Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ұранды ердің — ұрпағы қайсар

Аленов Бауржан Каиржанович
Преподаватель – организатор НВП
КГУ «Бирлестыкская средняя школа»
с. Бирлестык, Айыртауский район, СКО

«Қазақ елі» Сыздыкова Ділназдің орындауында
1.Жүргізуші:
Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де
келіп жетті. Биылғы жылы Қарулы Күштеріміздің құрылғанына 25 жыл.
Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал
азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:Еркін елде
өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі,
өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл,
намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет
етуге ұмтылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
2.жүргізуші
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!
1.Жүргізуші:
Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр —
Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға
адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай
лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.
Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры,
Базарбекова Балапан Қайнашқызына береміз.
2.Жүргізуші
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт
тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық
әскеріміздің айбыны арта берсін! Қазақстанның Қарулы
Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару
органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу
орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.Соғыс уақытында құрамына
қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер
министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара
қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және
аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Ән:Ерболаттың орындауында

  1. Жүргізуші:
    Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
    Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
    Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
    Алды бол қатарыңның бұл өмірде .
    2.Жүргізуші:
    «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы»
    Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы
    Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық
    тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери
    объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ
    Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді
    орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы
    Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша:
    Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери
    доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс
    саласындағы міндеттерді орындайды.
    Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің,
    туған жерің, дос –жарандарың, туған- туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын,
    өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға
    теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
    Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз- Қазақстанның патриотымыз!
    Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
    Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
    Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
    Қол соғады барша әріптестерің – деп, қазақ жігіттеріне қол соғып қошемет
    қылайық оқушылар
    Айдананың орындауында: Welcome to Kazakhstan әнін қабыл алыңыздар
    Дария
    Әрқайсысы жас пері 
    Бойында бар нық күші 
    Қазағымның әскері 
    Мықтылардың мықтысы 
    Жанель
    Арайланып ақ таң шын 
    Ашық болсын жолдарың 
    Әрбір қазақ мақтансын 
    Деп сендерді « Қорғаным» 
    Айдана 
    Сыйлар деумен тынымды 
    Сендерге артты үмітті ел 
    Мейрамдарың бүгінгі 

Кұтты болсын жігіттер 
Нияз
Ақ найзаның ұшымен, 
Ақ білектін күшімен, 
Ата-бабам мирас етті жерімді. 
Арыстандай айбаттым, 
Бойда құрыш қайратым, 
Мәнгі қорғап өтем текті елімді. 
Даниял
Сүйсем әке-апамды, 
Сүйсем солай Отанды, 
Мызғымайтын шекарада тұрғанда. 
Отан үшін от кешем, 
Қаруыммен серттесем, 
Көк бөрінін киесі бар тұлғамда. 
Ерболат 
Мен қазақпын, ұланымын елімнің , 
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің , 
Ұланымын туын көкке көтерер. 
Болашаққа алға бастап жетелер, 
Қиындығын қазағымның әрқашан , 
Қайыспайтын қара нардай көтерер. 
Дамирмадияршах 
Көз тойғысыз қазағымның жері бар , 
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар . 
Қазағымның жерін, елін қорғайтын , 
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар. 
 Данияр
Міне, осындай егеменді еліміз, 
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз . 
Туған елін, туған жерін сүйетін, 
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз. 
Арай
Өмір деген сынақ пенен бақыттан
Жаратылған зымыраған уақыттан
Ерің болса тіреп жүрген жаныңда
Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан
Адия
Ер адам боп жаралады өмірде
Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де,
«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да,
Абыройлы жігіт деген аты да.
Расуль
Әйел адам екі саты төмен боп,
Ер адамды сыйлап жүрсе өнеді.
Отағам деп қадірлесе өмірде

Мерейі мен абыройы өседі.
1.Жүргізуші:
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, —
« мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!
2.Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп сіздерге Ержан әнін тарту етеді. Қабыл
алыңыздар!
1.Жүргізуші:
Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
2.Жүргізуші:
Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе қорғаушылар,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір
1.Жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. «Би»
2.Жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы Ұлжан мен Арайдың орындауында
«Елім менің»
1.Жүргізуші:
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.

2.Жүргізуші:
Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар
күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз
қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару
қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.
Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер
ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын,
шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес
қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында
атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,
дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз — деп бүгінгі мерекелік кешімізде өз мәресіне
жетті. Сау-саламатта болыңыздар! Ән «Байтақ Елім қазағым» А янның
орындауында

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *