Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Діннің қоғамдағы рөлі

Казахстан, г. Атырау, пос. Геолог

Средняя школа им. К.И.Сатпаева

Учитель истории

Жаксымбетова Зарина

Мақсаты: Тақырыпты   талдау арқылы өмірдегі құндылықтардың ,қасиетті ұғымдардың парқын ажырата білуге мүмкіндік туғызу;
Оқыту нәтижесі: -тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуі;
-сөйлеу мәдениеті дамып, ойлау қабілеттерінің артуы;
-діннің қоғамдағы ролі жайлы көзқарас қалыптасады;
Негізгі идеялар -оқушы діннің қоғамдағы ролін,дін және заманауи өмір, толеранттық, ождан бостандығы туралы түсінеді;
Дереккөздер: Интерактивті тақта, жұлдызшалар,  бағалау қағаздары, қима қағаздар, стикерлер,  тапсырмалар.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, пікірталас
Уақыты Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушылардың іс – әрекеті
          Ұйымдастыру кезеңі.

2 минут

 

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.

1-топ.Руханият.
2-топ.Әділет.
3-топ.Ізгілік.

Оқушылар жаңа сабақ бастамас бұрын өткен сабаққа шолу жасаймыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа бірігеді. Сабаққа психологиялық дайындық жасайды.
Үй тапсырмасы

3 минут

«Адамды білім сақтайды» тақырыбында әңгіме алаңын қалыптастыру. Оқушыларды әңгімеге тартуға арналған сұрақтар:
1. Адамға білім не үшін қажет?
2. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
3. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
4. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыңдар?
5. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?
Сұрақтарға жауап алынады
Қызығушылық

ты ояту

3 минут

Бейнеролик  көрсету. Бейнероликтен көргендерін сұрап, тақырыптың не жайында екенін болжату.

 

Бейнероликке  назар аударады.

Күннің жадысын жазып, жаңа сабақтың тақырыбын жазу.

Мағынаны тану

20 минут

 

1-тапсырма. Топтастыру стратегиясы. Бұл тапсырма бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, өздеріне берілген тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы топтастырады және ауызша түсіндіреді.
1-топ. «Қазақстан қоғамындағы дінге көзқарас» тақырыбын түсіндіру.
2-топ. «Толеранттық – ниеттер үндестігі» тақырыбын түсіндіру.
3-топ. «Ислам дінінің шығуы және таралуы» тақырыбын түсіндіру.

 

 

Оқушылар жаңа тақырыпты  оқып шығып,  жұбымен   пікір алмасып, топта талқылайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды                                

Ой толғаныс

10 минут

«Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.
1-топ:  ҰБТ -дан жоғары ұпай жинап, қаладағы жоғарғы оқу орнының біріне қабылдандың. Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе? Шешіміңді дәлелде?
2-топ:  Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай?

3-топ: Қанатты сөздер қиындыларынан сөйлем құрастырып ,мағынасын түсіндіреді.

1.Бақыт жолы біліммен табылады

2.Дінде жүріп дос ізде,дұшпан өзі –ақ табылар

3.Мәдениеті жоғары елдің рухы биік

4.Дүниенің көзі –заттай нәрсе емес, рухани дүние

Әр топ өздеріне берілген жағдаяттарды талдап, бір оқушы шығып қорғайды
Рефлексия       

5 минут

Стикерлерге өз пікірлерін жазуға беремін.  Әр оқушы бүгінгі сабақ туралы алған әсерлерін, ұсыныстарын жазады
Бағалау

2 минут

Топбасшылары критерий бойынша бағалайды.

Оқушының аты-жөні

 

Үй тапсырмасына

дайындығы

Жаңа тақырыппен жұмыс жасауы топтық жұмысқа араласуы

 

       
Топбасшылары критерий бойынша топ мүшелерін  бағалайды.

 

Үйге тапсырма      

1    минут

 «Дін және қоғам» тақырыбына  эссе жазу.

 

 

Поделиться ссылкой:


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *