Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

«Әкімшіліктің міндеттері».

Шаяхметов Даулет Бекболатович,
 учитель истории
КГУ «Средняя школа Бакырчик»
п.Ауэзов,Жарминский район,ВКО,Казахстан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалақы, үстем ақы, сыйақы, марапаттау, жалақы мөлшері, үстем
ақы, салық, шығын, еңбек тәртібін ұйымдастыру туралы білім беру
Тәрбиелік :Еңбексүйгіштікке, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Алған білімдерін дамыту мақсатында топпен жұмыс істеу
арқылы білімдерін дағдыландыру
Сабақтың түрі:Жарыс сабағы
Өткізу әдісі:топпен жұмыс
Көрнекіліктер:тақта, бор, тірек ұғымдар сөздері,ҚР Конституциясы, Еңбек
туралы заң
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу
2. Тізім бойынша оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру, зейіндерін арттыру
4. Үйге берілген тапсырманы сұрау
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау
1.16 параграф Еңбек жағдайлары тақырыбын ауызша баяндамасын сұрау
2.Қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру:
1. Еңбек жағдайлары дегеніміз не?
2. Жұмыс уақыты қалай белгіленеді?
3. Қандай жағдайларда жұмыс ауыспалы негізде және түнгі уақытта
жүргізіледі?
4. Мерзімінен тыс жұмыстарға қашан және қандай көлемде жол беріледі?
5. Демалыс уақытына нелер жатады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жүргізілетін жұмыстың үлгісі «Ойлан, тап»ойыны. Ойынның мақсаты:
тақырыптың мазмұны бойынша оқулықпен жұмыс істей білу дағдысын
дамыту, алған білімдерін бекіту. Тақырып бойынша оқулықтың мазмұнымен
жұмыс істеу үшін, оқушыларды 3 топқа бөлем. Әрбір топ сабақтың
жоспарындағы әр сұрақтың мазмұнын ашуға көмектесулері крек. Ол үшін
тақтаға немесе алдын ала сөздерді (қағаз бетіне жазып дайындап әкелу)
араластырып, шым-шытырақ жазылған тірек ұғымдарына назар аудартып,
осы ұғымдардың әр топ өз сұрағына қатыстыларын көшіріп, ой
қорытындысын шығаруға тиіс.
І-топ: Еңбек ақы төлеу тәртібі, мерзімі,орны, еңбекті ұйымдастырудағы
әкімшіліктің міндеттері,тәртібі,жаза қолдану.
ІІ-топ: Зейнетақымен қамтамасыз ету,ортақ жүйесі,жеке жүйесі
ІІІ-топ: Кәмелетке толмағандардың еңбегі, ережелері, даулары, шешу, қорғау.

І-топ:Еңбек ақы төлеу тәртібі, мерзімі,орны, еңбекті ұйымдастырудағы
әкімшіліктің міндеттері, тәртібі,жаза қолдану.
Қажетті сөздер:Қазақстан Республикасына, «еңбегі үшін кемсітусіз сыйақы
алуына»,әйел,еңбекақы төлерде,қосымша жұмыс үшін,мерсізімнен тыс
жұмыс,егер жұмыс беруші еңбекақы төлеуді кешеуілдетсе,заңнамамен
еңбекақыны төлеу орны да белгіленеді. Ол, әдетте, жұмыс істейтін жерде
жүргізілуге тиіс. Қызметкерге еңбектің қалыпты жағдайларын жасау қажет.
Егер қандай да бір қауіп төнетін болса, оны қорғану жабдықтарымен
қамтамасыз ету қажет. Жұмыс беруші, «Еңбек туралы» заңның.мүлкіне зиян
келтірсе.ІІ-топ:Зейнетақымен қамтамасыз ету,ортақ жүйесі,жеке жүйесі.
Қажетті сөздер: ҚР 1997 ж, зейнетақымен қамтамасыз ету,2005 ж,жалпы
тәртіп бойынша,5 және,зейнет ақымен қамтамасыз,1998 ж, жалақының 10%-
ын,жинақтаушы зейнетақы қоры,. Зейнетақы қорының міндеті, ақшаны
сақтап, оны тиімді пайдалану (табыс табу). Зейнетақы қорлары алатын
пайданың бір бөлігі де болашақ жеке зейнетақы шоттарына аударылады. ІІІ-
топ:Кәмелетке толмағандардың еңбегі, ережелері, даулары, шешу,
қорғау.Қажетті сөздер: жалпы тәртіп,жеке еңбек шартын,15 жасқа,18
жасқа,14 жастан 16 жасқа,. Кейбір реттерде сондағы немесе өзге
жұмысшылар, қызметшілер еңбек міндеттерін орындаған кезде, олар мен
жұмыс берушілер араларында келіспеушіліктер туындайды.,жұмыскерлер
мен,мұндай құқықтар,.Еңбек дауының қатысушылары дауды ерікті шешуді
қаламайтын жағдайлар да болуы мүмкін. Онда даудың бір тарапы еңбек
дауын шешу үшін сотқа баруы тиіс.Еңбекті қауіпсіздігіне бақылауды және…
Қорытынды:Ойынның нәтижесінде оқушылардың ой қорытындыларын
тыңдау, осылайша қай топ өз тапсырмаларын тез және мазмұнды орындап,
оны баяндап шықса, сол топтың оқушылары жақсы бағаланады.Бағалау: уй
тапсырмасын және топттық белсенділік танытқандарды
бағалау,жариялау,қысқа да нұсқа тоқталу.
Үйге тапсырма: параграф 17 оқу, тақырыптың соңындағы тапсырмаларды
орындау.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *