Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/pourochka.kz/plani.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497
Қосымша білім беру жүйесінде жеке тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру - Поурочные планы для учителей Казахстана, обновленка КСП,ССП 2021-2022

Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қосымша білім беру жүйесінде жеке тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру

Бекбергенова  Дәмеш Кенжалықызы,
қосымша білім беру педагогі
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МКҚК
Ақтөбе қаласы,Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты — жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру керек» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Ұлттық құндылықтар дегеніміз халқымыздың ұлттық бет-болмысын, ерекшелігін көрсететін мәдениеті, өнері, тілі. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық құндылықтарымызды дамыту, жаңғырту бағытында келелі жұмыстар атқарылуда. Ғасырлар бойғы ата-бабамыз сақтап келген ұлттық жәдігерлерімізді ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып, мақтан тұту аса маңызды.

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіне отырып, ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық құндылықта білім мен тәрбие берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», — деп көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс.

Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарда  мәнерлеп оқу үйірмесінде басым мақсаттарды басшылыққа аламын.

Берген білім мен тәрбиемізден не күтеміз?

Қандай нәтиже шығады?

Оны қалай жүзеге асырамыз?

Деген сұрақтарға жауапты қосымша білім беру мен тәрбиелеу арқылы табамыз.

Мәнерлеп оқу үйірмесі  – бастауыш, орта буын оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Өткізілетін тақырыптар ата-ананы құрметтеуге, елін-жерін сүюге, отансүйгіштік қасиеттерін оятады. Нақыл сөздерді, шешендік сөздерді талдауда негізі ойды табу, өмірде қолданысқа енгізуге дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Үш жүздің билерінің астарлы шешендік сөздерінің негізгі идеясын меңгерте отырып, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халық басына түскен ауыртпалық, елі, жері үшін күрескен, бір тудың астында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері мен тауып айтылған шешімдерін балаларға ұғындырып отырамын. Балаларды шыншылдыққа, әділдікке тәрбиелеу маңыздылығы басты ұстанымым. Баланы әу бастан дау-жанжалдардың ақ-қарасын аша білуге үйрету. Өз шешімін анық айтуға тәрбиелеу.

Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Мұзафар Әлімбаев, Төлеген Айбергенов, Әбділда Табылды т.б.  шығармалары арқылы оқушы бойына жетіспейтін қасиеттерды дарытамыз.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» тақырыбында айтылған өзекті мәселелерді қозғап, қазіргі таңдағы қоғамдағы болып жатқан ұлтымыз жат санайтын тастанды балалар мен қарттар үйінен орын алған аяулы қарияларымыздың көбею себептерін анықтату. Өз ойларын ортаға салып, ата-анасын, қарияларымызды құрметтеуге, бағып қамқор болуға баулимын. Отбасылық тәрбие беру негізінде өткен ата-аналар консилиумы мен дөңгелек үстелдердің пайдасы орасан зор. Ата-аналардың қоғамдағы болып жатқан діни ағымдардың зияны туралы қаншалықты хабардар екенін анықтау мақсатында, оларға деген көзқарасы қандай екенін анықтау үшін сауалнамалар өткізіп отырамыз. Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол педагогтың қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне қосымша білім беру мекемесі мен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі сапалы болмақ.

Сондықтан ұлттық мектептің басты мақсаты ұлтымыздың мәдени, рухани жолын танып-білуге негізделуі керек. Бұл — ұлттық сана мен нанымды қайта қалыптастыру деген сөз. Ал бүгінгі мақсат-мұрат белгілі. Ол — білімі білікті, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, мәдениетті, еңбеккер, іскер, сондай-ақ бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамзатты оқытып тәрбиелеу, оны дамыту.

Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!

Скачать


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *