды табады. Батпақ жерлерді айналып өтеді. Жер сұлбасына қарап, қай жерде су барын да біледі.

 

IVБекіту:

Е) Синтез. Интеллектуалдық тренинг блогы (6 мин)

1-топ: «Адасқан әріптер»  белгі

2-топ: Партаның сұлбасын сыз.

3-топ: Бөлменің сұлбасын сыз.

4-топ: Сынып бөлмесінің сұлбасын салу.

5-топ: «Адасқан әріптер»  масштаб

6-топ: Сурет пен сұлбаны сәйкестендір

V.Қорытынды:

 Күтілетін нәтиже блогы (5 мин)

А)«Бүгінгі күннің сөйлемі» стратегиясы

Сурет пен жер сұлбасы сызбасы шаруашылық саласына қажет.

Рефлексия: Әр топтан бір оқушыдан шығып, суретті қолды үзбей жалғастыра отырып салады. Суретті қорытындылайды.

VI.Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»

VII. Үй тапсырмасын беру.

Скачать


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *