Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Кк дыбысы мен әрпі

Қазақстан,Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,Жарқамыс ауылы

Жарқамыс орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Орынбаева Маржан Жайлаубаевна

Біліміділік : К дыбысының әріптік таңбалануын,жазылуын таныстыру,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету ,сөздердегі к дыбысын даралау ,дыбыстық артикуляциялық ерекшелігін түсіндіру,сөзге дыбыстық,буындық талдау жасауға ,дұрыс буынға бөлуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың мәтінді түсініп оқып,түсінігін айтып беруін қалыптастыру.

Тәрбиелік:еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа,сауатты ,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер ,үлестірмелі қағаздар,презентация.

Түрі :жаңа сабақты игерту

Сабақ әдісі : сұрақ –жауап

Пән аралық байланыс :Математика

Сабақ барысы : Ұйымдастыру бөлімі.

1Оқушылармен амандасу.

2.Оқу құралдарын түгендеу

3.Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеруӨткен тақырыпқа шолу.

Қ дыбысы мен әрпі

Қасық деген сөзде неше әріп бар 5 әріп,5 дыбыс .дауысты дыбыс қанша 2 дауысты дыбыс ,3 дауысты дыбыс бар.

Берілген әріптер бойынша сөз құрау

 

 

Жаңа сабақ Жұмбақ шешу

Міне балалар барлық сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? К дыбысынан басталады.Ендеше бүгін біз К дыбысымен әрпімен танысамыз.

Кәне айтып көрейік! КККККККккккк

Қандай дыбыс дауыссыз

Иә балалар қатаң дауыссыз дыбыс.

Неге дауыссыз дыбыс .?

Иә тілдің ортасы ,таңдайдың орта шеніне нық жабысып,бірден кілт ажырап кетуінен жасалатын дауыссыз дыбыс.Кеме,керік көбелек суреттері арқылы өздеріне таныс емес к дыбысымен таныстыру .К әрпінің берілуі,баспа жазба түрлерімен таныстыру.дауыссыз дыбы с екенін аңғарту.К дыбысын хормен айтқызу.

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектеп оқыту.

Хормен оқыту

Жеке оқыту

 

Дәптермен жұмыс

.

Жазу дәптеріндегі к әрпін жазып үйренеміз.

Сабақты қорыту,бекіту

Қай дыбыспен таныстық Қандай дыбыс Дыбыс деген не? Дыбысты айтамыз,естиміз.

Әріп деген не? Әріпті жазамыз.,көреміз

Үйге тапсырма

К дыбысынан келетін сөздерге сөйлем құрау.

Мадақтау әдісі бойынша жұлдызшалармен  бағалау 7

 

 

Жарқамыс орта мектебі

 

 

 

 

Өткізген : Орынбаева Маржан Жайлаубаевна

 

2014-2015 оқу жылы

 

 

Құрметті ауыл тұрғындары ,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Бүгін ,6 ақпан күні Жарқамыс орта мектебінде Сара  Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай «Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық  педагогикасы» 10 күндігінің «Жүрек жылуы» атты кезекті мерекелік  шарасына қош келдіңіздер.

Мақсаты : тәрбие мен білім беру жүйесінде отбасы-оқушы-мектеп бірлігін дамыту;

Балалар мен жастарды адами құндылықтар әлеміне тартып, азаматтық мәдениетін қалыптастыру ;

Мейірімнің  нұрын  сеуіп бар балаға ,

Қамқорлық  нәрін бердің жан дауаға .

« Бөбек » қорын бала үшін ашып берген

Мыңда бір алғыс айтам , Сара анаға .

 

Ел  баласын  мәпелеп  саялаған ,

Әр баланы жан – тәнімен аялаған .

Біледі үлкен – кіші бар еңбегін ,

Бала үшін күш – жігерін аямаған .

 

Жайсаң жанды , кең пейіл , асыл ана ,

Нәзік тұлғаң шуақ шашқан бар балаға .

Елбасына тірек болып қолдап жүрген ,

Аман – саулық тілейміз , Сара анаға .

 

Ел  қолдаған сіз бастаған барлық істі

Өзімізді тануға біз кірістік

Дүниені танып – біліп алмай тұрып

Өзіңді танып білу басы істің

 

Өз күшіне сендіріп әр тұлғаны

Ойлағаны  болашақ елдің қамы

Әр  азамат  өз – өзіне сене білсе

Түсінер  сонда ғана өзге жанды .

Баланың бас ұстазы –ата-анасы дейді халық даналығы .Бала-отбасы айнасы .Бір тамшы судан күн сәулесі жалтырай көрінсе,бала бойынан ата-анасы берген адамгершілік тәлімі көрінеді.Бала жайын ғажайып пен жақсылыққа  толтырсақ ,бала  тәрбиелі болып шығады . «Біз» болып «сіз» болып ұрпақ жүрегіне адами құндылықтар ұрығын себе білейік

Тәуелсіз елдің иесі –өскелең ұрпақ екенін естен шығармайық дегім келеді.Біздің бүгінгі шарамыз жақсылық жасауымыздың бір үлгісі болмақ.

Әуелеп әнім жырлайды,

Қуаныш кейде ,бір қайғы .

Сылдырап аққан ақбұлақ

Біздермен бірге шырқайды.

Ортаға Қазақ биімен  Назерке  мен Камиланы шақырамыз

Өмір деген –сенің жүрген іздерің ,

Қоңыр салқын  ,жайма шуақ күндерің .

Егер оның білгің келсе қадірін ,

Шаттығыңнан , жастығыңнан іздегін .-дей келе ортаға ауыл азаматы Төлеубаев Теміржанды  «Өсиет» термесімен шақырамыз.

Әке -деген биік шыңы адамның

Әке -деген тірегі ғой ғаламның

Әке –деген бойыңа аққан қаныңда

Шыққан тегің,ол негізің,жаныңда

 

 

Ана –мейірі күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар,

Өміріме шуақ шашып,әрқашан

Көп жасаңдар ақ ниетті аналар !

«Анашым –әкешім» әнімен ортаға 7 класс оқушысы Камилиа мен анасы Айманды шақырамыз.

Елнұр мен тоты 6 кл  Алтын ұя мектебім

Біздің тілеуімізді тілеп ,еркелігімізді көтерген,біз ауырсақ-жаны ауырған, көрмей қалса сағынған ,көңілі кең,жүрегі мейірімді ,кеудесі қазына,сөзі қасиетті ,нұрлы жүзіне жарасқан ақ жаулығы,немересін барлығынан артық жақсы көрген, ыстық ықыласты -асыл әжелерімізге арнап ,

ортаға 5 класс оқушысы Арайлым мен Асылханды «Асыл әжем» әнімен шақырамыз.

Ардақты ана,аяулы ана –қымбаттым,

Түн ұйқыңды бөліп талай үн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –аясындай гүл бақтың .

Келесі кезекте орындайтындар 8 класс оқушысы Араймен анасы Мираны ортаға  Мама әнімен қарсы алыңыздар.

Бес қарумен домбыра елге мақтан

Кілеміне іледі төрге қаққан

Небір алып,құшса да жерді бірақ

Күй шанақты көрмедім жерде жатқан

 

Өтті халқым қаншама соқпақтардан

Өнерге іңкәрлігін тоқтатпаған

Нұқ пайғамбар сияқты бабаларым

Домбырасы ұрпағын сақтап қалған

Жерлес сазгер Жібек Ілиясованың  «Тың толғауы күйімен »   11 кл  оқушыларын шақырамыз.

Ана-өмір тірегі ,отбасының берекесі де,мерекесі де –ана.Адам бойындағы жақсы жаман қасиеттердің бәрі де анадан.

Менде бір перзентімін кең даланың ,

Қазақтың қара сөзі қанбағаным

Анамның аппақ сүтін ішкендіктен ,

Адамдық адал жолдар таңдағаным .

 «Анашым» әнімен ортаға 4 класс оқушысы Дарханды анасы Набатпен  шақырамыз.

Қандай әсем би деген ,

Мың бұралып билеген

Қазағымның қыздарын

Шақырамыз әсем бименен

Ортаға 4класс оқушысы Анел ,     7 класс  оқушысы Ақнұрды ,жеңгесі Венерамен шақырамыз.

Тіршіліктің қайнар көзі ,махаббаттың шуақ күні ,мейірімнің кәусар бұлағы –Ана .Ендеше ортаға

«Анашым» әнімен 6 класс оқушысы Гүлімхан мен анасы Айгүлжанды шақырамыз.

Ақ көйлегім үстінде,

Ән шырқайық  Айгөлек

Қой демейді ешкімде

Шаршамаймын дөңгелеп.

Ән «Айгөлек» орындайтын 2 класс оқушысы Мейірлан мен анасы Ақсамал

 

 

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Ән шашуын біздерге алып келген ,

Өнерлі өрендерді қарсы алайық.

 

Ән .«Туған жер» орындайтын 4 класс оқушысы  Шаткерім мен  әкесі Теміржанды шақырамыз.

 

Нұрланып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңінен

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі

Өтеді әр адамның жүрегінен

Адамзат — нәзіктігін қызыл гүлге теңеген ,қыз баланы құрметтей білейік деген ниетпен

ортаға 7 класс оқушысы Назерке мен ағасы Абылайханды шақырамыз.

 

Сүйемін,құрметтеймін достың атын,

Дос бар да талмайтындай қос қанатым.

Қосылып жүректегі сырларымыз

Арманның асқарына жол табатын.

Бейімдеп мінезімді ,мінезіңе

Ұқсағым келіп тұрар бір өзіңе

Ай нұрлы ,шуақ жүзді асыл досым

Өзіңді балап жүрем күн көзіне .

Ән «Достарым» орындайтын 7 класс оқушысы Гүлнұр мен Асылхан

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-береке –атаң қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың –әкең қымбат

Туып өскен елің қымбат .

Ән . «Атамекен » орындайтын 6 класс оқушысы Анар мен атасы

 

Кейінгі ұрпақ жастарым

Артқыға қалдыр өнеге

Қадірле ,сыйла халқыңды

Еңбегін елдің бағала.

 

Бос өткізбей әр күнді

Үлгі бол теңдес құрбыға

Сен үлкеннің тілін ал

Үлкен сөзі-жол азық.

 

Алды-артыңды біліп ал

Сабыр сақтап әр кезде

Жақсылыққа қамал бол

Жамандыққа жуыма

Дақ түсірме ,адал бал

Отаныңның туына .

Шәкәрім Құдайберді атамыз

–Дүние қу –бір ағын су,түстік онда көп болып

Күнде ағамыз ,сандаламыз ,бейнетіміз көп болып

Кейде тасқа ,кейде ағашқа соқтығамыз деп күліп ,-дейді .

Өмірде өз орнымызды табу үшін өзімізді,өзгелерді танып біліп , адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарыта білейік .Жан-жағымызға  жүрек жылуын шашайық.

Мерекелік шарамыз осымен аяқталды.

Скачать материал — https://yadi.sk/i/BlQAb7Q6kv2gx

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *