Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

«Алтын ұям – ақ ордам»

Тауекелова Алтыншаш Кизатовна
методист
ГККП Ясли-сад «Еркетай»
с. Ленинградское, Акжарский район, Северо-Казахстанская область, Казахстан

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық

картасы
Білім беру саласы: Әлеумет, қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс қызметі түрі :көркем әдебиет, тіл дамыту
Тақырыбы:«Алтын ұям – ақ ордам» 
Мақсаты:Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата – аналардың балабақшамен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру.
Балабақшамен қарым – қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: фото суреттер, қағаздар
Билингвалды компонент: шежіре – поколение; алтын ұям – золотое
гнездо; ақ ордам – белый дом
Әрекеткезеңдері Тәрбиешініңіс-әрекеті Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы

Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен
баланың бас ұстазы ата – ана.
Ұлтымызда «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің» деген дана
сөз бар. «Балапан қыран болу үшін
оны самғатып ұшыратын ат немесе
әке де қыран болу керек» деп
отбасылық тәрбиеге ерекше
тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың
орны бөлек. Бала әкеден ақыл,
анадан мейірім алады. Әке
отбасының асыраушысы,
қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана

Тәрбиешінің әңгімесін
құлақ салып тыңдау.

отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы,
жақсы ана отбасына береке әкеліп,
жанұясын бақытқа бөлейді.

Іздену-
ұйымдастыруш
ы

Ата-анаға баладан жақсы ешкім
жоқ. «Бала-адамның бауыр еті»
деген нақыл сөз бар.Сондықтан қай
ата-ана болмасын баласының
білімді, мәдениетті,тәртіпті,әдепті
болуын қалайды. Бала өмірдің
жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ
иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл
бөлген. Қай халық болса да, үмітін
ең алдымен ұрпағынан күтеді.
Жанған отын сөндірмей, түтінін
түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды
көздеген. Ал тәрбиенің көзі-ата
бабамыздан қалған ақылда, дана
сөздерде.
/балалардың тақпақтарының кейін/

Балалар тақпақ айтады.
1-жүргізуші.
Қадірлі көрермен
қонақтар, ата-аналар!
Текті білу ұрпаққа,
біздерге сын,
Құрметтеп ата-баба салт
дәстүрін.
Тыңдайық кезекпенен жан
ұяны ,
Құлшынып ортамызға
келген бүгін.
2-жүргізуші:
Шөберелі, шөпшекті,
Керегелі, кескекті.
Сіңірлі де, сабырлы,
Түбірлі де, тамырлы,
Шежірелі шаңырақ!
1-жүргізуші:
Армысыздар, әділқазы әз
жандар,
Өнерлерін әділ ғып
бағалаңдар.
Болмасын алыс – жақын
деп алалау,
Туған — туыс, дос деп те

Сайыстың шарттары:
1.     «Менің отбасым».
Қатысушылар өз отбасын сазды әуен
немесе сахналандырылған қойылым
арқылы таныстырады.
2.      «Менің әулетімнің шежіресі».
Үміткерлер отбасы тарихынан дерек
беретін көрме ұйымдастырады.
Шежіре терек, фотосуреттер арқылы
әрқайсысы өз әулетінің шығу
тарихын баяндап береді.

3.      «Өнерлі өрге жүзер».
Байқауға барлық отбасы қатысады.
Мұнда әр отбасынан бір – екі адам
шығып, өнерін көрсетеді.
4.      Кедергі жағдайлар мен
шығармашылық тапсырмаларды
шешу. Мұнда берілген
тапсырмаларды, әртүрлі оқиғаларды
жанұяның бірлесе қалай
шешетіндіктері тексеріледі. Қағазға
әртүрлі ситуациялық оқиғалар
жазылады.
5.      «Эрудиттер байқауы»
30 секунттың ішінде үміткерлер
сұрақтарға жауап береді.Тарих,
мәдениет, спорт, әдебиет салалары
бойынша сұрақтар беріледі. Реттерін
білу үшін жеребе суырылады.

қарамаңдар, — дей келе
сайысымызды қадағалап,
әділ баға беріп отыратын
әділқазылар алқасын
сайлайық.
2-жүргізуші:
Әкелермен атады өмір
таңы,
Құт дарыған шаңырақ
ердің бағы.
Ата – ана ағарсын жұбын
жазбай,
Айдындағы қос аққу
көлдің сәні.
1-жүргізуші:
Тәрбиеге күш – жігер
салып көп,
Сыйластықты ата дәстүр
қалып деп.
Сол ата – ана ұялатар
санаға,
Қастерлеуді ұлттық
салтты дәріптеп

Балалар ата-аналарымен
бірге сахналық қойылым
қояды.

Ата-аналарымен бірге
жауап береді.

Өз отбасы жөнінде әңгіме
жүргізеді.

1-жүргізуші.
Назар салып ойланайық әр сөзге,
Жалғас тапсын дәстүріміз әр күнде.
Осылар менің отбасым дейтұғын,
Адамдарды таныстырам мен сізге,-
дей келе бірінші бөлімге кезек
береміз- «Менің отбасым».
2-жүргізуші:
Кім өтер, кімдер қалар,
Рухым өшіп менің қайта жанар.
Еңіреп ата-бабам өтіпті-ау деп,
Кейінгі ұрпақтарды есіне алар.
Екінші бөлімге кезек береміз-
«Менің әулетімнің шежіресі».
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.» — деп Абай
атамыз жырлағандай
қонақтарымыздың өнерін
тамашалайық..
2-жүргізуші:
Қазақтың әлемге жазылған даңқы
бар,
Пәк көңіл , ақ пейіл, мерейлі халқы
бар.
Атадан балаға жалғасқан қасиет-
Үлкенді ардақтап сыйлайтын салты
бар.
Эрудиттер сұрақтары:

  1. Балдан тәтті не?
  2. Қылыштан өткір не?
  3. «Ботагөз» романының авторы
    кім?
  4. Қазақ билерін ата?
  5. Қандай жолмен адам ешуақытта
    жүрмейді?
  6. Қара шаңырақ иесі кім?
  7. Балаға кім сыншы?

Ата-анамен бірлесіп өз
әулетінің шежіресін
айтып береді

Балалар ата-аналарына
арнап ән айтады.

Ата-аналар жауап береді.

  1. Ананың парызын бала өтей ала
    ма?
  2. Жанұядағы баласының міндеті?
  3. Жанұядағы ата-ананың міндеті?

Рефлексивтікор
рекцияла-ушы

Сайысқа қатысқан жанұяларға алғыс
білдіріп, осындай біріккен іс-
шараларды көбірек өткізу бала
тәрбиесіне әсері мол екені айтылды.
 

Сайыстан алған әсерлерін
өз тілінде жеткізу.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: әр бала өз жеті атасын білу керек.
Өзінде болу керек: Өзінде ынта, жігер болу керек.
Істей алады: Туыстық қарым-қатынасты ажырата алады.

Поделиться ссылкой:


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *