Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Чернобыль апаты

Аленов Бауржан Каиржанович
Преподаватель – организатор НВП
КГУ «Бирлестыкская средняя школа»
с. Бирлестык, Айыртауский район, СКО

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында,
1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның
нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга
облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне
қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге
көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок
залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан
азаматтары да тартылды.

Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы
шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның
зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

«Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27
1997

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты
деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар
100 мың адам құрбан болды
Апат себебі[
АЭС пайдалану ережелерінің өрескел бұзылуы оның персоналымен
жасалған, осы тұрғыдан алғанда:
 реактор күйінің өзгеруіне қарамастан «кез келген жолмен» тәжірибе
жүргізу;
 жұмыс істейтін технологиялық қорғанысты өшіру, олар қауіпті режимге
түскенше реакторды тоқтатар еді;
 Чернобыль АЭС басқармасының алғашқы күндеріндегі апат ауқымын
елемеу.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде қарусыз әлем идеясы жиі көтеріледі. Жер
планетасын мекендеген елдердің басшылары бұл тарапта бірлікке келіп,
бейбіт өмір үшін соғыс пен қирауды жойып, ынтымақтастықты үндейді.
Елбасы Н. Назарбаевтың күллі жаһан жұртына Семейдегі ажал оты –
полигонды біржолата тұншықтырып, жапқаны тарихи маңызды оқиға.   33
жыл бұрын, яғни 1986 жылдың сәуір айының 26-ы күні Украинадағы
Чернобыль атом электр станциясы жарылған болатын.  Чернобыль апатының
салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга
облыстарының аумағы радиоактивтік ластану кеңірек жайылып, халық
өміріне зор қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық
басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа
ұшыраған аумақ залалсыздандырылды. Төтеннен келген апаттың зардабын
жоюға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан
асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем
дегенде 5 миллион халық зардап шеккен. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа
баратыны әлі белгісіз қалып отыр.    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия
нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды. Бұл
жайлы Совет халқы екі күннен кейін ғана хабардар етілді. Еуропа аспанында
радиоактивті шаң-тозаң қалқып жүрді. Апат кіндігіндегі Припять қаласында
жұрт ештеңені сезбей күнделікті тіршіліктерін жасап жатты. Совет
басшылары алғашында ескі сарынға салып, апат жайында ешкімнің аузын
ашқызбады, мәселені үнсіз жауып тастамақ болды. Алайда бұдан бір жыл
бұрын Совет Одағының жаңа басшысы М.С. Горбачев жариялылық саясатын
бастаған болатын. Сөйтіп, теледидар арқылы Чернобыль апаты туралы

құрғақ мәлімет беріле бастады.    Чернобыль зардабын жою ісіне атсалысқан
Қазақстан азаматы, ШҚО тұрғыны Қайрат Байбосынов сол кезеңнің оқиғасы
жайлы әңгімелеп берген болатын. Алғашында Беларусь Республикасының
Хойник ауданында, кейін Чернобыль АЭС-тан төтенше хабарлама түсіп,
сонда жөнелтілгенін баяндады.  «Радиация аймағындағы алғашқы күндер
ауыр болды. ЧАЭС маңындағы саз балшықтар жұмысымызға кедергі
келтірді, ақыры сол шұңқырларға құм тасып төктік. Түскі асқа 1 сағат уақыт
бөлінген, далада әскери ыдыспен тамақтандық. Дәл сол күні радиация
деңгейі 2,5 рентгенді (Р) көрсетті. «Накопительдің» ең жоғарғы мөлшері де
2,5 Р. Негізінде бізге жүктелген міндет: күнделікті 0,5 мР (миллирентген)
алып отыру. Тексергенде маған берілген көлік жүргізуге жарамайтын болып
шықты. Бұл көлікпен 15 күн жүріппін. Мұның денсаулыққа өте зиян, зардабы
күшті екенін кеш ұқтым. Кейін полктан бөлінген ЗИЛ 130 самосвал
машинасына міндік, бұл алдыңғыға қарағанда тәуір болып шықты», – деді.   
Сонымен қатар радиация жайылған аймақта су ішуде тыйым салынғанын,
оның арнайы ыдыспен жеткізіліп тұрғанын айтты. «Залалсыздандыру
жұмысы барысында суды кез келген уақытта іше алмау – біраз қиындық
тудырды», – деді Чернобыль ардагері.



Скачать разработку полностью

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *