Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Статья на тему «Қазақ тіліне үйретуде деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі»

Клышева Асем Толеуовна,
учитель казахского языка
АСШ №1 им.П Исакова
г.Акколь,Акмолинская область,Казахстан

«Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту әлі де тиісті дәрежеде тиімді болмай отыр. TIMSS және PISA зерттеулері нәтижесінде алынған деректер Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің теориялық білім беру, оқушылардың ақпаратты есте сақтау, табу және зерделей білуін қамтамасыз ету деңгейінде жеткілікті дәрежеде тиімді екенін көрсетті. Дегенмен, бұл жүйе оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын игеру және қолдану мүмкіндіктерін, мәселен, математикалық білімін тәжірибеде қолдану және математикалық ойлауын дамыту немесе оқылым барысында мәтінді талдау және бағалау сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады. Орта мектепке арналған оқу бағдарламасының ғылыми сипаты басым және тым ауқымды болуы тиімді оқытудағы негізгі кедергі болып табылады».                                                (М.Милованович, 2014)

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Жаңа технология түрлерін қазақ  тілі  пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру көзделетін  төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған

Құндылықтар Дағдылар
• шығармашылық және сын тұрғысынан

ойлау;

• қарым-қатынас жасау қабілеті;

• өзгелердің мәдениетіне және

көзқарастарына құрметпен қарау;

• жауапкершілік;

• денсаулық, достық және айналадағыларға

қамқорлық көрсету;

• өмір бойы оқуға дайын болу

 

сын тұрғысынан ойлау;

• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

• проблемаларды шешу қабілеті;

• ғылыми-зерттеу дағдылары;

• қарым-қатынас дағдылары (тілдік

дағдыларды қоса алғанда);

• жеке және топпен жұмыс істей алу

қабілеті;

• АКТ саласындағы дағдылар

 

 

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы  жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.

«Қазақ тілі» пәні. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы.

Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.

Сонымен қатар, оқушыларға түсіну мен жауап беруді, тілдесім мен аудиобейне материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіруді үйретеді. Көркем мәтін және жай мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау, синтез, анализ жасау дағдыларын меңгертеді.

Пән бойынша оқу мақсаттары мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді:

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым.

2-бөлім. Оқылым.

3-бөлім. Жазылым.

4-бөлім. Әдеби тіл нормалары.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі мына дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

— мәтіннен ақпаратты анықтау;

— негізгі ойды анықтау;

— тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;

«Оқылым» бөлімі  оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

— ақпаратты түсіну;

— мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

— әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

«Жазылым» бөлімі  төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

— жоспар құру;

— әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

— жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

— оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

— мәтіндерді түзету және редакциялау.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

— орфографиялық норма;

— орфоэпиялық норма;

— лексикалық норма;

— грамматикалық норма;

— пунктуациялық норма («Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы)

5-сынып 5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.                                                                6-сынып 6.О1. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру                          7-сынып 7.О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер)ақпаратты интерпретациялау.

Оқушыларды уәждеуБұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда,

ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде, мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал.

Саралап оқыту  әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі,

оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын

тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.

1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.

2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.

3.Берілген білімді пысықтау.

4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.

5.Шығармашылық қабілетін арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында..Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Дүние жүзі педагог – ғалымдарының пікірінше, нәтижені оқытудың педагогикалық технологиясы береді. «Қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа болашағы мол бағыты болып отыр», — дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж. Қараев [1].

Бүгінгі күні жаңа технология бойынша оқытудың келесі түрлері белгілі: проблемалап оқыту (М.И. Махмутов т.б.), бағдарламаланған оқыту

Ю.А.Самарин, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина т.б.), саралап, жекелеп оқыту (Кобдикова т.б.), дамыта оқыту (Ю. Б.Эльконин, Н.Д.Хмель, Т.С.Cабиров, А.А. Бейсембаева, Р.М. Қоянбаев), ұжымдық оқыту( В.К: Дьяченко т.б.), деңгейлеп оқыту (Караев Ж.), дистанциялық оқыту(Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Жүсібалиева), модульдік оқыту( К. Жақсылықова). Қандай технология болмасын, оны оқытушы сабақтың жоспары арқылы іске асырады. Ал бүгінгі күні жоспарлау мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Сондықтан технологиялық карта әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады.

Осы уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан бірыңғай жоспарлауды қолданып келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жоспарлап, жеткізуші рөлінен студенттерді білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;              ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;           IV кезең: дамыту.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

«Мұғалім нені білу керек?»

Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.

Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.

Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.

Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.

Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.

«Не істей алу керек ?»

Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.

Әр сабақты жоспарлау.

Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

Оқу модулын құрастыру.

Оқу жобасының мазмұнын анықтау.

Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»

Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.

Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.

Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.

Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Міндеттері:

  1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
  2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау…
  3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:

Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.

Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей — «эвристикалық». Бұл  деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.

Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді.  Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Жетістіктерге жету үшін ең алдымен  оқушылардың   білім дәрежесін, ынтасын, ақыл–ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.

Сабақ барысында топтағы барлық  оқушылардың   білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.

Сабақта  оқушыларға  өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек.  Оқытушы  білімі  төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы  ирформатика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға  тиімділігі:

Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы

Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы

Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы

Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген  қызығушылығының артуы

Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы

Оқушы белсенділігінің оянуы

Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы

Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының  оқытушыларға тиімділігі

Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы

Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі

Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі

Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы

Оқушы мен  оқытушының  шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы

Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының информатика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

«Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әр түрлі оқитынын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді»

Leppien  «Difference» – латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді.

Оқытуды саралау дегеніміз — оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психолого-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.

Ал, саралап оқыту дегеніміз:

— оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттері ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны;

— әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактика жүйесінің бір бөлігі.

Саралап оқыту бірнеше  мақсаттарды  жүзеге асыруды көздейді:

Әлеуметтік тұрғыдан:

— қоғамның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған;

— қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін ұмтылу.

  • Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:
  • – әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз

ететіндігі болып табылады;

  • – деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға

қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде

оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б.

ескеру керек;

  • – мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін

құрып ұсынып отыруы тиіс. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға

Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту  технологиясының принциптері-оқытуды

ізгілендіру мен демократияландыру  жағдайында, өздігімен даму бағдарын

анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс  шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп  өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға  қалыптастыруға болады.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *