Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қарауылдық қызметтің атқаратын міндеттері,сақшының міндеттері,бекет оны жабдықтау және жарақтандыру

Аленов Бауржан Каиржанович
Преподаватель – организатор НВП
КГУ «Бирлестыкская средняя школа»
с. Бирлестык, Айыртауский район, СКО

Өткізілетін уақыты: 25.12.18ж
Сынып: 10
Мақсаты: ҚР Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтер
жарғысымен таныстыру. Жарғының әскери қызметшілердің қызметіндегі
маңызын ұғындыру. Оқушыларды қарауыл құрамымен таныстырып,
міндеттерін білу.
Қарауыл, пост, сақшы анықтамаларын беру арқылы оқушыларға қарауылдық
қызметтің жоғары қырағылықты қажет ететін жауапты әскери қызмет
екендігін түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. 
Оқушыларды Отанымыздың шекарасын, жауынгерлік туды, аса маңызды
әскери және мемлекеттік объектілерді қорғауға дайын болуға және еліміздің
қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілігін сезіндіру, тәрбиелеу.
Сабақтың барысы

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
    А) Бөлім басшысының баяндамасын қабылдау, жеке құрамның сабаққа
    дайындығын тексеру;
    Ә) Сап элементтерін тексеру;
  2. Үй тапсырмасын тексеру:
    1-слайд саптық жарғы 
    2-слайд Ішкі қызмет жарғысы
    3- слайд Тәртіптік жарғы
  3. Негізгі бөлім: Жаңа тақырыпты хабарлау (4-слайд) 
    Бірінші оқытылатын сүрақ минут. (қарауыл, сақшы анықтамасы, құрылымы)
    Әскери және мемлекеттік объектілерді сенімді күзету мен корғау үшін
    карауыл кызметі тағайындалады. Карауылдык кызметті атқару жауынгерлік
    тапсырманы орындау болып табылады және жеке кұрамын осы Жарғының
    барлык ережелерін дәл орындауды, мейлінше тыңғылықты, батыл шешімді
    бастамшылықты талап етеді.
    Қарауылдық кызмет талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе
    кылмыстык жауапкершілікке тартылады.
    5-слайд (кесте қарауыл құрылымы)
    Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен
    қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ак
    гауптвахты және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін
    тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Қарауылдар
    гарнизондык және ішкі болып бөлінеді.
    Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизонды маңызы бар объектілерді,
    кұрамалар объектілерін немесс бір-біріне жакын орналасқан бірнеше әскери
    бөлімдердін объектілерін корғау үшін, сондай-ак гарнизондык гауптвахтада
    ұсталып отырған адамдар күзету үшін тағайындалады.
    Ішкі қарауыл бір әскери бөлімінің объектілерін күзету мен қорғау үшін
    тағайындалады.
    6-слайд (сақшы, пост анықтамасын беру)

Қарауыл кұрамына: қарауыл бастығы посттылар мен ауысым саны бойынша
карауылдар, жұмысқа тартушылар, карауыл бастығының көмекшісі
техникалық күзет жөніндегі карауыл бастығының көмекшісі немесе
операторлар ауысымы, карауыл иттері кызметі жөніндегі қарауыл
бастығының көмекшісі және көлік кұралдарының жүргізушілері
тағайындалады. Объектілерді тікелей күзету мен корғау үшін қарауыл
кұрамынан сақшылар тағайындалады
Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін жауынгерлік міндеттерді
орындаушы каруланған карауыл кұрамынан сақшылар тагайындалады.
Сақшы дегеніміз өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөнінде
жауынгерлік міндеттерін орындаушы қаруланған карауыл.
Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, карауылдар бойынша
кезекшіге және оның көмекшісіне, гауптвахты жанындағы қарауыл
гауптвахты бастығына бағынады.
Ішкі қарауылдар әскери бөлім командиріне әскери бөлім бойынша кезекшіге
және оның көмекшісіне бағынады. 
Екінші оқытылатын сұрақ минут. (пост макетін көрсету, түсіндіру)
Пост дегеніміз сакшыға күзету мен корғау үшін тапсырылған барлық
объектілер, сондай-ақ ол өз міндеттерін орындап жүрген орын немесе
жергілікті жердің бір учаскесі. Күзететін объектілер орналасқан аумақтың
сым коршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден жоғарғы бөлігі 15 см-ден
аспайтын аракашыктыкпен биіктігі 2 метр-ден кем емес ішкі және сыртқы
коршаулары болу керек. Сыртқы және ішкі коршаулардың ара кашыктығы
жергілікті жағдайға карай 10метр және одан да көп болуы мүмкін.
Қоршаулар арасыпан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу және ені 5
метр-ден кем емес коршаудың сыртқы жағына өтетін бақылау кадагалау
жолы жабдықталады. Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға
ыңгайлы болу үшін коршаулардың арасына оқ өткізбейтін қоршауы бар
байланыс дабыл жүйесі кұралдармен және найзағайдан сақтану
кұрылғыларымен жабдыкталған бақылау мұнаралары орналастырылады.
Күзетілетін объектілері бар аумакка кіре берісте түнде және күндіз жаксы
көрінетін жазуы бар көрсеткіштер койылады. Айналып жүру көрсеткіштер
арқылы көрсетіледі. Бүл көрсеткіштер тәуліктің белгілі бір уакытында
койылуы мұмкін.
Үшінші оқытылатын сұрақ минут. (карауылдың қаруды оқтау және оғын алу
ретін көрсету) Практикалық жаттығу
Бекіту кезеңі 

  • Қарауылдық қызметі не үшін тағайындалады
  • Қарауыл дегеніміз кім? Сақшы дегеніміз кім?
  • Пост және оның анықтамасы 
  • Қаруды оқтау және оғын алу кімнің қатысуымен жүргізіледі?
    Бағалау үйге тапсырма беру Қарауыл пост сақшы анықтамаларын, 
    қарауылдың атқаратын қызметін оқу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *