Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Аяз би

Казахстан, Акмолинская область, Жаркаинский район, г. Державинск

Средняя школа им. А.Укубаева с пришкольным нтернатом

Учитель казахского языка и литературы

Абикеева Анар Жумагазиевна

Сілтеме

Әдебиет

Авторлары: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты

1. Ертегі кейіпкерлерінің бойындағы түрлі қасиеттерді нақтылап көрсету;

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойларын нақты, дәл жеткізе білу, ойын дәлелдей білу дағдыларын дамыту.

3. Шығармадағы кейіпкерлердің жақсы және жағымсыз мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адал болуға тәрбиелеу;

Міндеттер

1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;

2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету;

4. Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамасыз ету;

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылар өзіндік талдау жасай отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың топ басшыларына бағалату мүмкіндіктерін жасау;

4. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдау және басқалардың көзқарасын сыйлау.

Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері

Білімді жүйелеу.

Сұрақ –жауап, ішінара ізденіс, жинақтау, топтау, талдау,

«Теріп алу», «Дискуссиялық карта», «Бес жолды өлең», «РАФТ» стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, бағалау парағы

Күтілетін нәтиже

1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;

2. Ертегі кейіпкерлерінің бейнесін ашады;

3. Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

4. Өз ойын нақты жоспарлайды;

5. Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз қасиеттері бойынша бөле біледі;

6.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере біледі;

7. Рөлде ойнайды;

8. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

Ұйымдастыру

кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Өздерінің таңдауы бойынша «Аяз би», «Хан», «Уәзір» деп 3 топқа оқушылар топтасады.

3.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында берілген сөздердің 2 әрпінен тұтас бір сөз шығару.

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі

 Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту

Фразалы сөзді аяқтау:

• “Мен саған сенімдімін, сен… (топ мүшелері қолдарынан ұстап, бір біріне не үшін сенетінін айту).

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

№ 2-сабақ. «Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Жаңа сабақ

1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Оқушылардан үйде берілген тапсырманың орындалу барысын сұрайды.

1.Оқушылар жазып келген шағын шығармаларын оқиды.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 32 мин

1.Өтілген тақырып аясында кейіпкерлер бейнесін ашу мақсатында 3 топқа тапсырма беремін. «Теріп алу» стратегиясы арқылы кейіпкерлердің қасиеттерін теріп жазғызу.

І топ- Аяз би

ІІ топ-хан

ІІІ топ-40 уәзір

2. «Дискуссиялық картаға» ертегі кейіпкерлеріне байланысты бұрыс пікір жазылады. Соны оқушыларға дұрыстығын дәлелдету.

І топ- Аяз би -ақылсыз

ІІ топ-хан- Жаманды сағынбайды

ІІІ топ-40 уәзір-ақылды.

3. Оқушылардың тиісті тапсырмаларды орындаудағы қателерін келесі топ оқушыларына тапқызу;

5. «Кімнің сөзі, кейіпкерге мінездеме бер» тапсырмасы бойынша әр топқа белгілі бір кейіпкер сөзін беріп, авторын тапқызу, оған мінездеме бергізу.

6. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысына бағалату;

7. Берілген бағалау парағына топ басшысының бағалауы бойынша бағаларын қоюын қадағалайды.

1. Оқушылар өз топтарында кейіпкерлер «Теріп алу» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. Яғни белгілі бір кейіпкерге тән қасиеттерді жазады.

2. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

3. «Дискуссиялық картаға» жазылған бұрыс пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

4. Оқушылар өз пікірлерін нақты дәлелдер арқылы дәлелдейді.

5. Оқушылардың тиісті тапсырмаларды орындаудағы қателерін келесі топ оқушылары табады;

6. Әр топ берілген сөздің авторын анықтап, авторға мінездеме береді.

7. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысы бағалайды;

6. Берілген бағалау парағына топ басшылары өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қояды, айтады.

Бекіту 6 мин

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

« 5 жолды өлең» стратегиясы бойынша өлең құрату. (Аяз би, хан, 40 уәзір)

Мақсаты:оқушылар берілген кейіпкерлердің бейнесін ашып, іс-әрекетін талдайды, қорытынды жасайды.

Оқушыларға жауабын бағалату;

Өлең жазады, оқиды

Топ басшылары бағалайды.

Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин

4 .Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ертегідегі қандай

кейіпкер ұнады?

(сол топқа өзінің смайлигін беру

және қандай қасиеті ұнағанын айту)

Ойларын жазады.

Бағалау 2 мин

5. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Берілген бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорыту

Бағалау парағындағы ұпайлар есептеледі.

Үйге тапсырма 1 мин

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар тақтадан жазылады.

1. «РАФТ» стратегиясы

Роль-оқырман,

Аудитория-Аяз би, хан, 40 уәзір

Форма-хат

Тақырыбы-«Менің саған айтарым…»

2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісін оқу.

Күнделікке жазады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *