Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы

Казахстан, Акмолинская область, Жаркаинский район

Средняя школа им. 50 лет Октября

Учитель начальных классов

Жусупбекова Айгуль Жамантаевна

Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Елордасы — Астана қаласы туралы мәлімет беру; Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілігі: Астана қаласының фотолары.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Өткен материалды қайталау.

1. Оқушылар Отан туралы жинап әкелген мақал-мәтелдерін оқиды. Оның мағынасын түсіндіреді.

2. Сұрақтарға жауап беру.

Отанымыздың елордасы қалай аталады?

Астана — қай республиканың бас қаласы?

Жаңа материалмен жұмыс.

1. Әңгіме (жалпы Астана қаласы туралы).

Еліміздің астанасы Алматы қаласы болған. 1998 жылдан Астана қаласы бас қала болып саналады. Міне, содан бері Астана қаласы көркейіп, гүлденіп келеді.

Есіл өзенінің сол жақ жағалауында бой көтеріп келе жатқан ғимараттар өте көп. Бірақ солардың ішіндегі ең сәулеттісі — «Астана — Бәйтерек» ескерткіш-ғимараты. Биіктігі — 97 м. «Бәйтерек» келген қонақтар үшін тамашалайтын ғимарат қана емес, қаланың үлкен-кішісіне айналаны көз алдына келтіретін әсем ғимарат, әрі демалыс орны болып саналады.

Екі лифт 86 метр биіктікте орналасқан панорамалық залға лезде алып шығады. Нақ осы жерде Астананың алақандағыдай анық көрінеді.

2. Оқулықпен жұмыс (мәтін бөліктер бойынша оқылады).

а) Астана қаласындағы архитектуралық ескерткіштер туралы оқиды.

ә) Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.

Парламент үйінде не істейді?

— Үкімет үйінде кімдер отырады? Онда кандай жұмыстар атқарылады?

«Бес жолды өлең» құрастыру.

1. Зат есім (1). Жапырақ.

2. Етістік (2). Тыныс алады, қоректенеді.

3. Сын есім (3). Жасыл, сары, қызыл.

4. Сөйлем (4 сөзден). Жапырақ айналадағы ауаны тазартады.

5. Мәндес сөз (1). Денсаулық.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

Астана қаласы туралы бейнефильм көрсетіледі.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру:

Астана қаласы туралы эссе немесе шығарма жазып келу.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *