Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Германияның КСРО-ға шабуылы. Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар

Оразгалиева Меруерт Дарубаевна
Преподаватель истории и общественных дисциплин
КГКП «Музыкальное училище им. Мукана Тулебаева»
г. Семей, ВКО, Казахстан

Пән: Дүние жүзі тарихы
Тақырыбы: Германияның КСРО-ға шабуылы. Ұлы Отан соғысы 1941-1945
жылдар.
Оқу тобы: 1 курс, Фортепиано,хор дирижері,ән,оха,теория
Өтетін уақыты: 09:00 – 10:25, 11-ші желтоқсан 2020 жыл
Сабақтың ұзақтығы: 90 минут
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: Дүниежүзі тарихы аясында студенттердің Ұлы Отан соғысы
туралы білімін қайталау,жаңғырту,жүйелеу және білімдеріндегі
кемшіліктерді жою, тың деректермен таныстыру және білімдерін тереңдету.
Дамытушылық : талдау, салыстыру,құжат деректері бойынша логикалық
ойлау дағдыларын дамыту, алға қойылған мақсатты шеше білу, деректермен
жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды жеңе білу және өз көзқарасын
жақтай алу біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік : Отансүйгіштік, Отанға деген құрмет, өз елінің өткенін мақтан
ету, соғыс жылдарындағы оқиғалардың жалпыадамзаттық құндылықтарды
дамытқанын түсіндіру және халық қаһармандығын түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер:
 Дүниежүзі халқына қасірет әкелген тарихи оқиғаларды түсінеді;
 Ұлы Отан соғысы ІІ дүниежүзілік соғыстың заңды жалғасы екендігін
түсінеді;
 Топта жұмыс істеу дағдыларын шыңдайды;
 Өз ойын дәйектей алады.
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, пікірталас элементтері,
проблемалық мәселелерді шешу, топтық жұмыс «Мұражай экспозициясы»
АКТ, критериалды бағалау, жеке жұмыс, көрсетілім, рефлексия «екі жұлдыз,
бір тілек»
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, презентация, үлестірме
материалдары,бағалау парақтары, А3 форматта қағаз, маркер
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, өлкетану, әдебиет.
Аймақтық компонент: ҰОС жылдарындағы семейліктердің ерлігі.
Ақпараттық қор: К.Қожахметұлы, Ә.Шүпеков,М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов.
Дүниежүзі тарихы. Оқулық, Алматы «Мектеп» 2014.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

  1. Ұлы Отан соғысы ІІ Дүниежүзілік соғыстың заңды жалғасы
  2. Соғыстың алғашқы жылдарындағы КСРО-ның жеңілу себептері
  3. Жеңісті жақындату
    IV. Бекіту
    Интерактивті музей «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»
    V. Қорытындылау, бағалау
    VІ. Үй тапсырмасы
    VІІ. Рефлексия
    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
Студенттермен сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру,
психологиялық ахуал тудыру (суретке түсу арқылы), бағалау
критерийлерімен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы
Оқытушы сөзі:

  • Соғыс- осы бір сөзді естігіенде түршікпейтін жан жоқ шығар.
    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Жер бетіндегі соңғы 3400 жылдың
    250 жылы ғана бейбіт жағдайда болыпты. Напалеон соғысында 1 млн. Адам
    өлді,І Д.ж соғысында 10 млн, ІІ д.ж соғыста 30 млн. Т.б.
    Сонда ойланып жауап берейікші «соғыс деген» не?
    Миға шабуыл: «Соғыс – мемлекеттер, үкіметтер,қоғамдар, әскери күштер
    мен әралуан топтар арасында жалғасатын, қарсы жағын (жауын) құртуды
    көздейтін қарулы қақтығыс».
    Соғысты арнайы зерттейтін ғылым Полемология (polemology) деп аталады,
    поломология грек тілінен аударғанда «полмос»(polemos) – соғыс және
    логия(logy) — білімғ яғни соғыс туралы білім зерттеу дегенді білдіреді.
    Ойлануға 1 мин.беріледі, анықтаманы дәптерге жазу.
    Энергизатор:
    1.Екі алақанды қосып, бір-біріне қатты қысамыз.
  1. Саусақтарды айқастырып,қолымызды жоғары-төмен көтереміз.
    3.Саусақтарымызды айқастырып, желкемізге апарамыз және алақанман
    желкемізді басамыз,басымызды тік ұстаймыз.
    Оқышылар өздерінің нұсқаларын айтады.
    Оқытушы:
  • Кеңес азаматтарының кезекті бір демалыс күні болатын. Бірақ…бұл кезекті
    болмады, айнала астан-кестен, жылаған дауыстар, өрт, ерте есейген балалар,
    қарт екенін ұмытқан қариялар…
    22 маусым таңғы сағат 4 –те ел шырт ұйқыда жатқанда, неміс фашистері
    Солтүстік Мүзды мұхиттан Қара теңізге дейінгі аумақта тұтқиылдан
    шабуылын бастады. КСРО шекарасына 5,5,млн.неміс әскерлері мен
    офицерлері, 5 мың ұшақ, 3,5 мың танк қаптап келіп 1200 ден аса кеңес
    ұшақтарын әуе жайлардан қиратты.

I.  Ұлы Отан соғысы ІІ Дүниежүзілік соғыстың заңды жалғасы
Неліктен КСРО үшін соғыс аяқ астынан болды? Әлемде ІІ Дүниежүзіліқ
соғыс жүріп жатты емес пе? КСРО соғысқа дайын болды ма?Дайын болса
соғыстың алғашқы кезеңіндегі жеңілістерді қалай түсіндіреміз? Осы
сұрақтарға жауап алып көрейік.
Үш топқа бөлінеміз (топқа бөлуде оқушыларды 1,2,3-ке санау арқылы бөлу).
1 топ- Қорғаушылар (КСРО-ның соғыс алдында бар мүмкіндікті
пайдаланғанын айтады).
2 топ.-Қарсыластар (Германияның соғысқа дайындығын талдап, КСРО –ның
қателіктерін табады).
3 топ-Аналитиктер (екі елдің соғыс алдындағы дайындығын сандармен
анықтауға тырысады).
( Қосымша №1)
Топтық жұмыс

  1. 1 топ Қорғаушылыр, мәтінмен жұмыс
    Жоспар құру
    «КСРОның соғысқа дайындығы. Ел соғысқа дайын ба?..»
  2. 2 топ (Қарсыластар), мәтінмен жұмыс
    Жоспар құру
    «Германияның соғысқа дайындығы»
  3. 3 топ (аналитиктер), статистикалық мәліметтермен жұмыс
    «КСРО мен Германия.Күштер арасалмағы».
     
    Студенттер топ бойынша отырады.
    Слайд көрсету «Дайындық жоспары»
  4. 1 топ
         КСРО
  5. Индустрияландыру және ұжымдастыру
  6. Екі әскери-өнеркәсіптік кешен
  7. Әскер санының артуы
  8. Әскердегі «тазалау»
  9. Әскери доктринадағы қателіктер
  10. 2 топ
    Слайд көрсету  «Германия»
  11. Өз идеяларын насихаттау
  12. Жаулап алу жоспарын құру
  13. Күшті барлау қызметі
  14. Шабуыл жасаспау туралы пактке сенім
  15. 3 топ
    Слайд көрсету
    «КСРО мен Германия  22 шілде 1941 г. күштер арасалмағы».
    Кесте: ««КСРО мен Германия 22 шілде 1941 г. күштер арасалмағы».
     
    Күштер мен қару
    жабдықтарСилы и
    средства

СССР Германия

Адам саны 5.7 млн. 7.3 млн.
Қару 117.6 71.5
Танктер 18.7 5.6
Ұшақтар 16 5.7
 Оқытушы: Салыстыра отырып, өз пікірлеріңді айтыңдар

  1. КСРО неліктен артықшылықтарға ие бола отырып, соғыстың алғашқы
    жылдарында сәтсіздіктерге ұрынды?
  2. Гитлерге не үшін КСРО-мен пакт керек болды, ал Сталин қалай пакт
    жасасты?
  3. 1939-1940 ж.ж. КСРО-ның сыртқы саясаты ашық агрессия ма әлде өз
    шекарасын кеңейту амалы ма?
  4. «Барбаросса»

II КСРО-ның жеңілу себептері:

  • Сталиннің сенімсіздігі;
  • Кеңес-Фин соғысы КСРО-ның соғысқа дайын еместігін көрсетті (1939 ж.30
    қараша-1);
  • Саяси қуғын-сүргін (1937-1938 жылдардағы);
  • Қатардағы жауынгерлердің әскери істе тәжірибесі болмады;
  • Шекара маңына ірі күштерді орналастырудағы қателіктер;   
    Соғыстың алғашқы кезеңі өте ауыр болды. Қызыл әскер қатаң қарсылық
    көрсете отырып, стратегиялық қорғаныс стратегиясына көшті.
    2) «Тайфун», «Барбаросса», «Ост», «Цитадель», «Багратион» әскери
    жоаспарларына түсініктеме беріңіздер. (Жауап: «Тайфун» — Гитлер
    армиясының Мәскеуге басып кіруі туралы жоспар; «Барбаросса» —
    фагшистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен соққы беру жоспары;
    «Ост» — Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген халықтарды қырып-
    жою жоспары; «Цитадель» — Гитлер армиясының Курсаймағына басып кіру
    жоспары; «Багратион» — Қызыл армияның Белоруссияны азат ету жоспары.)
    1 қараша 1941 ж.- Ленинград блокадасы, 2 қыркүйек 1941 ж..- фашистер
    Мәскеуге 30 шақырым жақындап, КСРО астанасын жаулап алудың «Тайфун»
    жоспарын құрды. Қызыл алаңнан әскерлер сап түзей отырып, бірден
    майданға аттанды.
  • Гитлер неліктен Мәскеуді басып алуға ұмтылды?
  • Осы қатыгездікті кім тоқтатты?
  • Гитлер өз мақсатына неліктен жете алмады?
    Кеңес әскерін жеңіске жеткізген қандай күш? Өзіңнің ойыңмен бөліс.
    Жеңіске жеткізген фактролар
  1. Қаһармандық, ерлік, жеңімке деген сенім
  2. Соғыстың ұлы отандық сипаты
  3. Темірдей тәртіп «Бір адым шегінуге жол жоқ»
  4. Партия мен мемлекет басшылығының рөлі
  5. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»
    Қалай ойлайсыңдар жеңіске жеткізген басқа да факторлар болды ма?
    «Жеңіске жеткізген жалынды жыр» Бұл сұрақтың жауабын біз сол
    жылдардағы ән, өлеңдер арқылы табуға болады, соларда кеңес

азаматтарының жеңіске деген сенімі, ұмтылысы айқын көрінеді. Әр топ осы
әндерді естеріне түсіреді.
Бұл нағыз патриотизм еді.
Отансүйгіштік

  • Бүгінгі отансүйгіштік деген не? Аналитикалық топ әлеуметтік сұрау
    жүргізген болатын. ( Аналитикалық топ училище студенттері арасында
    сауалнама жүргізгенеді, соның нәтижесән жариялау.
    Қорытынды
    Демек, Ұлы Отан соғысы мен ІІ Дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңуге
    КСРО орасан зор үлес қосты. Немістер өз әскерінің 73% айрылды. Бәрақ бұл
    жеңістің бағасы да ауыр болды. 1418 күнге созылды, 28 млн. адам қаза тапты,
    2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер
    қирады, 70 мың ауыл жойылды, 427 мұражай және 43 мың кітапхана
    қирады.)

Салыстыру:
  КСРО Өзге елдер
Адам шығыны 28 млн. адам ( 10 млн.
майдан даласында)

 Германия-5.5 млн. адам

Елдің ұлттық байлығы
 

1/3 қысқарды Англия 0.8%
Франция1.5%
АҚШ 0%(+ 117 млр. дол.)

нәтижесі Елдің дамуы 5-10 жылға

артта қалды

 
IV. Музей экспозициясы. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» ( Қосымша
№3)
Ерлік ешқашан есеппен істелмейді. Ол ешқандай есепке көнбейді. Ерлікті
сантиметрмен өлшеп, грамдап салмақтап, секундтап санай алмайсың. Ерлік
адам жанының лап еткен жалыны, жарқ еткен найзағайы. Ерлік биіктегі
кемерінен асып, лақ етіп құздан құлаған тасқын. Ерліктің негізі –
сүйіспеншілік. Кісі сүйгенінің құлы да, құрбаны да болады. Отанын сүйген
солдат ол үшін отқа да, суға да түседі. Сөйтіп саналы түрде ерлік жасайды.
Ол ерлікті қай күні, қай сағатта жасайтынын солдаттың өзі білмейді. Сәт

сағаты жетіп, жан толқыны тулап, шиыршық атып аспанға шапшығанда
солдаттың жұдырықтай жүрегінен ерліктің жалыны бұрқ ете лаулай атылады.
Дүниені дүлей тасқын кернейді. Жер сілкініп, тау төңкеріледі. Күн күркіреп,
найзағай жарқылдайды. Солдат ерлік жасағанда осылай болады! Солдаттың
жүрегін ерлік атты балапан жұмыртқадай жарып шыққанда осылай болады.
Бірақ солдат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді
атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі.
Өзінің ерлік жасағанын өлген солдат білмей кетеді, тірі қалған артынан
ұғады.
Мен сендерге Ерлік пен Даңқ мұражайының экспозициясын құруды
ұсынамын. ( Әр топ конверт алады, сол конвертті ішіндегі материалдарды
пайдаланып мұражай экспозицисын құру керек. Әр топтан 2 студент шығып,
қорғайды.
 1 топ ( қосымша №3)
«Ер есімі – ел есінде» (Бауыржан Момышұлы туралы)
2 топ  — «Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында» (соғыс жылдарындағы
жерлестеріміздің ерлігі)
3 топ «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» ( Ұлы Жеңіс, соғыс
ардагерлері және олардың естеліктері, жауынгер хаттары )
V. Рефлексия 
Оқытушы: Мұражай экспозицияларын аралағаннан кейін, мына сөздерге
синквейн құрамыз: патриот, отан, жеңіс.
VІ Қорытындылау, Бағалау
VІІ Үйге тапсырма. «Ерлік пен Даңқ беттері» презентация.
«Соғыс ардагеріне хат» жазу.

Поделиться ссылкой:


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *