Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қазақстанның танымал ғалымдары

Мухаметкалиева Жанна Токтагуловна,
учитель казахского языка и литературы
КГУ «Раисовская средняя школа»,
Северо-Казахстанская область,Казахстан

Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін арттыру. Қазақстанның ғалымдардың еңбектерін танып, құрметтеуге баулу.
Міндеті: технологиялық картанын регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация.
Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.
2. Үй жұмысы
Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру
I кезең
Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады.
1. Қаныш Сәтбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Қаныштың әкесі кім болған?
3. Бала кезінде қандай болған?
4. Павлодар қаласында нені бітірген?
5. 19 жасында кім болып жұмыс істеді?
6. 20 жасында қайда оқуға түсті?
7. Қаныш Сәтбаев Қарсақбай мен Жезқазғанда нені ашты?
8. Екібастұзда нені ашты?
9. Ғалым Ұлытаудан нені тапты?
10. Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен не басталды?
11. 1946 жылы ғалым кім болды?
12. Ғалымның құрметіне планета қалай аталды?
13. Академия үйіне қандай үлес қосты?
3. Жаңа тақырып
Өткен тақырып қайталанған соң оқушыларға кесте таратылады, жаңа тақырып бойынша Қазақстанның ғалымдары туралы интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіліп, оқушыларға ғалымдар және олардың еңбектері туралы мәліметтер беріледі. Жаңа тақырыпты сұрақтар арқылы пысықтайды
4.II кезең
1. Қандай белгілі ғалымдарды білесіңдер?
2. Ғалымдар деп қандай адамдарды айтамыз?
3. Ахмет Байтұрсынұлы кім болған?
4. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?
5. Шоқан Уәлихановтың шың аты кім?
6. Шоқан Уәлиханов жазған жыр қалай аталады?
7. Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
8. Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
9. Қазақ хрестоматиясын кім жазған?
10.Кіші планета қай ғалымның атымен аталған?
11. «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп кімді атаймыз?
12. Ғылым академиясының тұңғыш президенті кім?
13. Ғылыммен жақын болсаң, Қолың жетер, Залыммен жақын болсаң,… мақалдың жалғасы
Ғалымдар Жылдар, оқиғалар Сабақтас құрмалас сөйлемдер

6. Дәріс
Мұғалім жаңа тақырыпты әрі қарай дәріс ретінде түсіндіріп тұрады, ал оқушылар кестені толтырып отырады.
III кезең «Бір-біріне сұрақ қою»
Оқушылар бір-біріне сұрақтар тест түрінде құрастырып жауап береді.
IV кезең Толтырған кестелерін бір-біріне беріп оқушылар жазған сөздер санын санап қорытынды жасайды.
V кезең Кестенін дұрыс толтырылуын тексріледі.
Сабақты бекіту
Оқушылардың білімдерін бағалау
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша жүргізіледі.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *