Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қастек Баянбаев — балалар әдебиетінің ақыны

Казахстан, Костанайсккая область, Аулиекольский район, п. Кушумурн

ГУ «Кушмурунская средняя школа №121»

Учитель казахского языка и литературы

Жантлесова Мадина Хамзаевна

Сабақтың мақсаты: Қастек Баянбаев — балалар әдебиетінің ақыны   туралы айта отырып, мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету

Сабақтың міндеттері:

  1. Өткен тақырыптар  бойынша  білімдерін бекіту, қазақша жатық сөйлеуге машықтандыру.
  2. етістіктің мақсатты келер шағы туралы түсініктерін толықтыру, жаттығуларды орындауда пайдалана білуге үйрету.
  3. Дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей қабілеттерін дамыту
  4. Жұмбақтарды шеше отыра, тапқырлылыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі :аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі:
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 

1.Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

  1. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру.
1.Сұрақ-жауап

-Қадыр Ғиянатұлы Мырза Әли қашан, қайда дүниеге келген?

-Қадыр   Ғиянатұлы Мырза Әли  1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты  ауылында дүниеге келген .

-«Сабақ» жинағы қашан жарық көрді?

— «Сабақ» жинағы  1984 жылы жарық көрді.

  1. «Сабақ» жинағы топтастыру
«Сабақ» жинағы

 

  1. «Төрт шаршы» ойын

«Сабақ» жинағының әр сабағына сипаттама беріңдер

 

Бірінші

сабақ

табиғаттану

туралы

 

 

Екінші

сабақ

хайуанаттар жайында

 

 

 

Үшінші  сабақ –

тіл сабағы

 

 

Төртінші  сабақ – еңбек

 

 

Жаңа сабақ.
Сөздікпен жұмыс

өзіндік қолтаңба собственная  подпись
әдеби қызметкер литературный сотрудник
бөлім меңгерушісі заведующий отделом
меншікті тілші собственный корреспондент
орынбасар заместитель
таңдамалы избранный
 ықылас внимание
жазушылар одағы союз писателей

Оқылым

167 бет  1 тапсырма «Қастек Баянбаев — балалар әдебиетінің ақыны » мәтінді оқу

«Жасырынбақ» ойыны.

Оқушы кез келген жерден бастап оқиды. Оқушылар ол қай жерде оқып жатқанын 5-ке санағанша табу керек.

Айтылым

 169 бет 5 тапсырма

Диалогті толықтырып, өзара әңгімелеңдер

Жазылым

169  бет 4 тапсырма

Сөйлемдердегі тұйық етістіктерді теріп жазып, мақсатты келер шаққа айналдырыңдар

тіл сындыру – тіл сындырмақсың

сөйлеуге – сөйлемекпін

тәрбиелеу – тәрбиелемексіз

жаңылдыру – жаңылдырмақ

тұсау – тұсамақсыз

күрмеу – күрмемексің

салу – салмақпын

түсіру — түсірмексің

169 бет 6 тапсырма

Төменде берілген жұрнақ арқылы етістіктің мақсатты келер шағын жасап, сөйлем құраңдар

Ол ерте кетпек. Мен ауылға бармақпын. Жаңа ойынды үйренбекпін. Сіз терезені ашпақсыз ба?

Сен үйге кірмексің. Оқушы дәптерге жазбақ.

Бекіту:

  1. «Дұрыс — бұрыс» ойыны

Сөйлемдердің дұрыс бұрыстығын анықтаңыз

сөйлем дұрыс бұрыс
Қастек Баянбаев Қарағанды облысында дүниеге келген. +
Ол әже мен шеше тәрбиесінде өседі. +
1960 жылы Алакөл аудандық газетінің редакциясында әдеби қызметкер болды. +
Ақынның лирикаларының бір томдығы «Жалын» деген атпен жарық көрді.
Бірқатар өлеңдері жоғарғы сынып оқулықтарына енді.
Қастек Баянбаев – Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. +
  1. «Кім тапқыр?» ойыны

168 бет  3-тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер.
1. Оны кір жейді, кірді бұл жейді. (Сабын)
2. Ұшында бір тамшы, уы бар сұр тамшы. (Жылан)
3. Бөлменің көзі, көрмейді өзі. (Терезе)
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)

Үйге тапсырма: 

«Менің сүйікті өлеңім» эссе жазу

Қорытынды. Бағалау

Қызыл түс — 3 қате кеткендер

Сары түс- -1-2 қате кеткендер

Жасыл түс — барлығын дұрыс орындағандар 

Рефлексия:

            Мен түсіндім.                              Мен түсінгендеймін.                        Мен түсінбедім.

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/sNB0vB_v3Jx5rt

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *