Ас – адамның арқауы
Казахстан, Северо-Казахстанская область, район им. Г.Мусрепова
Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен шақ, ауыспалы есімшенің жасалуын практикалық жолмен бекіту; менің сүікті асым туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту;
Дамытушылы: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау, түсініп оқу, есте сақтау, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сабақтың түрі-дәстүрлісабақ
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, оқу, аудару, іздендіру, әңгімелеу, ойын, жұмбақ, мақал айту, миға шабуыл.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, , кластер, суреттер;
Сабақтың типі— Білім мен іскерлікті қалыптастыру.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. тренинг
-Балалар, біздің әр күніміз, әр сабағымыз-қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу-тілек, береке. Бір-бірімізге бақыт, қуаныш тілеп біз де шашу шашайық.
Тақырыпқа шолу:
Эпиграф «Ас-адамның арқауы» (интерактивті тақтада проекцияланады)
- Сөйлемді оқыңдар
- Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?
- Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Білуіміз керек: Ас – адамның арқауы тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру, сұхбаттасу; қазақша сауатты жазу, сұрақтарды дұрыс қою;
Меңгеруіміз керек: мазмұндау, өз ойларын жеткізе білу, қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлем мүшелерін ажырата білу.
-Сабақтың лексикалық (грамматикалық) тақырыбы қандай?
-Есімше дегеніміз не?
— Есімшенің қандай түрлерін білесің?
-Өткен шақ есімше қалай жасалады?
— Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?
— Мектеп асханасында даяшы бар ма?
— Сенің сүйікті тағамың қандай?
-Қою тағамдарды ата?
-Сусындарды ата?
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жақша ішіндегі сөздерді аудару, Ас мәзіріне не бар ? толықтыру.
3 Ой қозғау. Слайд 1 таңғы ас туралы әңгіме құру.
ә/ Тақтамен жұмыс Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру, орысша баламасын табу
- Нан болса, ән де болады. Будет хлеб будет и песня..
- Ас – адамның арқауы. Еда человеку силу даёт.
- Сыйлап берген су да тәттi. Поданная с уважением и вода сладкая.
- Тату үйдiң тамағы тәттi. В дружном доме вся еда вкусная.
- Сөздікпен жұмыс
Бекер айтпаған-не зря говорится
ерекше мән берген-особоевни мание уделял
ежелгі дәстүр бойынша-по древней традиции
кеңпейілді-великодушный
жомарт-щедрый
қонақжай-гостеприимный
таңғалдырады-удивляет
- Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп оқу
Қолдану:
«Мозаика» әдісі. Қонақ шақыру
1-топ: қонаққа шақыруды ұйымдастыру.
2-топ: Дастарқан мәзірін дайындау.
талдау – жинақтау. Талантты және дарынды баламен жұмыс:
1-бала.сұрақ дайындау.
2-бала. Эссе жазу.
ü Сұрақтарға жауап беру:
— Ас, тамақ туралы қанаты сөздерді білесіңдер?
— Ас ішер алдыңда не істеу керек?
— Тамақты қалай отырып ішу керек?
— Тамақ жеп болған соң не істеу керек?
ü Ең мықты аспаз байқауын өткіземіз. Өздерін жақсы көретін тағамның рецептін жазыңдар. Рецептіні былай бастаңдар.
Мысалы , мен жиі бауырсақ пісіремін. Оны дайындау үшін
Сергіту сәті «Қызыл өрік».презентатция
1топ: Ас туралы тйым сөздерді жазып айту. Оларды өмірде қолданасыңдар ма?
2- топ: Қазақ дастарқанының сәні мен дәмі қандай тағам екнің айтып беру.
3) тапсырма: Көп нүктенің орнына сөздерді жазып, сөйлемдегі бастауышпен баяндауышты тап:
Ал, балалар, біз бүгін сабақта жаңа сөздермен таныстық, өткен сабақты қортындыладық,
Рефлексия.
1.Таңғы асқа көбіне не жейсің?
- Сүйікті асың не?
- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
- Қандай тағамды жеп көрмедіңдер?
- Қандай тағамды жеп көргін келеді
Қорытынды.
- Біз бүгін не туралы айттық?
- Осы тағамдарды кім және қандай жағдайларда әзірлейді?
- Осы тағамдарды неліктен ұлттық тағамдар деп айтамыз?
- Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едің?
- Егер сенің мейрамханан болса, сен не істер едің?
- балалардың түсіну дәрежесін анықтау парағы:
№ | Мен нені білемін? | өте жақсы | жақсы | орташа | нашар |
1 | Мен ұлттық тағамдар туралы айта аламын | ||||
2 | Ұлттық тағамдардың түрлерін білемін | ||||
3 | Мен өзімнің сүйікті тағамым туралы айта аламын | ||||
4 | Мен сөйлем мүшелерін білемін | ||||
5 | Мен сөйлемге синтаксистік талдау жасай аламын |
Рефлексия:
Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына ілу.
Үйге тапсырма:
1. Менің сүйікті асым туралы шағын шығарма жазып келу.
Бағалау
Қоштасу:- Сау болыңдар!
Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/CazO19Le3Eow2v