Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Механикадағы күштер. Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. (физика) 9кл

Сыйхымбаева Назерке Махаметкалиевна,
учитель физики
СШ №33 имени М.Ауэзова
г.Тараз,Жамбылская область,Казахстан

Мақсаты:сабақты 7 модульді ықпалдастыру арқылы өткізу.

Міндеттері:
Білімділік:
Тартылыс құбылысы, бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Оқушының физика пәніне ынтасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушының ой — өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайд, карточкалар.

 

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа көңілін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ — жауап
1. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
2. Инерция деп нені айтады?
3. Инерцияға мысал келтір.
4. Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды?
5. Жүріп бара жатқан трамвайдан секірген адам қалай қарай құлайды?
6. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?
7. Күш қандай шама? Мысал келтір.
8. Күш немен сипатталады?
9. Күш сызбада қалай кескінделеді?
10. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
11. Қандай күш 1Н — ға тең болады?

“Қайталау — оқу айнасы”
А) «Сәйкес формуланы тап»

1. масса ————— S=υt
2. көлем ————— t=S/υ
3. жол —————- m=ρv
4. жылдамдық —— ρ=m/v
5. уақыт ————— υ=S/t
6. тығыздық ——— V=m/ρ

 

В. «Кім жылдам?» ойыны (таблица толтыру)

р/с Күштің түрлері белгіленуі формуласы өлшем бірлігі ХБЖ
1 Ауырлық күші        
2 Серпімділік күші        
3 Үйкеліс күші        
4 Реакция күші        
5 Салмақ        
6 Ньютонның ІІ заңы        

 

ІІІ. Жаңа сабақ
Сонымен, сабақ басында айтылып кеткеніндей, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: “Тартылыс құбылысы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы”. Енді сабағымызды бастамас бұрын, мынаған назар аудара қойыңыздар: менің қолымдағы текшені, кішкене резеңке допты жібере салдым. Нендей жағдай орын алды? Ол денелер неліктен жер бетіне түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады)
Иә, жақсы! Жауаптарың дұрыс. Енді мына суреттерге қарап көріндер және өз ойларынды тағы да айта қойыңдар.

Жақсы, ойларымен келісемін, енді мені тыңдаңдар. Жаңағы сұрақтардың шынайы жауабын қазір түсінесіңдер. Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.
Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір — біріне тартылады. Ай Жерді айнала қозғалады.

Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір — біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И. Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы — Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Бұл заңмен сендер 9 — сыныпта таңысасыңдар.

Ньютон тартылу күшінің өрнегін 1666 ж., 23 жасында — ақ анықтаған. Бірақ, ол өзінің теориясын тәжірибелік деректермен салыстырып, көп алшақтық байқағандықтан жария етпейді. Нәтижесінде ол ашқан заң көптеген жылдар бойы белгісіз болып қалды. Алайда, ол қолданған деректер нақты дәл емес. Ньютонға дәлірек өлшеулердің нәтижелері белгілі болғанда, О. Лодж айтқандай, ол “өзінің ескі қолжазбаларын алып есептеуге кірісті… Жаңа деректер есептеу нәтижелерін өзгерте бастады. Ол өз жұмысын керемет тебіреніспен қайта қарады. Қаламы ойына ілесе алмады. Соңында есептеулерден керекті нәтиже алды. Ашқан заңның керемет мәні мен тереңдігі оның басын айналдырып, тұманданған көздері қолжазбаны көрмеді. Шаршаған ол қаламын тастай салады. Әлем құрылымының құпиясы жалғыз өзіне ғана ашылды…”.
Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – Ньютон аталған.

VII. Сабақты бекіту.
1. Неліктен денелер Жерге құлайды?
2. Әлемдегі денелердің бір — біріне тартылуы қалай аталады?
3. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым кім?
4. Тауға қарай көтерілу, тіпті жол тегіс болғанның өзінде, төмен қарай түсуден гөрі қиын болатыны неліктен?
5. Жаңбыр тамшысының Жерге қарайғы қозғалысын туғызатын қандай құбылыс?
Есептер шығару

І топ

 1 есеп Массалары m = 100 г және m = 50 г болатын екі нүктелік дене бір-бірінен r = 20 м аралығықта орналасқан. Олардың арасындағы өзара тартылыс күшін анықтаңдар.

ІІ топ

 2 есеп Жер бетінен 400 км биіктікте тұрған массасы 40 кг дене жерге қандай күшпен тартылады? Жердің радиусы 6400 км.

ІІІ топ

 3 есеп Әрқайсысының массаы 100 кг тыныштықта тұрған шарлар бір-бірінен 0,1 Н күшпен т артылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан.
VIII. Сабақты қорытындылау.Бағалау
VIII. Үйге тапсырма
§30. Реферат: 12-жаттығу. 5 тест сұрағын құру

«И. Ньютонның өмірі мен қызметі»

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *